Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 28/214-V от 23 декабря 2014 года «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Ереже · № 2/16-VI · қабылданған 13.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-28214-v-23-2014/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 28/214-V от 23 декабря 2014 года «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 2/16-VI ·13.04.2016
12.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 28/214-V от 23 декабря 2014 года «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 2/16-VI · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 28/214-V от 23 декабря 2014 года «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Катонқарағай аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 28/214-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/16-VI
Қабылданған күні
13.04.2016
Көрсетілген редакция
12.04.2024 102587_703119.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VM004547
ЭКБ идентификаторы
102587
Редакция идентификаторы
102587_703119
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:37

0 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын

бекіту туралы» Катонқарағай аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 28/214-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97- бабына, «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 28/214-V (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3643 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпандағы № 9 (7791) «Арай» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін
көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасының:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.»;
5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) тоқсан сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш бере алады және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы