О внесении изменений и дополнений в нормативное постановление Верховного суда Республики Казахстан "О некоторых вопросах квалификации преступлений в сфере экономической деятельности" № 2 от 18 июня 2004 года (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативным постановлением Верховного суда Республики Казахстан № 1 от 21 апреля 2011 года)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в нормативное постановление Верховного суда Республики Казахстан "О некоторых вопросах квалификации преступлений в сфере экономической деятельности" № 2 от 18 июня 2004 года (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативным постановлением Верховного суда Республики Казахстан № 1 от 21 апреля 2011 года)
- Атауы (қаз.)
- "Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 04.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2020 78912_464332.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P140000001S
- ЭКБ идентификаторы
- 78912
- Редакция идентификаторы
- 78912_464332
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:11
0
"Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысықаулы етті:
1 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 5-тармақ алып тасталсын;
2 2) 6-тармақта «Қылмыстық кодекстің» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі – ҚК)» деген сөздермен толықтырылсын
3 3) 13-тармақта төртінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Шын ақша купюралары мен бағалы қағаздардан өзгерістері анық байқалатын жалған банкноттар мен бағалы қағаздар арқылы бөтеннің мүлкін иеленген адамның әрекеті де алаяқтық ретінде саралануға жатады»;
4 4) мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. ҚК-нің 220-бабы бойынша банк қызметкері, оның әрекетінде ұрлау белгілері болмаған кезде жауапкершілік көтереді. Егер осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттерді банк қызметкері банктің ақша қаражаттарын өзінің меншігіне немесе басқа адамдардың меншігіне өтеусіз айналдыру ниетімен жасаса, онда оның әрекеттері ҚК-нің 220-бабы бойынша қосымша сараланбай, ұрлағаны үшін тиісті баптар бойынша жауапкершілікке тартуға жатады.».