Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О работе акимов Кызылкогинского и Индерского районов по выполнению Указа Президента Республики Казахстан № 3398 от 6 марта 1997 года «О мерах по усилению государственной поддержки и активизации малого предпринимательства"

Жарлық · № 142 · қабылданған 24.06.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-3398-6-1997/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О работе акимов Кызылкогинского и Индерского районов по выполнению Указа Президента Республики Казахстан № 3398 от 6 марта 1997 года «О мерах по усилению государственной поддержки и активизации малого предпринимательства" Қолданыста 24.06.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О работе акимов Кызылкогинского и Индерского районов по выполнению Указа Президента Республики Казахстан № 3398 от 6 марта 1997 года «О мерах по усилению государственной поддержки и активизации малого предпринимательства"

Қолданыста Жарлық № 142 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О работе акимов Кызылкогинского и Индерского районов по выполнению Указа Президента Республики Казахстан № 3398 от 6 марта 1997 года «О мерах по усилению государственной поддержки и активизации малого предпринимательства"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарылығын орындау жөніндегі Қызылқоға және Индер аудандары әкімдерінің жұмысы туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
142
Қабылданған күні
24.06.1999
Көрсетілген редакция
24.06.1999 5643_258082.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000485_
ЭКБ идентификаторы
5643
Редакция идентификаторы
5643_258082
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:04
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарылығын орындау жөніндегі Қызылқоға және Индер аудандары әкімдерінің жұмысы туралы

Индер және Қызылқоға аудандарының әкімдері Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығын және облыс әкімінің осы Жарлықты жүзеге асыру жөніндегі шешімін орындау жөнінде бірсыпыра жұмыстар жүргізген.
1999-2000 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту және оған қолдау көрсетудің аудандық бағдарламалары әзірленген және қабылданған. Әкімдер қабылдаған шешімнің орындалу барысы алқа мәжілістерінде және өндірістік кеңестерде әлденеше рет қаралған.
Қызылқоға ауданында шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық көрсеткіштерінің өсуі қамтамасыз етілген.
Кәсіпкерлерге жер учаскелері бөлініп, пайдаланылмай тұрған алаңдар мен үй жайлар, аяқталмаған құрылыс объектілері берілуде.
Сонымен бірге аудандар әкімдері аппараттарының, аудандық ұйымдардың жұмысында бірсыпыра олқылықтар мен кемшіліктерге жол берілген.
Жылдың басымен салыстырғанда Индер ауданында шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне жол берілген, олардың үлесі облыстық көрсеткіштерде де төмен. Экономика басқармасы, аудандық статистика бөлімі мен салық комитетінің есептік көрсеткіштерінен сәйкессіздіктің беті ашылды.
Аудандарда 1997-1998 жылдарға арналған шағын кәсіпкерліктің дамуы және оған қолдау көрсету Бағдарламасының бірсыпыра жоспарланған шаралары орындалмаған.
Шикізаттың, өндірілген өнімге сұраныстың, жұмысты жандандырарлық қаржының болмауынан және өндірілген өнімнің бәсекеге төзімсіздігінен бірсыпыра қолда бар шағын өндірістер (қондырғылар) мен цехтар іс-қимылсыз қарап тұр.
Жергілікті жерлерде кәсіпкерлікке қолдау көрсету және оны дамытудың қоғамдық инфрақұрылымы дамымай отыр. Сатылған, бірақ пайдаланылмай отырған ғимараттар мен алаңдар жөнінде айтарлықтай олқылықтар бар. Селолық, поселкелік округтер әкімдері шағын кәсіпорындардан, әсіресе жеке қызметпен айналысатындардан, бюджетке түсірілген салықтар мен төлемдердің толық жиналуына жеткіліксіз бақылау жасайды.
Тауар өндірушілерді екінші деңгейдегі банкілердің несиелік қорлармен қамтамасыз ету өткір түйінді мәселеге айналып отыр. Олардың шарттары кәсіпкерлер үшін тиімсіз, өйткені олардың несие алу үшін талап етілетін жоғары өтімді кепілдік заттары жеткіліксіз.
Шағын бизнесті дамыту, жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды шағын кәсіпкерлікке тарту, нарықты халық тұтынатын тауарлармен толықтыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Индер және Қызылқоға аудандары әкімдерінің Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту және оның белсенділігін арттыру шаралары туралы» Жарлығын орындау жөніндегі жұмыстары жеткіліксіз деп есептелсін.

2. Индер (Құлғалиев С.) және Қызылқоға (Нәутиев Ә.) аудандарының әкімдері:

1) үстіміздегі жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде кәсіпкерлердің қатысуымен кеңес өткізілсін, аудандардағы шағын кәсіпкерліктің жағдайына талдау жасасын, шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік шараларды әзірлесін;

2) әрбір елді мекен бойынша жаңа шағын жергілікті қорларды пайдалану негізінде кәсіпорын мен өндіріс орнын құру мүмкіндігін егжей-тегжейлі қарастырсын,

3) кәсіпкерлер өтініштері мен шағымдарын міндетті түрде қарауды қамтамасыз етсін, кәсіпкерлердің жергілікті орган қызметкерлеріне өтініштерін тіркейтін журнал жүргізсін, барлық тілектер мен өтініштерді есепке алсын және ай сайынғы есептерді облыстық экономика Бас басқармасының кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасына беріп отырсын.

3. Облыстық экономика Бас басқармасының кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасы (Бахарев Н.) шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету және оны дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған аудандық Бағдарламаларының жүзеге асырылуын тұрақты бақылауға алсын, аудандардағы шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамытуға белсенді түрде көмек көрсетсін.

4. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитетіне (Дүйсенов Б.), коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алу басқармасына (О.Кенжетаев) сенім басқармаларына және кейін сатып алу үшін талға берілген және ұзақ уақыт бойы тиісті бағытында пайдаланылмайтын алаңдар мен объектілердің иелеріне қатаң шара алсын.

5. Облыстық бақылаушы органдар мен қызмет орындарының басшылары заңның сақталуы жөнінде, оның шағын кәсіпкерлік қзметпен еркін айналысу кепілдігі мен құқықтарына жеңілдік беру бөлігінде, кешендік бақылауды қамтамасыз етсін.

6. Қала және аудан әкімдері:

1) жергілікті шикізаттық қорларды пайдалану арқылы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары бойынша басымдықтағы тауар номенклатуралары тізбесін әзірлесін;

2) аудандардағы қимылсыз тұрғын шағын өндіріс (қондырғы) пен цехтар қызметін жандандырудың шұғыл шарасын алсын;

3) сатылған үй-жай, ғимараттарды пайдаланужәне ұстауды қалыпты тәртіпке келтірсін, оларды өз мақсатында пайдалануды қамтамасыз етсін;

4) кәсіпкерлікке қолдау көрсету және оны дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған аудандық Бағдарламалар шеңберінде шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің инфрақұрылымын дамытуды осы қызметті қаржыландыру жолымен қамтамасыз етсін;

5) кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелері жөнінде аудандық ұйымдар басшыларын ай сайын тыңдап тұруды, қабылдау журналын жүргізуді, жергілікті бақылаушы органдар қызметкерлерінің кәсіпкерлерді бірлесіп қабылдауды ұйымдастыруды тәжірибеге енгізсін.

7. Осы шешімнің орындалуы жөнінде 2000 жылдың 15 қаңтарына және 15 шілдесіне облыстық экономика Бас басқармасының кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасына ақпарат берсін.

8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Палымбетовке жүктелсін.