Қолданыстағы ред. 26.12.2007

Қарабау селосының Т. Таубаев көшесіндегі № 21 үйдің аула-қорасына мүйізді ірі қара малының құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы от 26.12.2007 г. № 345 (Қарабау селосының Т. Таубаев көшесіндегі № 21 үйдің аула-қорасына мүйізді ірі қара малының құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы)

0

Қарабау селосының Т. Таубаев көшесіндегі № 21 үйдің аула-қорасына мүйізді ірі қара малының құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы
Қарабау селосындағы Т. Таубаев көшесінің № 21 үйдің аула-қорасында мүйізді ірі қара малының құтырып ауырғандығы туралы, аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық игнспекторының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 508 ұсынылсын, Қазақстан Республикасының 2002 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қарабау селосындағы Т. Таубаев көшесіндегі № 21 үйдің аула-қорасына мүйізді ірі қара малының құтыру ауруымен ауырғандығына байланысты, шектеу белгіленсін.

2

2. Қарабау селосында аурудың алдын алу және ауру ошағын жою үшін індетке қарсы төтенше комиссия (әрі қарай комиссия) құрылып, Қазақстан Республикасының «ветеринария туралы» Заңының 26 бабының 2 тармағына көрсетілген іс шаралар ұйымдастырылсын.

3

3. Аудандық аумақтық инспекциясына (Ж. Ибрашев – келісім бойынша) індет ошағында мал иелерімен, мүдделі мекемелермен бірлесіп, құтыру ауруына қарсы ұйымдастыру шаруашылық, ветеринариялық-санитарлық және арнайы іс-шараларды жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына сәйкесті, тиісті жұмыстарды жедел ұйымдастыру ұсынылсын.

4

4. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (С. Дәулетқалиева – келісім бойынша), аудандық емханаға (С. Тайшыбай – келісім бойынша) індет ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізу, сақтандыру, алдын-алу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

5

5. Шектеу белгіленген Қарабау селосындағы бұралқы ит, мысықтармен күдікті жыртқыш аңдарды жою округ әкіміне (Ш. Қонысбаев) міндеттелсін.

6

6. Шектеу белгіленген үйдің аула-қорасынан мал мен мал өнімдерін, жем-шөп, минеральды витаминді қосымшалар, шикізаттар шығаруға, алып келуге тиым салып және аталған шараларды қатаң бақылауға алу аудандық ішкі істер бөліміне (С. Жапақов келісім бойынша) ұсынылсын.

7

7. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы Б. Дүзбаевқа тапсырылсын.

8

8. Осы қаулы 2007 жылғы 26 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісемін:
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы: С. Жапақов
Аудандық аумақтық инспекция
бастығы: Ж. Ибрашев
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы бастығының
міндетін атқарушы: С. Дәулетқалиев
Аудандық орталық емхана бас
дәрігері: С. Тайшыбай