Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О перепрофилировании профессионально-технической школы № 2 г.Актау

Өзге акт · № 281 · қабылданған 20.12.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-2-ekb-6360/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О перепрофилировании профессионально-технической школы № 2 г.Актау Күшін жойған 20.12.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О перепрофилировании профессионально-технической школы № 2 г.Актау

Күшін жойған Өзге акт № 281 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О перепрофилировании профессионально-технической школы № 2 г.Актау
Атауы (қаз.)
Ақтау қаласы № 2 кәсіптік-техникалық мектепті қайта бағдарлау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
281
Қабылданған күні
20.12.1999
Көрсетілген редакция
20.12.1999 6360_258284.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V000001171_
ЭКБ идентификаторы
6360
Редакция идентификаторы
6360_258284
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:46
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақтау қаласы № 2 кәсіптік-техникалық

мектепті қайта бағдарлау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық Әділет
басқармасы бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 шілдедегі N 649 Қаулысымен бекітілген 1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасындаєы құқық бұзушылықтың алдын алудың кешенді бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ тәрбие жағдайына ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу мақсатында, шешім етемін:

1. Ақтау қаласы № 2 кәсіптік-техникалық мектебі мемлекеттік мекемесі "Маңғыстау облыстық арнаулы кәсіптік-техникалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі болып қайта бағдарлансын.

2. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б. Шаметова) 2000 жылға арналған облыс бюджетін әзірлеу кезінде 2000 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Маңғыстау облыстық арнаулы мектеп-интернатын ұстауға арнап қаражат көздестірсін.

3. Облыстық білім басқармасы (Ж.Н. Сағымбаева), ішкі істер басқармасымен (Н.И. Приходько), облыстық денсаулық сақтау басқармасымен (А.Т. Айдарханов) бірлесіп:

1) Бір ай мерзім ішінде жасөспірімдерді облыстық арнаулы кәсіптік-техникалық мектеп-интернатына рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізбесін әзірлесін;

2) 2000 жылдың 15 тамызына дейін облыстық арнаулы кәсіптік-техникалық мектеп-интернатты білікті педагогикалық, медицина кадрларымен және тәрбиесі қиын жасөспірімдермен жұмыс істеуге жауапты қызметкерлермен жасақтасын.

4. Облыстық білім басқармасы (Ж.Н. Сағымбаева) белгіленген Заңға сәйкес:

1) Мемлекеттік мекеменің Жарғысын әзірлесін және оны бекітсін;

2) Оны мемлекеттік қайта тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;

3) Осы шешімнен туындайтын өзге де шараларын алсын.

5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бортникке жүктелсін.