Қарабау селосының Т. Таубаев көшесіндегі № 21 үйдің аула-қорасына мүйізді ірі қара малының құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабау селосының Т. Таубаев көшесіндегі № 21 үйдің аула-қорасына мүйізді ірі қара малының құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы Қарабау селосындағы Т. Таубаев көшесінің № 21 үйдің аула-қорасында мүйізді ірі қара малының құтырып ауырғандығы туралы, аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық игнспекторының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 508 ұсынылсын, Қазақстан Республикасының 2002 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабау селосындағы Т. Таубаев көшесіндегі № 21 үйдің аула-қорасына мүйізді ірі қара малының құтыру ауруымен ауырғандығына байланысты, шектеу белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қарабау селосында аурудың алдын алу және ауру ошағын жою үшін індетке қарсы төтенше комиссия (әрі қарай комиссия) құрылып, Қазақстан Республикасының «ветеринария туралы» Заңының 26 бабының 2 тармағына көрсетілген іс шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық аумақтық инспекциясына (Ж. Ибрашев – келісім бойынша) індет ошағында мал иелерімен, мүдделі мекемелермен бірлесіп, құтыру ауруына қарсы ұйымдастыру шаруашылық, ветеринариялық-санитарлық және арнайы іс-шараларды жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына сәйкесті, тиісті жұмыстарды жедел ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (С. Дәулетқалиева – келісім бойынша), аудандық емханаға (С. Тайшыбай – келісім бойынша) індет ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізу, сақтандыру, алдын-алу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Шектеу белгіленген Қарабау селосындағы бұралқы ит, мысықтармен күдікті жыртқыш аңдарды жою округ әкіміне (Ш. Қонысбаев) міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Шектеу белгіленген үйдің аула-қорасынан мал мен мал өнімдерін, жем-шөп, минеральды витаминді қосымшалар, шикізаттар шығаруға, алып келуге тиым салып және аталған шараларды қатаң бақылауға алу аудандық ішкі істер бөліміне (С. Жапақов келісім бойынша) ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы Б. Дүзбаевқа тапсырылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы 2007 жылғы 26 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Келісемін: Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы: С. Жапақов Аудандық аумақтық инспекция бастығы: Ж. Ибрашев Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы: С. Дәулетқалиев Аудандық орталық емхана бас дәрігері: С. Тайшыбай