О внесении изменений и дополнений в решение Таразского городского маслихата № 29-5 от 14 мая 2010 года "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малоообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Таразского городского маслихата № 29-5 от 14 мая 2010 года "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малоообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз"
- Атауы (қаз.)
- "Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36-7
- Қабылданған күні
- 23.12.2010
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.01.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2014 57064_174680.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10GA000119
- ЭКБ идентификаторы
- 57064
- Редакция идентификаторы
- 57064_174680
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:32
0 "Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТI:
1
1. «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-117 болып тіркелген, 2010 жылдың 23 маусымда № 25 «Жамбыл Тараз» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiнің:
4 тармақтағы «15» сандары «10» сандарымен ауыстырылсын;
5 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі»;
6 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы тоқсанның бірінші айының 1-ші күнінен соңғы айының 20-шы күніне дейін жүргізіледі және тоқсанға толығымен тағайындалады, ал ағымдағы тоқсанның 20-шы күнінен кейін түскен өтініштер бойынша тұрғын үй көмегі өтініш иесіне келесі айдың 1-ші күнінен бастап тағайындалады»;
9 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жеке тұтыну есептеуіші бойынша пайдаланған коммуналдық қызметтердің нақты сомасы қызметтің сол түрі бойынша бекітілген нормадан аспауы қажет»;
14 тармақтың 2) тармақшасындағы «50» сандары «80» сандарымен ауыстырылсын.