О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан № ҚР ДСМ-195/2020 «Об утверждении Правил гигиенического обучения лиц декретированной группы населения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан № ҚР ДСМ-195/2020 «Об утверждении Правил гигиенического обучения лиц декретированной группы населения»
- Атауы (қаз.)
- «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-195/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 13.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2024 194421_706196.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034154
- ЭКБ идентификаторы
- 194421
- Редакция идентификаторы
- 194421_706196
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:38
0 «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-195/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-195/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 18 қарашада № 21654 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Оң нәтиже болған жағдайда гигиеналық оқытуды жүргізген жеке және заңды тұлғалар емтихан тапсыру туралы мәліметтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне енгізеді.»;
3-қосымша алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі