О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области № 158/5 от 6 мая 2014 года «Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области № 158/5 от 6 мая 2014 года «Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы «Профилактикасы мен диагностикасы бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» № 158/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 364/12
- Қабылданған күні
- 23.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2015 97979_43758.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004904
- ЭКБ идентификаторы
- 97979
- Редакция идентификаторы
- 97979_43758
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:42
0
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы «Профилактикасы мен диагностикасы бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» № 158/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы «Профилактикасы мен диагностикасы бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» № 158/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 болып тіркелді, 2014 жылғы 31 мамырда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
5 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 364/12 қаулысына қосымша
Профилактикасы мен диагностикасы
бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын
жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Малдардың бірнеше түрі бойынша ортақ аурулар (ірі қара мал, ұсақ қара мал, шошқа): қотыр.
Жылқы аурулары: сақау.