Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений № 2 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года № 168 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета"

Бұйрық · № 1 · қабылданған 17.01.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-2-24-2004-no-168/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений № 2 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года № 168 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета" Күшін жойған Бұйрық ·№ 1 ·17.01.2006
22.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений № 2 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года № 168 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений № 2 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года № 168 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 168 бұйрығына № 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
17.01.2006
Көрсетілген редакция
22.12.2008 AI26482_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004039_
ЭКБ идентификаторы
26482
Редакция идентификаторы
AI26482_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:00

0 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 168 бұйрығына № 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 3310, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 69 - тіркелген N 3662 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
130 "Тауарлар сатып алу" кіші сыныбында:
131 "Азық-түлік өнімдерін сатып алу" ерекшелігінде:
«Шығындардың тізбесі" деген бағанда:
"мектептер мен мектеп-интернаттар оқушыларының асханада тамақтануына ақы төлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
"Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгі штаттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1168 қаулысына сәйкес егер мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген болса, мектеп асханаларына азық-түлік өнімдерін сатып алу.
Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруды басқа заңды тұлға шарт бойынша іске асырады және бұл шығындар 149-ерекшелік бойынша көрсетіледі.";
140 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" кіші сыныбында:
146 "Ғимараттарды, үй-жайларды ұстау, оларға қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды жөндеу ерекшелігінде:
"Анықтама" деген бағанда:
"жұмыстарды орындау" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Үй-жайларды жайластыру үшін қажетті тауарларды сатып алу (бра, шамдар, люстралар, перделер, күнперделер және т.б.) 139-ерекшелік бойынша көрсетіледі.";
"көрсетуге және ұстауға қажетті"»деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"бір бірлігінің құны 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын және қызмет уақыты бір жылға дейін";
"және жабдықтарға арналған басқа да шығыс материалдарын сатып алу 139-ерекшелік бойынша көрсетіледі" деген сөздер "жабдықтарға және желілер жүргізуге арналған басқа да шығыс және желілік материалдар (кабель, коннекторлар) 139-ерекшелік бойынша көрсетіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 148 "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге ақы төлеу" деген ерекшелікпен толықтырылсын:

148
Мем­ле­кет­тік
әле­умет­тік
тап­сы­рыс
шең­бе­рін­де
қыз­мет­тер­ге
ақы тө­леу
Әле­умет­тік бағ­дар­ла­малар мен жо­ба­лар бой­ын­ша
үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар
көр­се­те­тін мем­ле­кет­тік
әле­умет­тік тап­сы­рыс
шең­бе­рін­де­гі қыз­мет­терге ақы тө­леу
»".
149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелігінде:
"Анықтама" деген бағандағы "147" деген сан "148" деген санмен ауыстырылсын.

2 2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.Шәженова) Заң басқармасымен (С.Қалтаев) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы