О внесении дополнения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 22/157-V от 17 апреля 2014 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Катон-Карагайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 22/157-V от 17 апреля 2014 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Катон-Карагайского района»
- Атауы (қаз.)
- «Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/26-VI
- Қабылданған күні
- 17.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2023 104817_681913.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VM004603
- ЭКБ идентификаторы
- 104817
- Редакция идентификаторы
- 104817_681913
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:43
0 «Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 қаулысына сәйкес, Катонқарағай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының «Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V (нормативтік құқықтық актілердің 2014 жылғы 20 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3328 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырдағы № 39 (7728) «Арай» газетінде жарияланған) шешіміне толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
1 -бөлімнің 1- тармағы келесі мазмұндағы 11) тармақшамен
толықтырылсын:
«11) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.