«О внесении дополнений в решение Есильского районного маслихата № 24/4 от 10 февраля 2006 года «Об утверждении - «Программы развития жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Есильского района на 2006-2007 годы» Қолданыста
Басқа 0
«Есіл аудандық мәслихатының 2006 жылдың 10 ақпанындағы 24/4 «2006-2007 жылдарға арналған Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты шешті:
Тармақ 1
1. Есіл аудандық мәслихатының 10.02.2006 ж. № 24/4 «2006-2007 жылдарға арналған Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне (Ақмола облысы Есіл аудандық әділет басқармасында 15.02.2006 ж. 1-11-37 нөмірімен тіркелген, 27.02.2006ж. «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 2006-2008 жылдарға арналған Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы Есіл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 5. БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
Есіл аудандық мәслихатының
2006 жылғы 21 наурыздағы
№ 25/8 шешіміне бекітілген
2006-2008 жылдары Есіл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасы
Есіл қ. 2006 жыл
БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
Тармақ 1
1. Паспорт 3
Тармақ 2
2. Кіріспе 5
Тармақ 3
3. Қазіргі жағдайы мен мәселелерін талдау 6
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 7
Тармақ 5
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері 8
Тармақ 6
6. Қаржыландырудың қажетті қорлары мен көздері 8
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже 9
Тармақ 8
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс шаралар жоспары 10
Тарау 1. 1. ПАСПОРТ
1. ПАСПОРТ
Аталуы:
2006-2008 жылдары Есіл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеуге негіздеме:
Қазақстан Республикасының Бюджетті Кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы №93 «2002-2010 жылдарда ауыз сулары» салалық бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы, Ақмола облыстық мәслихатының 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 3 С-11-3 «2005-2007 жылдары Ақмола облысы жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу, салу және дамыту жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы» шешімі.
Бағдарламаны әзірлеуге жауаптылар:
«Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
Бағдарлама мақсаты:
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты орнықты дамыту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру негізінде коммуналдық қызмет сапасының көтерілуін қамтамасыз ету. Аудан халқын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету. Жергілікті жердегі автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту.
Бағдарлама міндеттері:
Қазандықтар мен жылу жүйелері жабдықтарының күрделі және ағымдағы жөнделуі жөніндегі іс шаралардың орындалуы.
Елді мекендердің шаруашылық - ауыз суымен қамтамасыз етілуінің тиісті жағдайына келтіру және су өткізу жүйелерінің құрастырылуы жөніндегі жоспарларды жүзеге асыру.
Ауданның жергілікті жердегі жолдардың апатты учаскелерін жою, аудан жолдарының біршама жерлеріне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу.
Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй коммуналдық жүйесіндегі өз қызметтерінің тұрақты орындалуы үшін коммуналдық кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайту.
Көркейту, көгалдандыру және ауданның санитарлық жағдайының тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі іс шаралардың әрі қарай жүзеге асырылуы.
Жүзеге асырылу мерзімдері:
2006-2008 жылдары
Қаржыландыру көздері:
Қаржыландыру көзі - мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қаражаты, жергілікті және республикалық бюджеттер
Күтілетін нәтиже:
Көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын көтеру, жол жағдайларын жақсарту, аудан халқын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Ауданның бірінші кезекте Есіл қаласындағы коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының жағдайы, қазіргі уақытта тиісті деңгейде емес, материалдық техникалық базасы ескірген, технологиялық жабдықтардың және инженерлік жүйелердің (жылу және су өткізу - канализациялық) нормадан жоғары тозушылығы халықты коммуналдық қызметпен тұрақты қамтамасыз етуге іс жүзінде қауіп-қатер туғызады.
Жыл сайын жергілікті бюджеттен бөлінетін бюджет қаражаты өсуде, бірақ бұл тек қана апатты жөндеу жұмыстары мен басқа да іс шараларға ғана жеткілікті, ал нақты түрде коммуналдық шаруашылық жағдайын сапалы етіп жақсартуға жеткіліксіз.
Коммуналдық қызметтің нақты өз құнының қолданылып жүрген тарифтерге сәйкеспейтіндігінің айтарлықтай маңызы бар. Тұтынушылар тарапынан олар мөлшерінен жоғары көрінсе, қызмет көрсетушілер оны шығынды жаба алмайды деп есептейді
Есіл ауданының аудандық бюджетінде және тұрғын үй қорындағы әлеуметтік жүйе нысандарының жылумен қамтылуын 7 қазандық жүзеге асырады, оның 4-еуі «Коммунальщик» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК балансында тұрады, ал 3 қазандық жеке кәсіпкерлердің жалға ұстауында.
Жылу жүйелері және қазандық жабдықтары өзінің пайдалану мерзімін толық өткізген. Оларды жаңартуға қажетті жұмыстарды тек кәсіпорынның жеке қаражаты есебінен ғана жүргізу мүмкін емес. Осы факторлар жылу энергиясын өндірудің маңызды кедергісін тудырады.
Халықты сумен қамтамасыз етудің киын мәселелері Есіл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына біршама кедергілер мен сенімсіздік туғызады. Халықтың сапалы ауыз суына кенінен қол жеткізе алмауы адамдардың денсаулығының төмендеу салдарына әкеліп соқтырады. Су өткізу жүйелерін құрастыру жөніндегі іс шараларды жүргізу тұтынушылар үшін сумен қамтуды тұрақтандыру мүмкіндігін береді және жүйелі кызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындардың экономикалық жағдайын жақсартады.
Жергілікті автомобиль жолдарының жағдайы көлік қоғалысының қауіпсіздігіне бірқатар қауіп қатер төндіреді. Жылдан жылға көлік құралдарының саны және аудан көшелеріндегі қозғалыс қарқындылығы өсіп келеді. Осыдан жергілікті жердегі жолдарды күрделі түрдегі жөндеу шараларын жүргізудің өте өткір кажеттілігі туындап отыр.
Бағдарламада аудан орталығы ретінде Есіл қаласын көркейту, санитарлық тазалығы жөніндегі жұмыстар жүргізу қарастырылған.
Осы бағдарлама саланың әрі қарай нығаюы және дамуы жөніндегі іс шаралардың аудандық, облыстық және республикалық бюджет қаражаты есебінен, коммуналдық кәсіпорынның жеке қаражатын тарту есебінен жүзеге асырылып нәтижесінде Есіл ауданы тұрғын үй коммуналдық жүйесінде көрсетілетін қызметтің сапасын арттырады.
Тарау 3. 3. Қазіргі жағдайы мен мәселелерін талдау.
3. Қазіргі жағдайы мен мәселелерін талдау.
Тармақша 1
1) Жылумен қамтылу жағдайы.
Есіл ауданында жылу берумен айналысатын коммуналдық шаруашылық құрылымы: «Коммунальщик» ШЖҚ МКК, «Керамзит» ЖПК, Гороховский ЖК, Нейфельд ЖК-нен тұрады.
Олардың негізгі міндеттері жылу энергиясын өндіру және тұтынушыларға тарату.
Жылуды тұтынушылар: тұрғын үйлер және заңды тұлғалар.
Жүйелердің бөлініп таратылу ұзындығы -7,171 км құрайды. Пайдаланылу мерзімі 30 жылдан астам, казіргі уақытта 90 %-ы апатты жағдайда және ауыстыруды қажет етеді.
Жылумен қамту кәсіпорындарының негізгі мәселесі Ақмола облысы бойынша Табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау іс әрекеттерін реттеу жөніндегі басқармасы бекіткен жылу энергиясын өндіру және беруге алынған тариф.
Осылай «Коммунальщик» ШЖҚ МКК өткен жылыту маусымында тариф 1 Г/кал-ға (НДС-сіз) 1765 теңге көлеміне жеткен. Осыдан 2004-2005 жылдағы жылыту маусымының нәтижесі бойынша нақты өзіндік кұны 1 Г/кал- ға 2017 теңгені құрады. Осындай жағдайда кәсіпорынның жоспарлы кызметтері 17650 мың теңгені құруға і иісті болатын, бірақ нәтижесінде маусым бойынша жұмсалған шығын 19784,1 мың теңгені құрады. Осының салдарынан кәсіпорын 2134,1 мың теңге шығынға отырды.
Қолданылып жүрген тарифтер мен жылу энергиясын өндірудің нақты өзіндік құны арасындағы сәйкессіздік беталысы жылумен қамту қызметін көрсетумен айналысатын барлық кәсіпорындарға да тән.
Кәсіпорындардың шығынға ұшырауының негізгі себептері тарифпен бекітілген қызметтің өзіндік құнының артуы, отынның, электр энергиясының, еңбек ақысының, көлік пайдалану шығындарының, жабдықтарды жөндеуге қажетті материалдардың құнының өсуі болып табылады.
Осының салдарынан барлық коммуналдық кәсіпорындарда салықтар және алынған отындар мен электр энергиясына міндетті төлемдер бойынша кредиторлық қарыздар жиналған.
Нысандарды жылумен тұрақты өз бетінше қамтамасыз ету бұл кәсіпорындарға қиындық келтіреді.
Осыған байланысты мұндай тапсырмалардың шешімін табу үшін облыстық және аудандық бюджеттен қаражат бөліну қажет.
Тармақша 2
2) Есіл ауданының сумен қамтылу жағдайы.
Есіл қаласында сумен қамту, сарқынды суды алу және тазарту қызметтерін «Коммунальщик» ШЖҚ МКК көрсетеді.
2005 жылы кәсіпорын кызметін бастағанда ақ 3819,0 мың теңге көлемінде шығынға ұшырады.
Кәсіпорынның шығынға ұшырау себебі қызметіне алынған тарифтің оның өзіндік құнына сәйкеспейтіндігінен, технологиялық жабдықтарының бірінші кезекте инженерлік жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлығынан, осыған байланысты апат жағдайларының өсуі және соның салдарынан нормадан тыс судың жоғалуына соқтырады.
Тармақша 3
3) Автомобиль жолдарының жағдайы және көркейту жұмыстары.
Есіл ауданындағы жергілікті маңызы бар жергілікті автомобиль жолдарының қашықтығы 201,8 км-ді құрайды. Тексеру жұмыстарының жүргізілуі бойынша жолдарда ойылған, деформацияланған, жарылған жерлерінің көптігі, яғни күрделі жөндеуді қажет ететінін көрсетіп отыр.
Бірінші кезектегі тәртіпте 78 км жөндеу жұмысын қажет етеді. Осы мақсаттарға аудандық және жоғары орындағы бюджеттерден қаражат бөліну қажет.
Соңғы екі жылда жергілікті автомобиль жолдарын қамтып ұстауға және жөндеу жұмысына бөлінетін күрделі салымдар өсуде.
Айтар болсақ, 2003 жылы жөндеу жұмысына және ағымдағы қамтуға жергілікті бюджеттен 11 000 мың теңге бөлінсе, 2005 жылғы облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 11 500 мың теңге бөлінген.
Солай десек те, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат жолдардың жөнделуін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екені анық.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуі бойынша Ақмола облысы автомобиль жолдарының 1 километрін ұстауға қаржыландыру нормасы 114,6 мың теңгені құрайды. Аудан жолдары бойынша бұл көрсеткіш нормадан төмен 61,8 мың теңгені құрайды.
Жолдардың сапасыздығы, әсіресе қысқы кезеңде қолайсыздықты көрсетеді, бұл аудан халқының тарапынан шағым тууға негіз болып, сөгіс естіртеді.
Есіл ауданында аумақтың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату, көркейту жөніндегі іс шараларды орындау жұмыстарын «Баймағанбетов» ЖК жүзеге асырады.
Көше бойларын жарықтандыруды құру және қалпына келтіру, көше қозғалысын реттеу құралдарының санын өсіру жұмыстарын жүргізу талап етіледі.
Сонымен бірге кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайтуды, арнайы техникалар сатып алу қажеттігі туындап отыр.
Бұл мақсатқа да бюджет қаражатын тарту қажет.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады.
- Есіл ауданының халқына коммуналдық қызметті тұрақты және сапалы көрсету;
- сумен қамту кызметін жақсарту және тұрақтылығын көтеру үшін су өткізу жүйелерін қайта құрастыру;
- жол қозғалысының кауіпсіздігі мен тұрақтылығын көтеру үшін жолды күрделі жөндеу жөніндегі іс шараларды жүргізу;
- Есіл ауданының көркейтілу деңгейін көтеру.
Алға қойылған мақсаттардың орындалуы үшін мынадай міндеттерді шешуді алға қояды:
- аудан және қала халқын ауыз суымен тұрақты қамтамасыз ету;
- судың босқа ағу жағдайларын қысқарту;
- сапасыз суды пайдаланудан халықтың ауруының өсуін төмендету;
- тұтынушыларға тоқтаусыз су беруге кедергі келтіретін апат жағдайларын азайту;
- атмосфераға таралатын зиянды қалдықтарды азайту;
- өндірістік шығынды қысқарту;
- жылу көздерінің пайдалы кызмет коэфициенттерін көтеру;
- қазандық жұмыскерлері еңбегінің шарттары мен қауіпсіздігін жақсарту;
- коммуналдық кәсіпорындардың олардың өз кызметтерін тұрақты орындауы үшін материалдық-техникалық базасын нығайту;
- жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстау, жөндеу және қайта құрастыру жұмыстарының нәтижелі жүргізілуін қамтамасыз ету.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмі.
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмі.
Бағдарламаның негізгі бағыттарына құрылыс және кайта құрастырылу, технологиялық жабдықтардың күрделі және ағымдағы жөнделу жұмыстары, кәсіпорынның жылу және сумен қамту инженерлік жүйелері, Есіт ауданының жол желілері есебіне негізгі өндірістік құралдарды жаңарту, арнайы техникалар сатып алу қаралады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың механизміне тұрғын ұй коммуналдық шаруашылығындағы жоспарланған жұмыстарды мерзімінде қаржыландыру және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жұмысы және ұстау жатады.
6. Қаржыландырудың қажетті қорлары мен көздері
Бағдарламаны жүзеге асырудағы жалпы құнының бағалануы 891969 мың теңге, оның :
- жылу трассасының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы, технологиялық жабдықтарды ауыстыруға қазандық жабдықтары 23867 мың теңге;
- ауданның су өткізу жүйелерін қайта құрастыруға жергілікті және республикалық бюджеттен 646167 мың теңге талап етіледі;
- көркейту жұмыстары және санитарлық тазалық іс шараларын жүргізуге 84460 мың теңге,
- 201,8км-ді қамтитын жергілікті маңызы бар жолдарды ұстау және жөндеу жұмысына 91475 мың теңге бағыттау жоспарлануда;
- мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жарғылық капиталын өсіруге 46000 мың теңге бағыттау талап етіледі.
Негізгі жұмсалатын қаражат жергілікті, республикалық бюджеттен және басқа да көздерден бағыттау жоспарланады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже.
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже.
Бағдарлама іс шараларының орындалуы Есіл ауданына көрсетілетін кызмет бойынша коммуналдық кәсіпорынға рентабелділік алуды қамтамасыз етеді. Қазандықтың, технологиялық жабдықтардың және жылу өткізу жүйелерінің уақытылы жөнделу мүмкіндігін береді. Есіл ауданының тұрғындарының жылумен қамтылуының сапасы артады.
Жергілікті маңызы бар жолдардың күрделі жөнделу жұмысын жүргізу көше көркін дұрыстайды.
2006-2008 жылдарға арналған Есіл ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдарын дамыту бойынша іс-шаралар ЖОСПАРЫ
№
Іс-шаралар
Аяқтау үлгісі
Жауапты орындаушылар
Орындалу мерзімі (жыл)
Қаржыландыру көздері
Болжанған шығындар (мың. теңге)
2006
2007
2008
Республикалық бюджет
Облыстық бюджет
Аудандық бюджет
Шаруашылық етуші субъект
Республикалық бюджет
Облыстық бюджет
Аудандық бюджет
Иелік етуші субъектілер қаржысы
Республикалық бюджет
Облыстық бюджет
Аудандық бюджет
Иелік етуші субъектілер қаржысы
Есіл к. Жылумен қамту «Коммунальщик» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
1
№1 Қазандық
4-ші қазандықты дайындау және айырбастау, ұзыннан тартуға желдеткіш-1 дана, жылу трассасын айырбастауға 700м,жылжымаларды айырбастауға 28д. ұзыннан тартуға желдеткіш 1 дана, жылу трассасын айырбастауға 600м,жылжымаларды айырбастауға 18дана,В-Ц 14-46 астынан үрлейтін радиалды желдеткіш-2д.айналым сорғыш - 100 м3 1,5 мың.айн/мин-1д. Үшінші қазандықты дайындау және айырбастау,жылу трассасын жөндеу, жылжымаларды жөндеу және айырбастау 15д.
Орындалған жұмыс актісі
«Коммунальщик» ШЖҚ МКК
-
-
-
1900,0
-
-
-
1100,0
1200,0
2
№ 2 Қазандық
2 қазандықты дайындау және айырбастау, ұзыннан тартуға желдеткіні-1 дана.тарту тұрбасын айырбастау, В-Ц14-46 астынан үрлейтін радиалды желдеткіш-1д жылу трассасын айырбастауға 300м,жылжымаларды айырбастауға 9д. Ұзыннан тартуға желдеткіш 1 дана, айналым сорғыш-125м3 1,5 мың.айн/мин-1д. Ц14-46 астынан үрлейтін радиалды желдеткіш-2д. трассасын айырбастауға 1700м, жылжымаларды айырбастауға 25 дана.
Жылу трассасын жөндеу.жылжымаларды жөндеу және айырбастау 10 д.қазандық үйін жөндеу,В-Ц 14-46 радиальды желдеткіш қою 1 д.
Орындалған жұмыс актілері
«Коммунальщик» ШЖҚ МКК
-
-
-
2342,0
-
-
-
2110,0
1700,0
3
№ 3 Қазандық
3 қазандықты дайындау және айырбастау, ұзыннан тартатын желдеткішті айырбастау-1д., жылу трассасын айырбастауға 200м, Ұзыннан тартуға желдеткіш 1 дана, айналым сорғыш – 100 м3 1,5 мың.айн/мин- 1д. жылу трассасын айырбастауға 1500м, жылжымаларды айырбастауға 46 дана 1-ші қазандықты дайындап,айырбастау, жылжымаларды жөндеу және айырбастау 19 д, қазандық үйін жөндеу
Орындалған жұмыс актілері
«Коммунальщик» ШЖҚ МКК
-
-
-
2680,0
-
-
-
2040,0
1400,0
4
№ 4 Қазандық
Жылу трассасын айырбастау - 1000 м, циркуляционного насоса - 120м3 1,5 тыс. об/мин,- 1 д. жылжымаларды айырбастау 60 д., № 1- қазандық тұрбасын айырбастауға-800м.
Жылу трассасын айырбастауға – 1500 м, түтін сорғышты айырбастау, жылжымаларды айырбастауға - 70шт., № 2 қазандық тұрбасын айырбастауға - 800м.
Жылу трассасын жөндеу,жылжымаларды айырбастау 20д, қазандықтарды жөндеу,В-Ц 14-46 радиальды желдеткішін айырбастау 1д. айналым сорғышын айырбастау.
Орындалған жұмыс актілері
«Коммунальщик» ШЖҚ МКК
-
-
-
2510,0
-
-
-
2985,0
1900,0
Жылумен қамту бойынша барлығы 23867,0
ЕСІЛ АУДАНЬІИЫҢ СУМЕН ҚАМТЫЛУЫ
5
Су кұбырлары жүйесін және сумен қамту нысандарын ағымдағы жөндеу Есіл к.
Орындалған жұмыс актілері
Есіл қ.әкімдік
-
1400
2000
-
-
-
-
-
6
Есіл қаласының су құбырлары жүйесінің күрделі жөнделуіне жобалау - сметасының құжаттарын және мемлекеттік сараптама әзірлеу
«Есіл ауданының құрылыс бөлімі» ММ
11000
-
-
-
-
-
-
-
7
Есіл қаласының су құбырлары жүйесін күрделі жөндеу
Мемлекеттік комиссияның актілері
Есіл қ. Әкімдік
150000
-
-
-
200000
-
-
- 200000
8
Приишимка, Двуречный ауылдары су құбырлары жүйесін күрделі жөндеу
Мемлекеттік комиссияның актілері
Двуречный а/о.әкімдігі
19860
-
-
-
-
-
-
9
Қаракөл ауылы су құбырлары жүйесін күрделі жөндеу
Мемлекеттік комиссияның актілері
Қаракөла/ о.әкімдігі
6450
-
-
-
-
-
-
10
Заречный ауылы су кұбырлары жүйесін күрделі жөндеу
Мемлекеттік комиссияның актілері
Заречный а/о.әкімдігі
12752
-
-
-
-
-
-
11
Двуречный ауылы су құбырлары жүйесін күрделі жөндеу
Мемлекеттік комиссияның актілері
Двуречный
а/о.әкімдігі
-
-
-
-
9040
-
-
12
Біртал ауылы су құбырлары жүйесін күрделі жөндеу
Мемлекеттік комиссияның актілері
Біртал а/о.әкімдігі
-
-
-
-
4012
-
-
13
Бұзылық ауылы су құбырлары жүйесін қайта жаңарту
Мемлекеттік комиссияның актілері
Бұзылықа /о.әкімдігі
-
-
-
-
17053
-
-
СУМЕН КАМТУ БОЙЫНША БАРЛЫҒЫ 646167
ЕСІЛ АУДАНЫН КӨРКЕЙТУ
14
Жергілікті маңызы бар жолды ұстау
Орындалған жұмыс актілері
«Есіл ауданының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ, Есіл қаласының әкімдігі, ЖШС «МирашН»
-
8185
-
9000
-
8577
-
9423
9000
-
1000
15
Жолдарды жөндеу
Гагарин к (2870 м2)
Киев к (4040 м2)
Пионер к (2450 м2)
Мемлекеттік комиссияның актілері
«Есіл ауданының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ, Есіл қаласының әкімдігі, ЖШС «МирашН»
-
-
11290
-
-
-
12000
-
14000
ЖОЛ ЖӨНДЕУ МЕН ҰСТАУҒА БАРЛЫҒЫ 91475
16
Елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету
Орындалған жұмыс актілері
Есіл ауданының
ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ, Есіл қаласының әкімдігі,» Коммуналыцик» ШЖҚ МКК, Баймағамбетов ЖК.
-
-
5400
-
-
-
6000
-
6500
17
Жерлеу және туыстары жоқтарды жерлеу орындарын ұстау
Есіл ауданының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ, Есіл қаласының әкімдігі, Баймағамбетов ЖК.
-
-
100
-
-
-
150
-
200
18
Освещение улиц населенных пунктов
Акты выполненых работ
Есіл ауданының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ, Есіл қаласының әкімдігі АЭС,ЭТС
-
-
1800
-
-
-
1800
-
2000
19
Есіл қаласындағы 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы
Мемлекеттік комиссияның актілері
«Құрылыс бөлімі» ММ, Есіл қаласының әкімдігі
40000
-
-
-
-
-
-
-
20
18 пәтерлі тұрғын үйді көркейту және инженерлі коммуникациялау
Мемлекеттік комиссияның актілері
«Құрылыс бөлімі» ММ, Есіл қаласының әкімдігі
20600
-
-
-
-
-
-
-
КӨРКЕЙТУ БОЙЫНША БАРЛЫҒЫ 84460
КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН НЫҒАЙТУ
Мемлекеттік кәсіпорындар үшін арнайы техникалар сатып алу. Айналымдағы қаржыны толықтыру.
Мемлекеттік сатып алулар
-
-
12000
-
-
-
16000
-
18000
ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАНЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН БАРЛЫҒЫ 46000
БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ЖИЫНЫ 891969