Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Безымянный № 3 и его руслоотводного канала, расположенных в Жарминском районе, и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Безымянный № 3 и его руслоотводного канала, расположенных в Жарминском районе, и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Жарма ауданында орналасқан Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 200
- Қабылданған күні
- 14.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2017 114656_225815.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0005211
- ЭКБ идентификаторы
- 114656
- Редакция идентификаторы
- 114656_225815
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:10
0 Жарма ауданында орналасқан Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жарма ауданында орналасқан Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Жарма ауданында орналасқан Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.М. Құсаинов) Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Жарма ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс
бассейндік инспекциясының
басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2017 жылғы «15» 08
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2017 жылғы «15» 08
7 Жарма ауданында орналасқан Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
«14» тамыздағы № 200
қаулысына қосымша
Жарма ауданында орналасқан Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы,
км
Ауданы,
га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Безымянный № 3 бұлағы,
сол жағалау:
ішкі шекара
сыртқы шекара
0,508
0,934
33,1
500
0,508
0,586
1,93
35
Безымянный №3 бұлағы,
оң жағалау:
ішкі шекара
сыртқы шекара
0,508
1,983
50,21
500
0,508
0,726
5,43
100
Арнасын бұру каналы,
сол жағалау:
ішкі шекара
сыртқы шекара
2,630
2,349
121,9
500
2,630
2,660
22,09
35-100
Арнасын бұру каналы,
оң жағалау:
ішкі шекара
сыртқы шекара
2,630
2,777
54,2
36,6-500
2,630
2,753
13,80
35-100
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген Безымянный № 3 бұлағының және оның арнасын бұру каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасының картографиялық материалында көрсетілген.