О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области № 214 от 22 июня 2015 года «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области № 214 от 22 июня 2015 года «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта»
- Атауы (қаз.)
- «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 04.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2020 99983_441560.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16C0004771
- ЭКБ идентификаторы
- 99983
- Редакция идентификаторы
- 99983_441560
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:38
0 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 363 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12814 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 214 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4432 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
регламент атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;
көрсетілген регламенттің 1-қосымшасында жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«
«Жергілікті спорт
федерацияларын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша»
»;
көрсетілген регламенттің 2-қосымшасында жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«
«Жергілікті спорт
федерацияларын
аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша»
».
2 2. «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т. Шерияздановқа жүктелсін.
4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 363 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.