О внесении изменения в решение акима Сулукольского сельского округа № 2 от 26 апреля 2023 года «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Сулукольского сельского округа № 2 от 26 апреля 2023 года «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 25.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2024 192895_681749.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NGG0001B
- ЭКБ идентификаторы
- 192895
- Редакция идентификаторы
- 192895_681749
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:25
0 Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Сұлукөл ауылдық округі, Юльев ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін, осылайша: шектеу қойылған аумақ арқылы жануарларды алып өтуге (айдап өтуге), бұл аумаққа сау жануарларды тасып әкелуге (кіргізуге), союға жөнелту жағдайларын қоспағанда, осы аумақтан жануарларды тасып әкетуге (шығаруға), эпизоотиялық ошақтар белгіленген саламатсыз аумақта пішен, сабан және басқа да ірі азықтарды басқа аумаққа әкету үшін дайындауға, сондай-ақ жануарларды немесе адамдарды жинаумен байланысты іс-шараларды жүргізуге жол берілмейді.
2 2. «Сұлукөл ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;