Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Шуского районного маслихата № 22-5 от 12 ноября 2013 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Шускому району»

Ереже · № 38-4 · қабылданған 31.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-22-5-12-2013-ekb-89008/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Шуского районного маслихата № 22-5 от 12 ноября 2013 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Шускому району» Күшін жойған Ереже ·№ 38-4 ·31.03.2015
21.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Шуского районного маслихата № 22-5 от 12 ноября 2013 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Шускому району»

Күшін жойған Ереже ·№ 38-4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Шуского районного маслихата № 22-5 от 12 ноября 2013 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Шускому району»
Атауы (қаз.)
«Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
38-4
Қабылданған күні
31.03.2015
Қолданысқа енгізілген күні
10.05.2015
Көрсетілген редакция
21.12.2017 89008_270887.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15GK002623
ЭКБ идентификаторы
89008
Редакция идентификаторы
89008_270887
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:42

0 «Шу ауданы бойынша әлеуметтік

көмек көрсетудің, оның мөлшерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы» Шу аудандық
мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 22-5 шешіміне өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының   6 бабына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2057 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №100 «Шу өңірі» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
3 тармақ келесі басылымда 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) ең төмен күнкөріс деңгейі – Жамбыл облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну есебінін құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс»;
7 тармағы жаңа редакциада мазмұндалсын:
« Атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмек:
9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
-қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде;
-екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
-қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар, сондай- ақ 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген ( әскери қызмет өткерген) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиарлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
15 ақпанға:
-Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
-Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;
-1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
26 сәуірде:
-1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
-1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасына 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
29 тамызға:
-Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде».
8 тармақ келесі басылымда жазылсын:
«Ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториалық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға ( ай сайын) 10 000 (он мың) теңге әлеуметтік көмек көрсетіледі».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, аймақты, энергетика, байланыс, әкімшілік-аумақтық құрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы