Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение № 3-6 от 11 апреля 2012 года "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Тарбагатайского района"

Ереже · № 11-5 · қабылданған 10.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-3-6-11-2012/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение № 3-6 от 11 апреля 2012 года "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Тарбагатайского района" Күшін жойған Ереже ·№ 11-5 ·10.04.2013
27.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение № 3-6 от 11 апреля 2012 года "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Тарбагатайского района"

Күшін жойған Ереже ·№ 11-5 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение № 3-6 от 11 апреля 2012 года "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Тарбагатайского района"
Атауы (қаз.)
"Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 3-6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-5
Қабылданған күні
10.04.2013
Көрсетілген редакция
27.03.2020 72472_456926.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VP002949
ЭКБ идентификаторы
72472
Редакция идентификаторы
72472_456926
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:18

0 "Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 3-6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 2 тармағы, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1316 қаулысына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 11 сәуірдегі Тарбағатай аудандық мәслихатының № 3-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 14 мамырда № 5-16-129 нөмірмен тіркелген, 2012 жылдың 24 мамырында аудандық «Тарбағатай» газетінің № 46 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:

2 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1 1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

2 2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

3 3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

4 4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;

8 8-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

9

«9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.».

12 12-тармақ алынып тасталынсын.

2

2. Осы шешімінің 1-тармағының 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын сегізінші, он үшінші, он төртінші абзацтарын және осы шешімінің 1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы