О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Каркаралинского района № 170 от 14 июня 2011 года "Об организации Молодежной практики для безработных граждан – выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования в Каркаралинском районе на 2011 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Каркаралинского района № 170 от 14 июня 2011 года "Об организации Молодежной практики для безработных граждан – выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования в Каркаралинском районе на 2011 год"
- Атауы (қаз.)
- "Қарқаралы ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер - жұмыссыз азаматтарға Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 170 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 231
- Қабылданған күні
- 26.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2015 59930_369329.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KM000102
- ЭКБ идентификаторы
- 59930
- Редакция идентификаторы
- 59930_369329
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:54
0 "Қарқаралы ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер - жұмыссыз азаматтарға Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы N 170 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы "Қарқаралы ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер-жұмыссыз азаматтарға Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" N 170 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне - N 8-13-99 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінің 2011 жылғы 9 шілдедегі N 53-54 (10969) сандарында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, кәсіби және техникалық орта білімнен кейінгі, жоғары оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын бітіруші, жиырма тоғыз жастан аспаған жұмыссыз жастар арасында Жастар тәжірибесін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін;";
1 тармақтың 3) тармақшасындағы "трансферт" деген сөзден кейін "және аудандық бюджет" деген сөздермен толықтырылсын;
2 тармақтағы "жалпы трансферт сомасынан" деген сөздер алынып тасталсын.