Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм отчета № 2-З "О лицах, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и карточки № 2-З "Карточка учета лиц, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и Инструкции по их заполнению

Бұйрық · № 13 · қабылданған 26.01.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-2-no-2/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении форм отчета № 2-З "О лицах, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и карточки № 2-З "Карточка учета лиц, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и Инструкции по их заполнению Күшін жойған Бұйрық ·№ 13 ·26.01.2011
28.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм отчета № 2-З "О лицах, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и карточки № 2-З "Карточка учета лиц, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и Инструкции по их заполнению

Күшін жойған Бұйрық ·№ 13 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм отчета № 2-З "О лицах, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и карточки № 2-З "Карточка учета лиц, подвергнутых мерам обеспечения производства по делам об административных правонарушениях" и Инструкции по их заполнению
Атауы (қаз.)
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З нысанды статистикалық есепті және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы" № 2-З карточканы және оларды толтыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13
Қабылданған күні
26.01.2011
Көрсетілген редакция
28.10.2014 AI57856_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006794
ЭКБ идентификаторы
57856
Редакция идентификаторы
AI57856_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:15

0

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З нысанды статистикалық есепті және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы" № 2-З карточканы және оларды толтыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңын, сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды бірыңғай есепке алу мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Бекітілсін:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З нысанды есеп;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы" № 2-З карточкасының нысаны;

3

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З нысанды есепті және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы" № 2-З карточканы толтыру бойынша Нұсқаулық.

2

2. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З нысанды статистикалық есепті және оны құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 73 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5640 тіркелген) күшін жойды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:

1 1) Қазақстан Республикасының әділет Министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

2 2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері мен Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" есеп

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 26 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
1-қосымша
2-З Нысан
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" есеп

1 1-бөлім. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы мәліметтер

Ата­уы
жол ко­ды
есеп­тік ке­зең­де
а
б
в
Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету ша­ра­ла­ры­на тар­ты­л­ған тұ­лға­лар са­ны
1
Жет­кі­зу (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әкім­ші­лік құқық­бұ­зу­шы­лық ко­дек­сі (бұ­дан әрі - ҚР­ӘҚБК) 619-ба­бы)
2
со­ны­мен қа­тар (бұ­дан әрі-с.қ.)
әй­ел­дер
3
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
4
Әкім­ші­лік ұстау (ҚР­ӘҚБК 620-ба­бы)
5
с.қ.
әй­ел­дер
6
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
7
Кү­ш­теп жет­кі­зу (ҚР­ӘҚБК 625-ба­бы)
8
с.қ.
әй­ел­дер
9
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
10
Жы­л­жу бо­станды­ғын пре­вен­тив­ті шек­теу (ҚР­ӘҚБК 625-1-ба­бы)
11
с.қ.
әй­ел­дер
12
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
13
про­ку­рор­дың қа­у­лы шы­ға­руы ар­қы­лы боса­ты­л­ған тұ­лға­лар
14
с.қ.
әкім­ші­лік ұста­у­ға заң­сыз тар­ты­л­ған тұл­ға­ны боса­ту ту­ра­лы (6 тар­мақ­ша) ҚР­ӘҚБК 583-ба­бы 1-тар­ма­ғы)
15
тый­ым са­лу неме­се шек­теу си­па­тын­да­ғы кез кел­ген ша­ра­лар­ды алып та­стау ту­ра­лы (7 тар­мақ­ша) ҚР­ӘҚБК 583-ба­бы 1-тар­ма­ғы)
16
Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету ша­ра­ла­ры ша­ғым­дал­ды
17
со­ны­мен қа­тар
жо­ға­ры тұр­ған ор­ган­ға (жо­ға­ры тұр­ған ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға)
18
с.қ.
ша­ғым қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды
19
ша­ғым­ды қа­на­ғат­тан­ды­ру­дан бас тар­тыл­ды
20
сот­қа
21
с.қ.
ша­ғым қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды
22
қа­на­ғат­тан­лы­ру­дан бас тар­тыл­ды
23

2 2-бөлім. Құқық қорғау органдарына жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер

Ата­уы
жол ко­ды
Есеп­тік мер­зім­де
а
б
1
ҚР­ӘҚБК 619-ба­бы тәр­ті­бін­де жет­кі­зі­л­ген­дер­дің бар­лы­ғы
1
оның ішін­де
әй­ел­дер
2
ер адам­дар
3
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
4
аза­мат­тығы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
5
Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­стығы Мем­ле­кет­тер (бұ­дан әрі - ТМД) ел­де­рі
6
алыс ше­тел
7
аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар
8
ай­на­лы­са­тын ісі
мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер
9
с.қ. Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рі
10
с.қ. Әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер
11
бас­қа да қыз­мет­ші­лер (бюд­жет­тік ұй­ым­дар қыз­мет­кер­ле­рі, мұ­ға­лім­дер, дә­рі­гер­лер)
12
жұ­мыс­сыздар
13
жас ерекше­лік­те­рі
14 жас­қа дей­ін
14
14-17 жас
15
18-20 жас
16
21-29 жас
17
30-39 жас
18
40-49 жас
19
50-59 жас
20
60 жас және одан жо­ға­ры
21
мас күй­ін­де
ал­ко­голь­ді
22
есірт­кі
23
ток­си­ко­ман­ды
24
Бұ­рын сот­тал­ған­дар
25
оның ішін­де шар­тты сот­тал­ған­дар
26
әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ты­л­ған
27
ме­ди­ци­на­лық ай­ық­тыр­ғыш­қа жай­ға­сты­рыл­ды
28
қа­был­дау-та­рат­қыш­қа ор­на­ла­сты­рыл­ды
29
ар­найы та­рат­қыш­қа ор­на­ла­сты­рыл­ды
30
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды уа­қыт­ша бей­ім­деу, оқ­ша­у­лау оң­тай­лау ор­та­лы­ғы­на жай­ға­сты­рыл­ды
31

3 3-бөлім. Қабылдағыш-таратқышқа орналастырылған тұлғалар туралы мәліметтер

Ата­уы
жол ко­ды
Есеп­тік мер­зім­ге
а
б
1
Қа­был­да­ғыш-та­рат­қыш­қа ор­на­ла­сты­ры­л­ған тұ­лға­лар са­ны
1
оның ішін­де
әй­ел­дер
2
ер адам­дар
3
ұстал­ған ата-ана­сы­мен ор­на­ла­сты­ры­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
4
зей­нет­кер­лік жас­та­ғы
5
мү­ге­дек­тер
6
бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­ры­нан боса­ты­л­ған­дар
7
шар­тты түр­де сот­тал­ған­дар
8
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты
9
ТМД ел­де­рі­нің аза­мат­та­ры
10
алыс ше­тел аза­мат­та­ры
11
аза­мат­тығы жоқ тұл­ға
12
Жұқ­па­лы ау­ру­лар (1-жол­дан)
13
со­ның ішін­де
ту­бер­ку­лез­бен ау­руын жұқ­тыр­ған
14
адам­ның им­мун­тап­шы­лы­ғы ви­ру­сын (ВИЧ\ЖҚТБК) жұқ­тыр­ған
15
соз ау­руын жұқ­тыр­ған
16
Әле­умет­тік бей­ім­де­лу бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­дан­ды
17
со­ның ішін­де
жұ­мысқа ор­на­ла­сты­рыл­ды
18
мү­ге­дек­тер мен қар­тай­ған­дар ин­тер­нат-үй­ле­ріне жол­дан­ды
19
Әле­умет­тік бей­ім­деу ор­та­лық­та­ры­на жол­дан­ды
20
стан­ци­о­нар­лы ем­деу ме­ке­ме­ле­ріне жол­дан­ды
21
Құ­жат­тар­сыз және тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты ме­кен-жай­сыз ұстал­ған­дар
22
За­дер­жа­но лиц под дру­ги­ми ан­кет­ны­ми дан­ны­ми
23
с.қ.
Рес­пуб­ли­ка­лық із­де­уде­гі тұ­лға­лар
24
ТМД мү­ше-мем­лект­те­рі сұ­ра­уы бой­ын­ша із­де­уде­гі тұ­лға­лар
25
қа­был­да­ғыш-та­рат­қы­штан боса­ты­л­ған тұ­лға­лар
26
со­ның ішін­де:
тұл­ға­сы анық­тал­ма­ған, ұстау мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы бой­ын­ша боса­ты­л­ған
27
ұстау мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на дей­ін
28
іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на бе­ріл­ді
29
қар­жы по­ли­ция ор­ган­да­ры­на бе­ріл­ді
30
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ше­гі­нен шы­ға­ру үшін кө­ші-қон қыз­ме­тіне бе­ріл­ді
31
Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті әс­ке­ри по­ли­ци­я­сы­на бе­ріл­ді
32
Қа­ру­лы кү­ш­тер по­ли­ция ор­га­ны­на бе­ріл­ді
33
про­ку­рор­мен боса­тыл­ды
34
заң­сыз шы­ға­ры­л­ған­дар
35
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 26 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
2-қосымша
№ 2-З нысан
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
1. Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы ___________________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
2. Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету ша­ра­ла­ры­на тар­ты­л­ған тұл­ға­ның аты-жө­ні
Те­гі /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
Аты /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/___/__/__/__/__/__/__/__/__/
Әке­сі­нің аты /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
2.1 "______" ___________ _________ ту­ған жы­лы, же­рі _________________________________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
Тұр­ғы­лық­ты же­рі _______________________________________________________________­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
2.2 Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы (бұ­дан-әрі ҚР) аза­ма­ты­ның төл­құ­жа­ты (1), же­ке ку­ә­лік (2), ҚР ше­тел аза­ма­ты­ның ых­ти­яр­ха­ты (3), аза­мат­тығы жоқ тұл­ға­ның ку­ә­лі­гі (4), бо­сқын ку­ә­лі­гі (5).
№ ___________ бе­рі­л­ген кү­ні "____" ________________ __________ж. _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
(кім­мен бе­ріл­ді)
2.3 са­лық тө­ле­у­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН) /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
тір­кеу нө­мі­рі (СТН)/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
2.4 Жы­ны­сы: (1) – ер, (2) – әй­ел;
2.5 Аза­мат­тығы:  ҚР аза­ма­ты (1), Тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тер До­стығы (бұ­дан әрі-ТМД) ел­де­рі­нің аза­ма­ты (2), ше­тел аза­ма­ты (3), аза­мат­тығы жоқ тұл­ға (4).
3. Ұстал­ған тұл­ға: құ­жат­тар­сыз және тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жай­ы­сыз (1), бас­қа са­у­ал­на­ма­лық мә­лі­мет­тер­мен (2), со­ны­мен қа­тар,  рес­пуб­ли­ка­лық із­де­уде­гі тұ­лға­лар (3), ТМД мү­ше-мем­ле­кет­те­рі­нің сұ­ра­уы бой­ын­ша із­де­уде (4).
4. Жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы, оқу ор­ны ___________________________________________________
5. Кә­сі­бі:
мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер (1), құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­ке­рі (2), әс­ке­ри қыз­мет­ші (3), бас­қа да қыз­мет­кер­лер (бюд­жет­тік ұй­ым­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рі, мұ­ға­лім­дер, дә­рі­гер­лер) (4), жұ­мыс­сыздар (5), ор­та, ор­та-ар­найы, жо­ғар­ғы оқу орын­да­ры­ның оқу­шы­ла­ры (6), же­ке кә­сіп­кер (7), же­ке ұй­ым­дар және Ұлт­тық ком­па­ния қыз­мет­кер­ле­рі (8).
6. Мас күй­ін­де: ал­ко­голь­ді (1), на­ша­қор­лық (2), ток­си­ко­ман­ды (3).
7. Жа­сы:  14 жас­қа дей­ін (1), 14-17 жас (2), 18-20 жас (3), 21-29 жас (4), 30-39 жас (5), 40-49 жас (6), 50-59 жас (7), 60 жас және одан жо­ға­ры (8).
8. Сот­ты­лы­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: сот­тал­ған жоқ (1), бұ­рын сот­тал­ған (2), со­ны­мен қа­тар шар­тты түр­де сот­тал­ған (3).
9. Жұқ­па­лы ау­ру­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: ту­бер­ку­лез­бен (1), адам­ның им­мун­тап­шы­лы­ғы ви­ру­сын (ВИЧ\ЖТКБ) жұқ­ты­руы (2), со­збен ауы­ра­тын­дар (3).
10. Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету ша­ра­ла­ры қол­да­ны­л­ған:
10.1 жет­кі­зу (ҚР ӘҚБК 619-ба­бы) (1);
10.2 әкім­ші­лік ұстау (ӘҚБК 620-ба­бы) (2);
10.3 күшпен жет­кі­зу (ӘҚБК 625-ба­бы) (3);
10.4 ер­кін жү­ріп-тұ­ру­ды пре­вен­тив­ті түр­де шек­теу (ӘҚБК 625-1-ба­бы) (4).
11. Про­ку­рор­дың қа­у­лы шы­ға­руы ар­қы­лы боса­ты­л­ған:
11.1 әкім­ші­лік ұста­у­ға заң­сыз тар­ты­л­ған тұл­ға­ны боса­ту ту­ра­лы (6-тар­мақ­ша) ӘҚБК 583-ба­бы 1-тар­ма­ғы (1);
11.2 тый­ым са­лу және шек­теу си­па­тын­да­ғы кез кел­ген ша­ра­лар­ды алып та­стау (7-тар­мақ­ша) ӘҚБК 583-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы (2).
12. Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету ша­ра­ла­ры жо­ға­ры­да тұр­ған ор­ган­ға (жо­ға­ры­да тұр­ған ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға) ша­ғым­дал­ған:
ша­ғым қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды (1), ша­ғым­ды қа­на­ғат­тан­ды­ру­дан бас тар­тыл­ды (2).
13. Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету ша­ра­ла­ры сот­қа ша­ғым­дал­ған:
ша­ғым қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды (1), ша­ғым­ды қа­на­ғат­тан­ды­ру­дан бас тар­тыл­ды (2).
14. Әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ты­л­ған (1).
15. Жай­ға­сты­ры­лып, ор­на­ла­сты­ры­л­ған:
ме­ди­ци­на­лық ай­ық­тыр­ғыш­қа (1), қа­был­да­ғыш-та­рат­қыш­қа (2), ар­найы қа­был­да­ғыш-та­рат­қыш­қа (3), кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды уа­қыт­ша бей­ім­деу, оқ­ша­у­лау, оңал­ту ор­та­лық­та­ры­на (4), гаупт­вах­та­ға (5).
16. Әле­умет­тік бей­ім­де­лу ша­ра­ла­ры қа­был­дан­ған:
16.1 жұ­мысқа ор­на­ла­сты­рыл­ды (1);
16.2 жол­дан­ды: мү­ге­дек­тер мен қарт­тар­ға ар­нал­ған ин­тер­нат-үй­ле­рін (2), әле­умет­тік бей­ім­де­лу ор­та­лық­та­ры­на (3), жа­тып ем­де­лу ме­ке­ме­ле­ріне (4).
17. Қа­был­да­ғыш-та­рат­қы­штан боса­ты­л­ған:
17.1 тұл­ға­сы анық­тал­ған жоқ, ұстау мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы бой­ын­ша боса­тыл­ды (1);
17.2 ұстау мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на дей­ін боса­тыл­ды (2);
17.3. про­ку­рор­дың заң­сыз ор­на­ла­сты­ры­л­ған тұл­ға­ны боса­туы ту­ра­лы (3);
17.4 бе­ріл­ді: іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на (1), қар­жы по­ли­ция ор­ган­да­ры­на (2), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс шы­ға­ру үшін кө­ші-қон қыз­ме­тіне бе­ріл­ді (3), Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті әс­ке­ри по­ли­ция ор­га­ны­на (4), Қа­ру­лы кү­ш­тер әс­ке­ри по­ли­ция ор­га­ны­на (5).
18. Кар­точ­ка­ны тол­тыр­ған күн ________________________________________________________
Кар­точ­ка­ны тол­тыр­ған тұл­ға­ның аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы, қо­лы _______________________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
19. Кар­точ­ка­ның ҚСжАЕБ ке­ліп түс­кен кү­ні "________"_______________________20_____ж.
ҚСжАЕБ қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы, қо­лы ______________________________ _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 26 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
3-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З есептің нысандарын және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы" № 2-З карточкасын толтыру бойынша Нұсқаулық
Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің (бұдан әрі – ҚРӘҚБК) 619, 620, 625, 625-1-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдауға уәкілетті және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасын" № 2-З карточкасының нысанын толтыратын құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері – мемлекеттік органдардың жұмыстарының көрсеткіштерін бейнелейтін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З есебінің нысанын (бұдан әрі – нысан) қалыптастыру үшін әзірленген.

2

2. Жұмыс, есепке оның нақты орындалғанынан және құжаттамалық рәсімделгенінен кейін, әкімшілік ұстауға тартылған, күштеп әкелінген және егер әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде хаттаманы құру мүмкін болмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрылған жерге жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін, сондай-ақ, тұлғаларға қатысты еркін жүріп-тұруға превентивті түрде шектеу қолданылғаннан кейін енгізіледі.

3

3. Есепті қалыптастырудың негізі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері толтырып, ұсынған ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – АЕҚ) болып табылады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері АЕҚ құруға және оларды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармаларына беретін қызметкерлерді анықтайды.

4 4. Есепті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕК), ҚСжАЕК аумақтық басқармалары (бұдан әрі – ҚСжАЕБ), аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларында орналасқан басқарма топтары және қызметкерлері жүргізеді.

5 5. АЕҚ осы Нұсқаулықта көзделген мерзімде оларды есеп негізінде тіркеуді, автоматтандырылған өңдеуді және қалыптастыруды қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері ҚСжАЕБ ұсынады.

6 6. ҚСжАЕБ АЕҚ құралуының толықтығына және сапасына, онда бейнеленетін мәліметтердің дұрыстығына және олардың уақытында ұсынылуына бақылау жүргізеді.

7 АЕҚ толтыру

7. ҚСжАЕК құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен келісе отырып, АЕҚ бірыңғай нысанын әзірлеу және енгізуді жүзеге асырады.
АЕҚ толтыру

8

8. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З есептің қалыптасуы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы" № 2-З карточкасының (бұдан әрі – 2-З АЕҚ) нысаны негізінде жүргізіледі.

9 9. № 2-З АЕҚ деректемелерін тексеруді жүргізетін тұлға оған төмендегідей жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектісі қол қойғаннан кейін ББСЖ-ге енгізуі тиіс:

1-деректемеде - құқық бұзушылықты анықтап, хаттама құрған құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектісі – уәкілетті мемлекеттік орган атауы бейнеленеді;
2-деректеме - тұлға туралы мәліметтерді қамтиды: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаның (бұдан әрі – тұлға) тегін, атын, әкесінің атын, оның ішінде:
2.1-деректемесінде – туған күні, айы, жылы және жері, сонымен қатар тұлғаның тұрғылықты жері (қысқартусыз);
2.2-деректемеде – тармақтарды кодтау жолымен жеке басын куәландыратын құжат: "1"-Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, "2"-жеке куәлік, "3"-Қазақстан Республикасында шетел азаматының ыхтиярхаты, "4"-азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, "5"-босқындар куәлігі және құжаттың нөмірі, берілген күні және берген орган туралы мәліметтер;
2.3 - деректемеде – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және тіркеу нөмірі (СТН);
2.4 - деректемеде – тұлғаның ер немесе әйел екені көрсетіледі;
2.5 - деректемеде – тұлғаның азаматтығы туралы мәліметтер бейнеленеді;
3 – деректемеде - төмендегі кодтау жолымен ұсталған тұлға туралы: "1" - құжатсыз және тұрақты мекенжайысыз ұсталған, "2" - басқа сауалнамалық мәліметтер бойынша, "3" - сонымен қатар республикалық іздеудегі, "4" -Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы (бұдан әрі–ТМД) қатысушы-мемлекеттердің сұраулары бойынша іздеудегі мәліметтер көрсетіледі;
4-деректемеде – тұлғаның жұмыс орны, лауазымы және оқу орны көрсетіледі;
5-деректемеде – тармақтарды кодтау жолымен тұлғаның кәсібі көрсетіледі: "1"-мемлекеттік қызметкер, "2"-құқық қорғау органдарының қызметкері, "3"-әскери қызметші, "4"-басқа да қызметшілер (бюджеттік ұйым қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер), "5"-жұмыссыз, "6"-орта, орта-арнайы және жоғарғы оқу орындарының оқушылары, "7"-жеке кәсіпкер, "8"-жеке ұйымдар мен Ұлттық компаниялар қызметкерлері;
6-деректемеде – алкогольді "1", есірткі - "2" және таксикоманды "3" мас болған жағдайдағы тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі;
7-деректемеде – тұлғаның жасы белгіленед: "1" - он төрт жасқа дейін, "2" - он төрт жастан он жеті жасқа дейін, "3" - он сегіз жастан жиырма жасқа дейін, "4" - жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейін, "5" - отыз жастан отыз тоғыз жасқа дейін, "6" - қырық жастан қырық тоғыз жасқа дейін, "7" - елу жастан елутоғыз жасқа дейін, "8" - алпыс жас және одан жоғары;
8-деректемеде – төмендегі кодтау жолымен соттылығы туралы мәліметтер көрсетіледі: "1"-сотталған жоқ, "2"-бұрын сотталған, "3"-сонымен қатар, шартты түрде сотталған;
9-деректемеде – тиісті кодтау диагнозымен жұқпалы аурумен ауратын тұлғалар туралы мәліметтер: "1"-туберкулезбен, "2"-адамның иммунтапшылығы вирусын (ВИЧ\ЖҚТБ) жұқтыруы, "3"-созбен ауратын;
10-деректемеде – әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу бойынша өндірісті қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі, 10.1-ҚРӘҚБК 619-бабымен белгіленген тәртіпте жеткізу (1), 10.2-ҚРӘҚБК 620-бабымен белгіленген тәртіпте әкімшілік ұстау (2), 10.3-ҚРӘҚБК 625-бабымен белгіленген тәртіпте күштеп жеткізу (3), 10.4-ҚРӘҚБК 625-1-бабымен белгіленген тәртіпте жылжу бостандығынан превентивті түрте шектеу (4);
11-деректемеде – прокурормен қаулы шығару арқылы тұлғаны босату туралы мәліметтер бейнеленеді, 11.1-ҚРӘҚБК 583-бабы 1-тармағының 6-тармақшасы бойынша әкімшілік ұстауға заңсыз тартылған (1), 11.2-ҚРӘҚБК 583-бабы 1-тармағының 7-тармақшасы тәртібінде тыйым салу және шектеу сипатындағы кез-келген шараларды алып тастау туралы мәліметтер бейнеленеді (2);
12-деректемеде – әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын жоғарыда тұрған органға (жоғарыда тұрған лауазымды тұлғаға) шағымдану туралы мәліметтер көзделген: шағым қанағаттандырылды (1), қанағаттандырудан бас тартылды (2);
13-деректемеде – әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын сотқа шағымдану туралы мәліметтер көзделген: шағым қанағаттандырылды (1), қанағаттандырудан бас тартылды (2);
14-деректемеде – тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер көрсетіледі (1);
15-деректемеде – тұлғаны жеткізу және орналастыру туралы мәліметтер көрсетілген: медициналық айықтырғыштарға (1), (денсаулық сақтау органдары толтырады), қабылдағыш-таратқыштарға (2), арнайы қабылдағыштарға (3), кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімделу және оңалту орталықтарына (4) (білім беру органдары толтырады), гаупвахтаға (5);
16-деректемеде – әлеуметтік бейімделудің қабылдаған шаралары туралы мәліметтер көрсетіледі, 16.1-жұмысқа орналастырылғандар (1), 16.2-мүгедектер және қарт адамдарға арналған интернат-үйлеріне жолданғандар (2), әлеуметтік бейімделу орталықтарына (3), жатып емделу мекемелеріне жолданғандар көрсетіледі (3);
17-деректемеде – қабылдағыш-таратқыштан тұлғаны босату туралы мәліметтер көрсетіледі, 17.1-анықталмаған тұлға және ұстау мерзімі аяқталғаны бойынша босатылған (1), 17.2-ұстау мерзімі аяқталған (2), 17.3- прокурордың заңсыз орналастырылған тұлғаны босатуы туралы (3), 17.4-берілгені: ішкі істер органдарына (1), қаржы полициясы органдарына (2), Қазақстан Республикасынан тыс шығару үшін көші-қон қызметіне (3), Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әскери полиция органына (4), Қарулы күштері әскери полициясы органына (5);
карточканы толтыру күні 18-деректемеде көрсетіледі;
карточканың ҚСжАЕК келіп түскен күні 19-деректемеде көрсетіледі;

10 10. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің қызметкерлері 48 сағат ішінде электронды АЕҚ-ны ҚСжАЕК-тің "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе (ББСЖ)" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ААЖ ББСЖ) жолдайды.

11 11. Келіп түскен АЕҚ 24 сағат ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің жауапты қызметкерлері ААЖ ББСЖ енгізуі тиіс.

12 12. АЕҚ құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектісі қолы қойғаннан кейін, өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

13 13. ААЖ ББСЖ енгізілген АЕҚ деректемелеріне түзету енгізу қажет болса, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері ҚСжАЕБ тиісті АЕҚ-на түзету енгізу туралы баянатты жолдайды.

Егер бұл түзету бұрынғы есептік кезеңдегі есептіліктің бұрмалануына жол берсе, ҚСжАЕБ-сы есептілікке түзету енгізу туралы қажетті құжаттарды ҚСжАЕК-не жолдайды.

14 14. АЕҚ ААЖ ББСЖ уақытында енгізуді, сонымен қатар ААЖ ББСЖ мәліметтеріне негізсіз өзгертулер енгізу бойынша жауаптылық құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің қызметкерлеріне жүктеледі.

15 15. АЕҚ-ын ББСЖ ААЖ-не уақытында енгізілуі, сонымен қатар ББСЖ ААЖ-не енгізілетін мәліметтердің дұрыстығы құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің қызметкерлеріне жүктеледі.

16 16. Есеп 3-бөлімнен тұрады және өкілетті мемлекеттік органдармен берілген АЕҚ негізінде қалыптастырылады.

17 17. Есеп тұлғалардың мемлекеттік органдарға жеткізілуін, олардың қабылдағыш-таратқышқа орналасуын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың әкімшілік ұсталуын және күштеп жеткізілуін растайтын құжаттардың негізінде әрбір мемлекеттік орган өздігінше есеп құрады.

18 18. АЕҚ деректемелері есеп көрсеткіштерімен сәйкес келуі керек.

19 19. Есепті қалыптастыру тоқсан сайын өсу қорытындысымен келесі есептік кезеңдегі айдың 6 күні ҚСжАЕК жүргізіледі және ҚСжАЕБ-ге растау үшін жолданады.

20 20. ҚСжАЕБ ҚСжАЕК-не есепті келесі есептік кезеңдегі айдың 8 күні ұсынады.

21 21. ҚСжАЕК республика бойынша жалпы ведомствоаралық есепті және ҚСжАЕК Төрағасы немесе оны ауыстыратын лауазымды тұлға қол қоятын әр мемлекеттік орган бойынша жинақталған есептер құрады.

3 3. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы мәліметтер" 1-бөлімді толтыру

22

22. Бұл бөлімде әкімшілік ұстауға тартылған, күштеп жеткізілген және егер әкімшілік құқық бұзушылық жасалынған жерде хаттаманы құру мүмкін болмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрылған жерге жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ тұлғаларға қатысты еркін жүріп-тұруға превентивті түрде шектеу қолданылғандар бейнеленеді:
1-жолда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалардың саны туралы мәліметтер ескеріледі, оның ішінде 2-жолда ҚРӘҚБК 619-бабымен белгіленген тәртіпте жеткізілгендердің саны, 2-жолдан алынған 3-жолда әйелдердің саны, 4-жолда кәмелетке толмағандардың саны бейнеленеді;
5-жолда ҚРӘҚБК 620-бабымен белгіленген тәртіпте ұсталғандар, 5-жолдан алынған 6-жолда әйелдер, 7-жолда кәмелетке толмағандар;
8-жолда ҚРӘҚБК 625-бабымен белгіленген тәртіпте күштеп жеткізілуге тартылған тұлғалар, соның ішінде 9-жолда әйелдер, 10-жолда кәмелетке толмағандар (ішкі істер және қаржы полициясы органдары толтырады) бейнеленеді;
11-жолда ҚРӘҚБК 625-1-бабында белгіленген тәртіпте еркін жүріп-тұруға превентивті түрде шектелген тұлғалар саны туралы мәліметтер көрсетіледі, 11-жолдан алынған 12-жолда әйелдер, 13-кәмелетке толмағандар көрсетіледі (ішкі істер органдары толтырады);
прокурордың қаулы шығаруы арқылы босатылған тұлғалар 14-жолда көрсетіледі, 15-жолда ҚРӘҚБК 583-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген тәртіпте әкімшілік ұстауға заңсыз тартылған тұлғаларды босату туралы және 16-жолда ҚРӘҚБК 583-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында белгіленген тәртіпте тыйым салу және шектеу сипатындағы кез-келген шараларды алып тастау туралы мәліметтер бейнеленеді;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына шағымданудың саны туралы мәліметтер 17-жолда бейнеленеді, солардың ішінен 18-23-жолдарда қанағаттандырылған шағымдар және жоғары тұрған орган, лауазымды тұлға немесе сот қанағаттандырудан бас тартқан шағымдар туралы мәліметтер ескеріледі.

4 4. "Құқық қорғау органдарына жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер" 2-бөлімді толтыру

23 23. Осы бөлімде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚРӘҚБК619-бабының тәртібінде құқық қорғау органдарға жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі:

құқық қорғау органдарға жеткізілген тұлғалардың жалпы саны 1-жолда ескеріледі және 2 мен 3-жолдарда жынысына қарай бөлінеді, 4-жолда кәмелетке толмағандар, 5-8-жолдарда азаматтығына қарай, 9-13-жолдарда айналысатын жұмысына қарай, 14-21-жолдарда жас құрамына қарай, 22-24-жолдарда алкогольдік, нашақорлық және токсикомандық мас күйіне қарай, 25-жолда бұрын сотталғаны бойынша және соның ішінен 26-жолда шартты түрде сотталғанына қарай бөліп таралған мәліметтер бейнеленеді;
27-жолда, 1-жолда ескерілген тұлғалардың ішінен әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар көрсетіледі;
кейіннен медициналық айықтырғыштарға, қабылдағыш-таратқыштарға, арнайы қабылдағыштарға орналастырылған және кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімделу және оңалту орталықтарына жайластырылған тұлғалар туралы мәліметтер тиісінше 28, 29, 30 және, 31-жолдарда бейнеленеді.

5 5. "Қабылдағыш-таратқыштарға орналастырылған тұлғалар туралы мәліметтер" 3-бөлімді толтыру

24 24. Аталған бөлімде қабылдағыш-таратқыштарға орналастырылған тұлғалар туралы мәліметтер есепке алуға жатады (ішкі істер органдары толтырады).

1-жолда көрсетілген тұлғалардың жалпы саны туралы мәліметтер бейнеленеді, солардың ішінен: 2 - әйелдердің, 3 - ерлердің, 4 - ұсталған ата-аналарымен бірге отырған кәмелетке толмағандардың, 5 - зейнеткер жасындағы тұлғалардың, 6 - мүгедектердің, 7 - бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылғандардың, 8 - шартты түрде сотталғандардың, 9 – Қазақстан Республикасы азаматтарының, 10 - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі - ТМД) азаматарының, 11 - қиыр шет ел азаматтарының және 12 - азаматтығы жоқ тұлғалардың саны ескеріледі, 1-жолдың көрсеткіші 2-бөлімнің 29-жолының көрсеткішіне тең болуы қажет;
13-жолда жұқпалы аурулардың, соның ішінде 14-жолда - туберкулезбен ауыратындардың, 15-жолда ЖҚТБ-мен және 16-жолда соз ауруларымен ауыратындардың саны туралы деректер бейнеленеді;
органдар оларға қатысты әлеуметтік бейімделу шараларын қолданған тұлғалар туралы мәліметтер 17, соның ішінде 18 – жұмысқа орналастырылғандар, 19 – мүгедектер мен қартайғандар интернат-үйлеріне жолданғандар, 20 – әлеуметтік-бейімдеу орталықтарына жолданғандар, стационарлы емделу мекемелеріне жолданғандар - 21-жолдарда ескеріледі;
22-жолдарда құжаттарсыз және тұрақты мекенжайысыз ұсталған, 23-жолда басқа да сауалнамалық деректер бойынша, солардың ішінен 24-жолда іздестіруде жүрген, 25-жолда ТМД қатысушы-мемлекеттердің сұранымдары бойынша ұсталған тұлғалардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі;
26-жолда қабылдағыш-таратқыштардан босатылған тұлғалар, соның ішінде 27-жолда жеке басы анықталмаған және ұстау мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұлғалар, 28-жолда ұстау мерзімінің аяқталуына дейін босатылған, 29 - жолдарда оларды ішкі істер органдарына, 30 - қаржы полициясы органдарына, 31 - Қазақстан Республикасынан тыс елдерге шығару үшін көші-қон қызметіне беруіне байланысты босатылған, 32 - ҰҚК әскери полиция органдарына, 33 - Қарулы күштердің әскери полиция органдарына берілген тұлғалар туралы мәліметтер есепке алынуы тиіс.
34-жолда прокурор босатқан, соның ішінде 35-жолда – заңсыз шығарылған тұлғалардың саны туралы мәліметтер бейнеленеді.

Қолданыстағы