О внесении изменений в решение Шуского районного маслихата № 22-5 от 12 ноября 2013 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Шускому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шуского районного маслихата № 22-5 от 12 ноября 2013 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Шускому району»
- Атауы (қаз.)
- «Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-6
- Қабылданған күні
- 12.04.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2017 111807_270885.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17GK003411
- ЭКБ идентификаторы
- 111807
- Редакция идентификаторы
- 111807_270885
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:25
0 «Шу ауданы бойынша әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы» Шу аудандық
мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 22-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2057 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №100 «Шу өңірі»-«Шуская долина» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
8- тармақ келесі басылымда жазылсын:
«дәрілік заттарға туберкулез аурумен, амбулаториялық ем жалғастырушы тұлғаларға ай сайын 21871 (жиырма бір мың сегіз жүз жетпіс бір) теңге, ал туберкулездің 1 және 2 санатында қысқа мерзімде (6-8 ай) амбулаториялық ем алатын адамдарға 10 000 (он мың) теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі».
9 тармағының бірінші, екінші абзацы алынып тасталынсын.