Құжат мәтініне өту

О внесений изменений и дополнений в постановление акимата города Приозерск № 2/2 от 15 января 2015 года «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Приозерск»

Қаулы · № 9/1 · қабылданған 02.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-22-15-2015/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесений изменений и дополнений в постановление акимата города Приозерск № 2/2 от 15 января 2015 года «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Приозерск» Қолданыста Қаулы ·№ 9/1 ·02.03.2015
02.03.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесений изменений и дополнений в постановление акимата города Приозерск № 2/2 от 15 января 2015 года «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Приозерск»

Қолданыста Қаулы ·№ 9/1 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесений изменений и дополнений в постановление акимата города Приозерск № 2/2 от 15 января 2015 года «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Приозерск»
Атауы (қаз.)
Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2/2 «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9/1
Қабылданған күні
02.03.2015
Көрсетілген редакция
02.03.2015 88336_Some(7467).kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15KR003078
ЭКБ идентификаторы
88336
Редакция идентификаторы
88336_Some(7467)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:16

0 Приозерск қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 2/2 «Приозерск қаласының
тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2/2 «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2976 болып тіркелген, «Приозерский вестник» газетінде 2015 жылдың 27 ақпанында № 08/393 жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) аталған қаулыда тақырып келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы»;

2 2) қаулыда 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

3 3) «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесінде тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі»;

4 4) ережеде 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. «Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік басқару және бақылау міндеттерін орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады (бұдан әрі - Мекеме).»;

5 5) ережеде 9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде - «Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции города Приозерск».»;

6 6) ережеде 14 тармақ келесі мазмұндағы 27, 28, 29, 30, 31, 32 тармақшалармен толықтырылсын:

«27) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына бақылау функцияларын жүзеге асырады;
28) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына бақылау функцияларын жүзеге асырады;
29) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытында орындалуына бақылау функцияларын жүзеге асырады;
30) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға бақылау функцияларын жүзеге асырады;
31) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
32) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес тексеруді Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес жүргізеді.»;

7 7) ережеде 16 тармақ келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға құқығы бар.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы