Құжат мәтініне өту

Об утверждении статистического отчета формы № 2-З "О лицах, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и Инструкции по его составлению

Бұйрық · № 73 · қабылданған 11.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-2-ekb-45374/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении статистического отчета формы № 2-З "О лицах, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и Инструкции по его составлению Күшін жойған Бұйрық ·№ 73 ·11.12.2008
26.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении статистического отчета формы № 2-З "О лицах, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и Инструкции по его составлению

Күшін жойған Бұйрық ·№ 73 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении статистического отчета формы № 2-З "О лицах, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и Инструкции по его составлению
Атауы (қаз.)
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" N 2-3 нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73
Қабылданған күні
11.12.2008
Көрсетілген редакция
26.01.2011 AI45374_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005640_
ЭКБ идентификаторы
45374
Редакция идентификаторы
AI45374_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:27

0 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" N 2-3 нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы"

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды бірыңғай есепке алу мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Бекітілсін:

1 1) 1-қосымшаға сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" N 2-3 нысанды статистикалық есеп;

2 2) 2-қосымшаға сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" N 2-3 нысанды статистикалық есептің құрылуы жөніндегі Нұсқаулық;

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

2 2) құқықтық статистика мен арнайы есепке алу, субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін (Г.В. Ким).

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қоддаңысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігінің (қаржы полициясының)
Төрағасы
_________________Қ. Қожамжаров
2009 жылғы 20 ақпан
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігінің Төрағасы
_________________Ө. Өзібеков
2009 жылғы 30 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
_________________А. Шабдарбаев
2008 жылғы 22 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________Б.Мұхаметжанов
2009 жылғы 09 ақпан
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_________________Ж. Досқалиев
2008 жылғы 30 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_________________Д. Ахметов
2009 жылғы 15 қаңтар
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрі
_________________Н. Ысқақов
2009 жылғы 23 қаңтар
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________А. Күрішбаев
2009 жылғы 08 қаңтар
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрі
_________________С. Ахметов
2009 жылғы 04 ақпан
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдай министрі
_________________В. Божко
2009 жылғы 13 ақпан
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________Б. Жәмішев
2009 жылғы 25 наурыз
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
_________________С. Мыңбаев
2009 жылғы 11 наурыз
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі м.а.
_________________Д. Құсдәулетов
2009 жылғы 20 сәуір

1 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" N 2-3 нысанды есеп

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2008 жылғы 11 желтоқсандағы
N 73 бұйрығына
1-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" N 2-3 нысанды есеп

1 1-бөлім. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы мәліметтер

Ата­уы
жол­дың ко­ды
Есеп­тік ке­зең­де
Ағым­да­ғы ай­да
а
б
1
2
Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету ша­ра­ла­ры­на тар­ты­л­ған тұ­лға­лар­дың са­ны
1
со­лар­дың іші­нен:
Жет­кі­зі­л­ген­дер (ӘҚ­Бт­ҚРК 619-б .)
2
с.і.
әй­ел­дер
3
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
4
Әкім­ші­лік ұста­лын­ған­дар (ӘҚ­Бт­ҚРК 620-б .)
5
с.і.
әй­ел­дер
6
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
7
Кү­ш­теп әке­лін­ген­дер (ӘҚ­Бт­ҚРК 625-б .)
8
с.і.
әй­ел­дер
9
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
10
Про­ку­рор­мен қа­у­лы шы­ға­ру ар­қы­лы боса­ты­л­ған­дар
11
со­лар­дың ішін­де:
әкім­ші­лік ұста­у­ға заң­сыз тар­ты­л­ған тұ­лға­лар­ды боса­ту ту­ра­лы (ӘҚ­Бт­ҚРК 583-б . 1-т. (6-тш.)
12
кез-кел­ген тый­ым са­лу және шек­теу си­па­тын­да­ғы ша­ра­лар­ды алып та­стау ту­ра­лы (ӘҚ­Бт­ҚРК 583-б . 1-т. (7-тш.)
13
Об­жа­ло­ва­но мер обес­пе­че­ния про­из­вод­ства по де­лу об ад­ми­ни­стра­тив­ном пра­во­на­ру­ше­нии
14
со­лар­дың ішін­де:
жо­ға­ры тұр­ған ор­ган­ға (жо­ға­ры тұр­ған ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға)
15
с-ң і-нен
ша­ғым қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған
16
ша­ғым­ды қа­на­ғат­тан­ды­ру­дан бас тар­ты­л­ған
17
сот­қа
18
с-ң і-нен
ша­ғым қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған
19
ша­ғым­ды қа­на­ғат­тан­ды­ру­дан бас тар­ты­л­ған
20

2 2-бөлім. Құқық қорғау органдарына жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер

Ата­уы
жол­дың ко­ды
Есеп­тік ке­зең­де
Ағым­да­ғы ай­да
а
б
1
2
ӘҚ­Бт­ҚРК 619-б . тәр­ті­бін­де жет­кі­зі­л­ген тұ­лға­лар­дың бар­лы­ғы
1
с-ң іші­нен
әй­ел­дер
2
ер­кек­тер
3
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
4
аза­мат­тығы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
5
ТМД ел­де­рі
6
алыс ше­тел
7
аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар
8
ай­на­лы­са­тын қыз­ме­ті
мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер
9
с.і. құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рі
10
с.і. әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер
11
бас­қа да жұ­мыс­кер­лер
12
жұ­мыс­сыздар
13
жас құ­ра­мы
14 жас­қа дей­ін
14
14-17 жас­та­ғы­лар
15
18-20 жас­та­ғы­лар
16
21-29 жас­та­ғы­лар
17
30-39 жас­та­ғы­лар
18
40-49 жас­та­ғы­лар
19
50-59 жас­та­ғы­лар
20
60 жас және одан жо­ға­ры
21
мы­на­дай күй­де
ал­ко­голь­дік мас
22
есірт­кі­лік мас
23
ток­си­ко­ман­дық мас
24
Бұ­рын сот­тал­ған­дар
25
со­лар­дың іші­нен шар­тты түр­де сот­тал­ған­дар
26
Әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған­дар
27
Ме­ди­ци­на­лық ай­ық­тыр­ғы­штар­ға ор­на­ла­сты­ры­л­ған­дар
28
Қа­был­да­ғыш-та­рат­қы­штар­ға ор­на­ла­сты­ры­л­ған­дар
29
Ар­найы қа­был­да­ғы­штар­ға ор­на­ла­сты­ры­л­ған­дар
30
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды уа­қыт­ша оқ­ша­у­лау, бей­ім­де­лу және оңал­ту ор­та­лық­та­ры­на жай­ла­сты­ры­л­ған­дар
31

3 3-бөлім. Қабылдағыш-таратқыштарға орналастырылған тұлғалар туралы мәліметтер

Ата­уы
жол­дың ко­ды
Есеп­тік ке­зең­де
Ағым­да­ғы ай­да
а
б
1
2
Қа­был­да­ғыш-та­рат­қы­штар­ға ор­на­ла­сты­ры­л­ған тұ­лға­лар­дың са­ны
1
со­лар­дың іші­нен:
әй­ел­дер
2
ер­кек­тер
3
ұстал­ған ата-ана­ла­ры­мен бір­ге отыр­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
4
зей­нет­кер жа­сын­да­ғы тұ­лға­лар
5
мү­ге­дек­тер
6
бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру жер­ле­рі­нен боса­ты­л­ған­дар
7
шар­тты түр­де сот­тал­ған­дар
8
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бас­қа да об­лы­ста­ры­нан
9
ТМД ел­де­рі­нің аза­мат­та­ры
10
алыс ше­тел аза­мат­та­ры
11
аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар
12
Жұқ­па­лы ау­ру­лар­дың са­ны (1-жол­дан)
13
с-ң іш-н:
ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын­дар
14
ЖҚТБ-мен ауы­ра­тын­дар
15
соз ау­руы­мен ауы­ра­тын­дар
16
Әле­умет­тік бей­ім­де­лу бой­ын­ша қа­был­дан­ған ша­ра­лар
17
с-ң іш-н:
жұ­мысқа ор­на­лас­қа­ны
18
мү­ге­дек­тер­ге және қарт­тар­ға ар­нал­ған ин­тер­нат-үй­ле­ріне жі­бе­рі­л­ген­де­рі
19
Әле­умет­тік бей­ім­де­лу ор­та­лық­та­ры­на жі­бе­рі­л­ге­ні
20
ау­ру­лар­дың ста­ци­о­нар­лық ем­деу ме­ке­ме­ле­ріне жі­бе­рі­л­ге­ні
21
құ­жат­тар­сыз және тұр­ғы­лық­ты ме­кен-жай­сыз тұ­лға­лар­дың ұстал­ға­ны
22
Бас­ка да са­у­ал­на­ма­лық де­ректер бой­ын­ша ұстал­ған тұ­лға­лар
23
с.і.
із­де­уде­гі­лер
24
ТМД мү­ше-мем­ле­кет­те­рі­нің сұ­ра­ным­да­ры бой­ын­ша із­де­уде­гі­лер
25
Қа­был­да­ғыш-та­рат­қы­штар­дан боса­ты­л­ған тұ­лға­лар
26
со­ның ішін­де:
же­ке ба­сы анық­тал­ма­ған, ұстау мер­зі­мі­нің аяқ­тал­ға­ны­на қа­рай боса­ты­л­ған
27
ұстау мер­зі­мі­нің ая­ғы­на дей­ін
28
іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на бе­рі­л­ге­ні
29
қар­жы по­ли­ци­я­сы ор­ган­да­ры­на бе­рі­л­ге­ні
30
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс ел­дер­ге шы­ға­ру үшін кө­ші-қон қыз­ме­тіне бе­рі­л­ге­ні
31
Про­ку­рор­мен боса­ты­л­ға­ны
32
со­ның ішін­де заң­сыз шы­ға­ры­л­ға­ны
33

2 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" N 2-3 нысанды статистикалық есептің құрылуы жөніндегі Нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2008 жылғы 11 желтоқсандағы
N 73 бұйрығына
2-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" N 2-3 нысанды статистикалық есептің құрылуы жөніндегі Нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 619 , 620 және 625-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдауға уәкілетті құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері - мемлекеттік органдар үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" N 2-3 нысанды статистикалық есепті (бұдан әрі - есеп) құру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Есеп мемлекеттік органдарға жеткізілген, әкімшілік тәртіпте ұсталған және күштеп әкелуге тартылған тұлғалар туралы мәліметтерді бейнелейді.

2 2. Есептің құрылуы және ұсынылу мерзімдері

3 3. тұлғалардың мемлекеттік органдарға жеткізілуін, олардың қабылдағыш-таратқышқа орналасуын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың әкімшілік ұсталуын және күштеп әкелінуін растайтын құжаттардың негізінде әрбір мемлекеттік орган өз бетінше есеп құрады.

4 4. Мемлекеттік органның аумақтық басқармасының басшысы қол қойған есеп Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармасына (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолданады.

5

5. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің басшысы және уәкілетті органның бастығы қол қойған мемлекеттік органның әрбір аумақтық бөлімшесі бойынша есеп және аймақ бойынша жинақталған есеп Комитетке модемдік байланыспен жіберіледі. Есептің ұсынылу күні деп Комитетке оның электрондық нұсқасының келіп түскен күні саналады.
Есептің қол қойылған түпнұсқасы тоқсан сайын, қол қойылғаннан кейінгі он күндік мерзімде Комитетке поштамен (арнайы байланыспен) жіберіледі.

6 6. Комитетке модемдік байланыспен жіберілгеннен кейін есепке түзетулер енгізу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте рұқсат етіледі.

Модемдік байланыспен және поштамен келіп түскен есептің көрсеткіштерінде сәйкессіздік байқалған жағдайда модем байланысы арқылы келіп түскен есептің көрсеткіштері негізге алынады.

7 7. Модем байланысы арқылы алынған есептердің негізінде Комитет республика бойынша жалпы ведомствоаралық есепті және әрбір мемлекеттік орган бойынша жинақталған есептерді құрады, оларға Комитет Төрағасы немесе оның орнын ауыстыратын лауазымды тұлға қол қояды.

8 8. Есептер тоқсан сайын үдемелі қорытындымен құрылып, мынадай мерзімдерде:

1 1) мемлекеттік органның аумақтық, арнайыландырылған бөлімшелерімен уәкілетті органға есептік кезеңнен кейінгі айдың 6-күніне;

Уәкілетті органмен аймақ бойынша, әрбір мемлекеттік орган бойынша жинақталған есептер Комитетке есептік кезеңнен кейінгі айдың 8-күніне;

2 2) Комитетпен республика бойынша жалпы ведомствоаралық есеп және әрбір мемлекеттік орган бойынша жинақталған есеп Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және мемлекеттік органдарға есептік кезеңнен кейінгі айдың 14-күніне ұсынылады.

9 9. Есеп мемлекеттік органдарға жеткізілген, қабылдағыш-таратқышқа орналастырылған және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы мәліметтерден тұратын 3-бөлімнен тұрады.

Есептің бөлімдері екі бағаннан тұрады. 1 -бағанда үдемелі қорытындымен есептік кезеңдегі мәліметтер, 2-бағанда ағымдағы айдың мәліметтері көрсетіледі.

3 3. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы мәліметтер" 1-бөлімін толтыру

10 10. Бұл бөлімде әкімшілік ұстауға тартылған, күштеп әкелінген және егер әкімшілік құқық бұзушылық жасалынған жерде хаттаманы құру мүмкін болмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрылған жерге жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер бейнеленеді.

11

11. 1-жолда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалардың саны туралы мәліметтер ескеріледі, 2-жолда ӘҚБтҚРК 619-бабымен белгіленген тәртіпте жеткізілгендердің саны, 2-жолдан алынған 3-жолда әйелдердің саны, 4-жолда кәмелетке толмағандардың саны бейнеленеді. 5-жолда ӘҚБтҚРК 620-бабымен белгіленген тәртіпте ұсталғандар, 5-жолдан алынған 6-жолда әйелдер, 7-жолда кәмелетке толмағандар, 8-жолда ӘҚБтҚРК 625-бабымен белгіленген тәртіпте күштеп әкелуге тартылған тұлғалар, соның ішінде 9-жолда әйелдер, 10-жолда кәмелетке толмағандар бейнеленеді.

12

12. Прокурормен қаулы шығару арқылы босатылған тұлғалар 11-жолда көрсетіледі. 12-жолда ӘҚБтҚРК 583-бабы 1-тармағының 6) тармақшасымен белгіленген тәртіпте әкімшілік ұстауға заңсыз тартылған тұлғаларды босату туралы және 13-жолда ӘҚБтҚРК 583-бабы 1-тармағының 7) тармақшасымен белгіленген тәртіпте тыйым салу және шектеу сипатындағы кез-келген шараларды алып тастау туралы мәліметтер бейнеленеді.

13

13. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына шағымданудың саны туралы мәліметтер 14-жолда бейнеленеді, солардың ішінен 15-20-жолдарда қанағаттандырылған шағымдар және жоғары тұрған органмен, лауазымды тұлғамен немесе сотпен қанағаттандырудан бас тартылған шағымдар туралы мәліметтер ескеріледі.

4 4. "Құқық қорғау органдарына жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер" 2-бөлімін толтыру

14 14. Осы бөлімде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘҚБтҚРК 619-бабының тәртібінде мемлекеттік органдарға жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

15

15. Мемлекеттік органдарға жеткізілген тұлғалардың жалпы саны 1-жолда ескеріледі және 2 мен 3-жолдарда жынысына қарай бөлінеді, 4-жолда кәмелетке толмағандар, 5-8-жолдарда азаматтығына қарай, 9-13-жолдарда айналысатын жұмысына қарай, 14-21-жолдарда жас құрамына қарай, 22-24-жолдарда алкогольдік, есірткілік және токсикомандық мас күйіне қарай, 25-жолда бұрын сотталғаны бойынша және соның ішінен 26-жолда шартты түрде сотталғанына қарай бөліп таралған мәліметтер бейнеленеді.

16 16. 1-жолда ескерілген тұлғалардың ішінен 27-жолда әкімшілік жауаптылыққа тартылғандар көрсетіледі.

17 17. Кейіннен медициналық айықтырғыштарға, қабылдағыш-таратқыштарға, арнайы қабылдағыштарға орналастырылған және кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімделу және оңалту орталықтарына жайластырылған тұлғалар туралы мәліметтер тиісінше 28, 29, 30 және, 31-жолдарда бейнеленеді.

5 5. "Қабылдағыш-таратқыштарға орналастырылған тұлғалар туралы мәліметтер" 3-бөлімін толтыру

18 18. Аталған бөлімде қабылдағыш-таратқыштарға орналастырылған тұлғалар туралы мәліметтер есепке алуға жатады.

19

19. 1-жолда көрсетілген тұлғалардың жалпы саны туралы мәліметтер бейнеленеді, солардың ішінен 2-12-жолдарда - әйелдердің, ерлердің, ұсталған ата-аналарымен бірге отырған кәмелетке толмағандардың, зейнеткер жасындағы тұлғалардың, мүгедектердің, бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылғандардың, шартты түрде сотталғандардың, республиканың өзге облыстарынан келгендердің, сондай-ақ Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі - ТМД), алыс шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың саны ескеріледі.
1-жолдың көрсеткіші 2-бөлімнің 29-жолының көрсеткішіне тең болуы қажет.

20 20. 13-жолда жұқпалы аурулардың, соның ішінде 14-жолда - туберкулезбен ауыратындардың, 15-жолда ЖҚТБ-мен және 16-жолда соз

ауруларымен ауыратындардың саны туралы деректер бейнеленеді.

21 21. Органдар оларға қатысты әлеуметтік бейімделу шараларын қолданған тұлғалар туралы мәліметтер 17-21-жолдарда ескеріледі.

22 22. 22-жолдарда құжаттарсыз және тұрақты мекен-жайсыз ұсталған, 23-жолда басқа да сауалнамалық деректер бойынша, солардың ішінен 24-жолда іздестіруде жүрген, 25-жолда ТМД мүше-мемлекеттерінің сұранымдары бойынша ұсталған тұлғалардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

23

23. 26-жолда қабылдағыш-таратқыштардан босатылған тұлғалар, соның ішінде 27-жолда жеке басы анықталмаған және ұстау мерзімінің аяқталуымен байланысты босатылған тұлғалар, 28-жолда ұстау мерзімінің аяқталуына дейін босатылған, 29-31-жолдарда оларды ішкі істер органдарына, іздеу салу үшін қаржы полициясына және Қазақстан Республикасынан тыс елдерге шығару үшін көші-қон қызметіне берумен байланысты босатылған тұлғалар туралы мәліметтер есепке алуға жатады.

24 24. 32-жолда прокурормен босатылған, соның ішінде 33-жолда - заңсыз шығарылған тұлғалардың саны туралы мәліметтер бейнеленеді.

Қолданыстағы