Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Таласского района № 304 от 25 августа 2014 года «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»

Қаулы · № 168 · қабылданған 02.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-304-25-2014/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Таласского района № 304 от 25 августа 2014 года «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов» Қолданыста Қаулы ·№ 168 ·02.05.2019
02.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Таласского района № 304 от 25 августа 2014 года «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»

Қолданыста Қаулы ·№ 168 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Таласского района № 304 от 25 августа 2014 года «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»
Атауы (қаз.)
«Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
168
Қабылданған күні
02.05.2019
Қолданысқа енгізілген күні
19.05.2019
Көрсетілген редакция
02.05.2019 131158_403076.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19GJ004211
ЭКБ идентификаторы
131158
Редакция идентификаторы
131158_403076
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:07

0 «Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2326 болып тіркелген, 2014 жылдың 1 қазанда «Талас тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасында:
1 жолда «Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 1, «Талас жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағындағы ақпараттық стенд» деген сөздер «Әлия Молдағұлова және Александр Сергеевич Пушкин көшелерінің қиылысының аумағындағы ақпараттық стенд» деген сөздерге ауыстырылсын;
7 жолда «Көктал ауылы, Ленин көшесі, 2, дүкеннің алдындағы стенд» деген сөздер «Тәуелсіздік көшесінде орналасқан ақпараттық стенд» деген сөздерге ауыстырылсын;
8 жолда «Қызыләуіт ауылы, Д.Дүйсенбин көшесі, 57, Р.Шырынбек атындағы ауылдық клуб аумағындағы ақпараттық стенд» деген сөздер «Мәдениет үйінің аумағындағы ақпараттық стенд» деген сөздерге ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Ұлан Бауыржанұлы Алтынкоповқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Талас аудандақ аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
________________Б.Кошербаев
« » 2019 жыл

Қолданыстағы