О ходе реализации Указа Президента РК № 3558 от 20.06.97 г. "О государственной программе Республики Казахстан по борьбе с преступностью на 1997-1998 гг. и основным направлениям правоохранительной деятельности до 2000 года" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 1997-1998 жылдарға арналған қылмыспен күресу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы және 2000 жылға дейінгі құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары туралы» № 3558 Жарлығын жүзеге асыру барысы туралы 📌 Ескерту. Қолданылу мерзімі өтіп кетуіне байланысты қызметі тоқтатылды - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен. Қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органы, облыс департаменттері және басқармаларының жұмысын талдау, олармен Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 1997-1998 жылдарға арналған қылмыспен күресу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы және 2000 жылға дейінгі құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары туралы» № 3558 Жарлығын және осы мәселе бойынша облыс әкімінің 1997 жылғы 21 қазандағы № 115 шешімін жүзеге асыруда бірқатар жұмыстар атқарылғанын көрсетті. Өткен кезеңде облыстағы қылмыспен күресу мәселесі 2 мәрте облыс әкімі жанындағы алқа Мәжілісінде және 3 мәрте – барлық қала және аудан әкімдері, құқық қорғау орындары басшыларының және басқа да ынталы мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен өткен кеңейтілген аппарат жиналысының қаралу тақырыбы болды. Қылмыспен күресу және құқық қорғау қызметінің кейбір мәселелрі жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жақсарту мақсатында қала және аудан әкімдерінің, облыстың ішкі істер органының қатысуымен төрт семинар-жиналыс өткізілді. Құқық бұзушылаомен күресті күшейту жөніндегі мәселе 1998 жылғы шілдедегі облыстық Мәслихаттың XXIII сессиясында талқыланды және шешім қабылданды. Облыстық әкімшіліктің бастамасы бойынша контрабандамен күресу және облыстағы шұғыл жағдайды тұрақтандыруға бағытталған басқа да шаралар жөнінде айлық өткізілді. Облыстың басқа құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып ішкі істер органдарымен «Құқық тәртібі», «Арсенал», «Бақылау», «Тұрмыс», «Жеткіншек», «Көмеке», «Көше» сияқты 13 шұғыл-алдын алу кешенді шаралары өткізілді. Облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында қылмыспен күресу мәселесі жөніндегі 700 астам материал жарияланған. 1998 жылдың 9 айында облыста тіркелген қылмыстың жалпы саны – 18,1%-ке, жалпы қалмыстық – 9,8%-ке қысқарғаны көрінеді. Ауыр және өте ауыр қылмыс, жеке адамға қарсы қылмыс, оның ішінде қастықпен әдейі өлтіру, зорлау, ауыр дене жарақаты аз жасалған. Дәрімен атылатын қаруды пайдалану, баукеспе ұрылар, бөтен адам мүлкін ұрлау, күшпен алу қылмыстарының санын азайтуға қол жеткізілді. Бұзақылық, қоғамдық орындардағы және көшелердегі қылмыстық фактілер аз тіркелген. Қылмыстардың ашылу деңгейі 1997 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 51,2% тен 62,9%-ке дейін өсті. Сондай-ақ, мемлекеттік қылмыспен күресу жөніндегі Бағдарламаның орындалуына талдау жасау облыс әкімімен бекітілген жоспар шараларының орындалмағанын немесе жартылай орындалғанын көрсетті. Облыстың қала және аудан әкімдерімен құқық қорғау органдарына олардың материалды-техникалық базасын нығайтуға, қылмыспен күресуді күшейту және оның алдын алудың шұғыл мәселелерін шешуде жеткілікті көмек көрсетілмейді, қоғамдық тәртіпті қорғауда тұрғындардың қатысуының алдыңғы қатарлы үлгілерін енгізуге қажетті көңіл аударылмайды. Созылып отырған облыстың ішкі істер органдарын қайта құру қылмыспен күресуді жандандыруға мүмкіндік туғызбай отыр. Қылмыстың ашылуына тікелей қатысушы ішкі істер органдары қызметтерінің материалды-техникалық базасы әлі әлсіз болып қалуда. Кабельдік өнімдер мен түсті металлдарды ұрлау, ұрлықтың алдын алу және құқық бұзушылықтың осы түрлерін ашу өте әлсіз жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың 9 айының нәтижесінде бірқатар статистикалық көрсеткіштердің төмендегені көрінді: топтық қылмыс жасау (14%-ке) өсіп, қарақшылық шабуыл (9,2%-ке), тонау (5,1%-ке), мал ұрлау (8,2%-ке), нашақорлық заттармен байланысты қылмыстар (35,1%-ке) көп жасалған, адам қазасымен аяқталған көлік апаттарының саны (2,4%-ке) артық. Жалпы қылмыстың Октябрь ауданында 31,5%-ке, Совет ауданында – 16,3%-ке, Шет ауданында – 8,8%-ке, Осакаровка ауданында 4,2%-ке, Абай ауданында – 2,4%-ке өсуі байқалып отыр. Ауыр қылмыстарды, оның ішінде әр екінші қылмыскер жауапкершіліктен жалтарып отырған тонау, қарақшылық шабуыл және тонаудың барлық үлгілері сияқты қауіпті қылмыстардың ашылу деңгейі (51,4%) төмен болып қалып отыр. Облыстың МІІБ қылмыстық істерді тергеу сапасы дұрыс жолға қойылмаған, осының нәтижесінде соттармен әр 11 іс, немесе аяқталғандардың 9% қосымша тергеуге жіберілген. Прокуратура бақылауы ретіндегі қосымша тергеуге жіберілген қылмыстық істер саны екі есе өсті. Облыстың МІІБ, ҰҚКД, МҚСПБ созылып отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесінде 59,2%-ке аз тіркелген экономикалық қылмыспен күресу тиімділігі төмендеді. Әділет басқармасы әзірге құқықтық тәрбиелеу және жалпыға бірдей оқыту жөніндегі үйлестіру орталығы болып қалыптасқан жоқ. Құқық қорғау органдарымен кадр жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылмаған. Қылмыспен күресу мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру және осы мәселе бойынша облыс әкімінің 1997 жылғы 21 қазандағы № 115 шешімімен бекітілген шаралар жоспарын орындау жөніндегі жұмыстарды жандандыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері, құқық қорғау органдары, мемлекеттік облыстық департамент және басқармалар көрсетілген кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдансын және қылмыспен күресу мемлекеттік Бағдарламасын және осы мәселелер бойынша облыс әкімі шараларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын.
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері:
Тармақ 2.1
2.1. Бюджет қаржыларын тиімді пайдалану және бюджеттік ұйымдар жүйесін оңтайландыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруды есепке ала отырып, облыстың МІІБ қатысуымен шұғыл жағдайда байланысты жергілікті бюджет есебінен қаржыланатын ішкі істер қызметкерлерінің қажетті штаттық санын қайта түзетсін, олардың уақытында қаржылануын және материалды-техникалық қамсыздануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2.2
2.2. Қоғамдық құрылымдар, еңбек коллективтері және азаматтардың қоғамдық тәртіпті қорғау және құқық бұзушылықпен күресуге қатысуының жаңа үлгілерін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
Тармақ 2.3
2.3. Кешкі және түнгі уақыттарда құқық бұзушылықтың алдын-алуды күшейту мақсатында көшелер мен жолдарды, қоғамдық орындарды жарықтандыру жөнінде шаралар қабылдансын.
Тармақ 2.4
2.4. Ішкі істер органдарына, өрт қызметіне, жедел медициналық көмек көрсетуге құқық бұзушылық туралы ақпараттарды уақытында беру үшін коммерциялық дүкендер мен дүңгіршіктерге ортақ пайдаланылатын телефондар орнату жөнінде шаралар қабылдасын және техникалық мүмкіншілігін зерделесін.
Тармақ 3
3. Облыстың құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы ережелерін, Қазақстан Республикасының қылмыспен және сыбайлас жемқорлыкпен күресу жөніндегі заңының, құрылымдағы және штат санындағы болып жатқан қайта ұйымдастырушылардың өзгертулері мен толықтыруларын ескере отырып:
Тармақ 3.1
3.1. Қолда бар жұмыс жоспарына түзетулер енгізсін және олардың мемлекеттік Бағдарламамен бекітілген мерзімде орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3.2
3.2. Облыстық МІІБ (Н.М.Дейхин) 1999 жылғы 1 каңтарға дейін облыстағы, сонымен қатар Қарағанды қаласы мен Осакаровка, Абай, Шет аудандарындағы жекелеген қылмыстардың өсу себептерін зерделесін. Көрсетілген ішкі істер органдарына қажетті шұғыл жағдайдағы тұрақтандыру және құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнінде іс-жүзінде көмек көрсетсін.
Тармақ 3.3
3.3. Әділет басқармасы (Б.Ғ.Рахымбеков) тұрғындарды құқықтық тәрбиелеу, сондай-ақ заңдылық және құқық тәртібін нығайту мәселелері жөніндегі жұмысты жандандыру бөлігіндегі шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін. Сот орындаушылары және приставтары департаментінің жұмысын жақсарту және олардың кадр құрамын нығайту және кәсіптік шеберліктерін көтеру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3.4
3.4. Облыстық құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесі (С.С.Үмбеталиев) қылмыспен күресу және заңдылықты нығайту жөніндегі жұмысын жандандарсын.
Тармақ 3.5
3.5. Облыстық МҚСПБ (ГУКНП) (С.П.Нұғманов), ҰҚКД (Қ.Р.Әбдіқазымов), МІІБ (Н.М.Дейхин), кеден басқармасы (Н.Ғ.Жарылғапов) экономика саласындағы және мемлекеттік қызмет органдарында пара алушылық, сыбайлас жемқорлық, контрабанда және басқа да пайдақор, құқық бұзушылық фактілерін анықтау жөніндегі жұмыстарды жандандырсын және келісілген шаралар қабылдасын.
Тармақ 3.6
3.6. Облыстық МҚСПБ (С.П.Нұғманов), ҰҚКД (Қ.Р.Әбдіқазымов), Қазына басқармасы (В.П.Кротова) облыс бюджетіне заңсыз шығындалған қаржыларды, жоғалған товарлы-материалдық құндылықтарды қайтару жөніндегі жұмыстарды жандандырсын және кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуға қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Жұмыс нәтижелері және осы шешімнің орындалуы туралы ақпарат облыс әкімі аппаратына 1999 жылғы 20 сәуірге тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының құқықтық қатынастар жөніндегі бөлімге (Б.Ю.Айтуаров) жүктелсін.