Об определении мест расположения агитационных печатных материалов по Махамбетскому району для кандидатов в Президенты Республики Казахстан и в депутаты Махамбетского районного Маслихата по избирательным округам № 3 и № 10
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест расположения агитационных печатных материалов по Махамбетскому району для кандидатов в Президенты Республики Казахстан и в депутаты Махамбетского районного Маслихата по избирательным округам № 3 и № 10
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президенттігіне және № 3 және № 10 сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін Махамбет ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 66
- Қабылданған күні
- 01.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2014 AI57601_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11TC000154
- ЭКБ идентификаторы
- 57601
- Редакция идентификаторы
- AI57601_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:02
0 Қазақстан Республикасы Президенттігіне және № 3 және № 10 сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін Махамбет ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы негізінде, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Махамбет ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен № 3 және № 10 сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
3
3. Осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген талаптар мен тәртіпке сәйкес келісім-шарт негізінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне және № 3, № 10 сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлармен қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті ресми жариялануға жатады.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Арыстанға жүктелсін.
6 Аудандық әкiмдіктің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 66 қаулысына 1 қосымша
Махамбет ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ
№
Орналасқан жері
1
Махамбет селосы, Селолық округ әкімі аппараты ғимаратының алдындағы және Орталық алаңдағы ақпараттық-жарнамалық стенд
2
Сарытоғай селосы, И. Тайманов және Қ. Қалыбеков көшелерінің қиылысындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
3
Жалғансай селосы, "Рашид" дүкенінің жанындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
4
Ортақшыл селосы, Мәдениет үйінің алдығы және "Батима" дүкенінің жанында ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
5
Есбол селосы, "Абылайхан" дүкенінің алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
6
Еңбекшіл селосы, "Альвира-Эльвира" дүкенінің алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
7
Алға селосы, Орталық көшедегі ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
8
Ақжайық селосы, Мәдениет үйі алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
9
Алмалы селосы, Бейбітшілік көшесі бойындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
10
Береке селосы, Түсіпқалиев көшесі бойындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
11
Бейбарыс селосы, Әйтеке би және Ә. Қалымов көшелерінің қиылысындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
12
Талдыкөл селосы, Ж. Жабаев көшесінің бойындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
13
Сарайшық селосы, А. Иманов және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
14
Ескі Сарайшық ауылы, Сарайшық интернат үйінің шарбағына орнатылған ақпараттық-жарнамалық стенд
15
Таңдай селосы, Мәдениет үйінің оң жағындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
16
Көздіқара елді-мекені, "Сары арқа" көшесі, № 29 үйдің жанындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
17
Ақтоғай селосы, Мәдениет үйінің алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
7 Аудандық әкiмдіктің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 66 қаулысына 2 қосымша
Махамбет ауданының № 3 және № 10 сайлау округтері бойынша
Махамбет аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының
ТІЗБЕСІ
№
Орналасқан жері
Ескертпе
1
Махамбет селосы, Аудандық орталық аурухана алдындағы ақпараттық-жарнамалық стенд
№ 3 сайлау округі бойынша үміткер кандидаттар үшін
2
Алға селосы, мәдениет үйінің алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық
№ 10 сайлау округі бойынша үміткер кандидаттар үшін
8 Аудандық әкiмдіктің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 66 қаулысына 3 қосымша
Қазақстан Республикасы Президенттігіне және № 3, № 10 сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлармен қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік органдар
№
Мемлекеттік орган атауы
Басшысының аты жөні
Телефон, факс
Мекен-жайы
1
"Махамбет аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Құлмағамбетов Ерсайын Нұрымұлы
8 /71236/ 2-14-52
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Абай көшесі, 13