О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 22/157-V от 17 апреля 2014 года "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Катон-Карагайского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 22/157-V от 17 апреля 2014 года "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Катон-Карагайского района"
- Атауы (қаз.)
- "Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26/195-V
- Қабылданған күні
- 23.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2023 83806_681923.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VM003504
- ЭКБ идентификаторы
- 83806
- Редакция идентификаторы
- 83806_681923
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:45
0 "Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Катонқарағай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1.
Катонқарағай аудандық мәслихатының «Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3328 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 23 мамырдағы № 39 (7728) «Арай» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген, Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
2-тараудың 10-тармағы 4) тармақшасы 11-азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталғандарға – 5,4 айлық есептік көрсеткіш.»
2.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.