О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Алтынсаринского района № 18 от 20 февраля 2023 года «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Алтынсаринского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Алтынсаринского района № 18 от 20 февраля 2023 года «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Алтынсаринского района»
- Атауы (қаз.)
- «Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 121
- Қабылданған күні
- 02.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.10.2023 187000_658143.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23NE00121A
- ЭКБ идентификаторы
- 187000
- Редакция идентификаторы
- 187000_658143
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:32
0 «Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабына сәйкес Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 18 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мақсатында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады". «Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты». Егер "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, Қазақстан Республикасы, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. «Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмыс уақытының тәртібі, жұмыс күнінің басталуы сағат 09.00 - де, түскі үзіліс сағат 13.00 – ден-14.30-ға дейін, жұмыс уақытының соңы 18.30-ға дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс күндері-сенбі, жексенбі.
17-тармақтың 17-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«17) өңірлік деңгейде төтенше жағдайлардың және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға бағытталған азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, жұмылдыру жоспарын әзірлейді, аудан жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады».
17-тармақтың 32-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«32) мемлекеттік құпияларды қорғау, құпияны қамтамасыз ету, техникалық барлауға қарсы іс-қимыл, құпия ақпаратты техникалық қорғау және құпия іс жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру».
17-тармақтың 31-тармақшасы алып тасталсын.