О внесении дополнений в постановление акимата района № 239 от 15 декабря 2004 года «О правилах оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям населения в Акжарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата района № 239 от 15 декабря 2004 года «О правилах оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям населения в Акжарском районе»
- Атауы (қаз.)
- 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 239 «Ақжар ауданындағы жекелеген санаттағы халыққа бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы» аудан әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 494
- Қабылданған күні
- 06.10.2005
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2024 26009_724757.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05SD000015
- ЭКБ идентификаторы
- 26009
- Редакция идентификаторы
- 26009_724757
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:19
0 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 239 «Ақжар ауданындағы жекелеген санаттағы халыққа бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы» аудан әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 239 «Ақжар ауданындағы жекелеген санаттағы халыққа бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» (тіркеу №1423) (одан әрі Ереже), 2005 жылғы 8 қаңтардағы аудандық «Дала дидары» газетінде жарияланған, қаулысына төмендегі толықтырулар енгізілсін:
1 1. Ереженің 4 тармағы «жоғары оқу орындарын бітіргендер, ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген, жас мамандарға пәтер алу үшін материалдық көмек көрсету мақсатында» сөздерімен толықтырылсын.
2 2. Ереженің 5 тармағы «әрбір жас мамандарға - 100000 теңгеден» сөздерімен толықтырылсын.
3
3. Ереженің 6 тармағы «Жас мамандарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін келесі құжаттар қажет: жас маманның арызы, жас маман жұмыс істейтін мекеме немесе ұйым басшысының қолдаухаты, еңбек шартының көшірмесі, өтінушінің төл-құжаттың көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмері, нотариалдық куәландырылған білім туралы құжатының көшірмесі» сөздерімен толықтырылсын.