О протесте Генерального прокурора Республики Казахстан на нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан № 18 от 13 декабря 2001 года "О практике рассмотрения судами уголовных дел о преступлениях, связанных с коррупцией"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О протесте Генерального прокурора Республики Казахстан на нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан № 18 от 13 декабря 2001 года "О практике рассмотрения судами уголовных дел о преступлениях, связанных с коррупцией"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысына наразылығы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 14.08.2002
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2008 AI13102_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P02000016S_
- ЭКБ идентификаторы
- 13102
- Редакция идентификаторы
- AI13102_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:52
0 Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 18 нормативтік қаулысына наразылығы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008 № 27 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді) нормативтік қаулысымен.
Бас прокурордың пікірінше "сыбайлас жемқорлық", "сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар субъектілері" ұғымдарын анықтау бөлігінде нормативтік қаулының 2, 3 және 9-тармақтары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2, 12 және 13-тармақтарымен үйлеспейді.
Наразылықты қарай келіп, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңның осы заңның қолдану аясын айқындайтын 4-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазаның Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көзделгенін атап көрсетеді. Алайда қолданыстағы Қылмыстық кодексте бұл мәселелер осы уақытқа дейін өз шешімін тапқан жоқ, сондықтан нормативтік қаулыда сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беру әрі сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар тізбесі нақтылы анықтау мүмкін болмады.
Нормативтік қаулы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңның қолданылуын бұзбай әрі оны шектемей, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді зерделеудің және жинақтаудың негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы қылмыстық-құқықтық қатынастар саласында қолдану кезінде пайда болатын сот практикасының мәселелерін түсіндірді. Бұл жөнінде Жоғарғы Сот нормативтік қаулыда қолданылған "сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар субъектілері" ұғымының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңмен белгіленген "сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар субъектілері" деген әлдеқайда кең ұғыммен ұқсас бола алмайтынын негізге алған болатын. Себебі ол әкімшілік, тәртіптік және мүліктік жауапкершіліктің осындай мәселелерін реттейді.
Міне осылайша, жалпы отырыс Жоғарғы Сот қабылдаған нормативтік қаулыда сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар туралы істердің санаты мен осы қылмыстардың түпкілікті болып табылмайтын ықтимал субъектілерінің шеңберін сипаттайтын жалпы дәрежелеуші белгілердің ғана айқындалғанын атап көрсетеді.
Наразылықта көрсетілгендей, нормативтік қаулыда үкімді қабылдау кезінде жалпы қылмыстық әрекеттерді сыбайлас жемқорлық қылмысына жатқызу жөнінде соттарға арналған нұсқау болуы керек деген уәж де негізсіз, өйткені бұл тиісті қылмыстық заңның негізінде ғана жүзеге асырылады және сондықтан да соттар осы фактіні өз үкімдерімен белгілеуге құқылы емес.
Осы айтылғандардың негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 18 нормативтік қаулысына наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылсын.