Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Зеленовского района № 16 от 12 марта 2014 года «Об образовании избирательных участков на территории Зеленовского района»

Өзге акт · № 7 · қабылданған 15.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-16-12-2014/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Зеленовского района № 16 от 12 марта 2014 года «Об образовании избирательных участков на территории Зеленовского района» Күшін жойған Өзге акт ·№ 7 ·15.02.2016
13.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Зеленовского района № 16 от 12 марта 2014 года «Об образовании избирательных участков на территории Зеленовского района»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Зеленовского района № 16 от 12 марта 2014 года «Об образовании избирательных участков на территории Зеленовского района»
Атауы (қаз.)
Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 16 «Зеленов ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7
Қабылданған күні
15.02.2016
Көрсетілген редакция
13.05.2019 99812_406245.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ZG004275
ЭКБ идентификаторы
99812
Редакция идентификаторы
99812_406245
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:31

0 Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 16 «Зеленов ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес және Зеленов аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 16 «Зеленов ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3501 тіркелген,

2014 жылғы 1 мамырда «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Зеленов ауданы аумағында сайлау учаскелерінің тізіміндегі:
№ 158 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 158 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қаражар ауылы, «Чернояров жалпы білім беретін негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Қаражар, Поливное ауылдары.»;
№ 163 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 163 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Егіндібұлақ ауылы, ауылдық клубтың ғимараты.
Шекарасы: Егіндібұлақ, Чесноков ауылдары.»;
№ 168 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 168 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Карпов ауылы, ауылдық кітапхананың ғимараты.
Шекарасы: Карпов, Таловое ауылдары.»;
№ 184 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 184 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Январцев ауылы, ауылдық кітапхананың ғимараты.
Шекарасы: Январцев, Петров ауылдары.»;
№ 212 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 212 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Павлов ауылы, «Павлов жалпы білім беретін бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Павлов, Кожевников ауылдары.»;
№ 215 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 215 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Погодаев ауылы, «Қасым Ахмиров атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Погодаев, Чапурин ауылдары.»;
№ 217 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 217 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Котельников ауылы, «Краснов №3 орта жалпы білім беретін бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Котельников, Астафьев ауылдары.».

2 2. Зеленов ауданының сайлау учаскелеріндегі өзгерістер туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.

3 3. Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Д.Залмұқанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Д.Залмұқановқа жүктелсін.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Зеленов аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
________ А.Досжанов
15 ақпан 2016 жыл.

Қолданыстағы