О внесении изменений в решение Шуского районного маслихата № 22-5 от 12 ноября 2013 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Шускому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шуского районного маслихата № 22-5 от 12 ноября 2013 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Шускому району»
- Атауы (қаз.)
- «Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2-8
- Қабылданған күні
- 16.05.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2017 103111_270889.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GK003101
- ЭКБ идентификаторы
- 103111
- Редакция идентификаторы
- 103111_270889
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:10
0 «Шу ауданы бойынша әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын бекіту
туралы» Шу аудандық мәслихатының
2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2057 болып тіркелген, 2013 жылдың 18 желтоқсанында №100 «Шу өңірі» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
8 тармақ келесі басылымда жазылсын:
«8. Жан басына шаққанда орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің он еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар дәрілік заттарға төзімді туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториялық ем жалғастырушы тұлғаларға 12 372 (он екі мың үш жүз жетпіс екі) теңге көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек, ал жан басына шаққанда орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің он еселік көлемінен аспайтын туберкулездің 1 (6-8 ай) және 2 (8-10 ай) санатында қысқа мерзімде амбулаториялық ем алатын адамдарға 10 000 (он мың) теңге көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі.»