О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Балхаша № 20/03 от 6 мая 2009 года "О проведении призыва граждан 1982-1991 годов рождения на срочную воинскую службу весной и осенью 2009 года в Вооруженные Силы Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Балхаша № 20/03 от 6 мая 2009 года "О проведении призыва граждан 1982-1991 годов рождения на срочную воинскую службу весной и осенью 2009 года в Вооруженные Силы Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 20/03 "1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 45/01
- Қабылданған күні
- 16.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2014 49357_182124.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KD000160
- ЭКБ идентификаторы
- 49357
- Редакция идентификаторы
- 49357_182124
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:02
0 Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 20/03 "1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 20/03 "1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысының қосымшасына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-4-143 болып тіркелген, 2009 жылдың 29 мамырда N 63-64 (11421) "Балқаш өңірі" және N 62-63 (458) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) медициналық комиссиясының негізгі құрамына енгізілсін:
Айтжан Нышанұлы Тұрановты – хирург;
Гүлдана Мерекеқызы Бегалинаны – отоларинголог;
2 2) медициналық комиссиясының резервтік құрамына енгізілсін:
Лариса Александровна Переверзеваны - отоларинголог;
3 3) медициналық комиссиясының негізгі құрамынан шығарылсын:
Хамит Бакусұлы Сатимбековты – хирург;
Қайрат Көбентайұлы Бижановты – отоларинголог.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылауын Балқаш қаласы әкімдігінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ:
"Балқаш қалалық қорғаныс
істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Бекмағамбетов
"Қарағанды облысының денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Балқаш аймақтық өкілдігінің бастығы
М. Жанов