О признании утратившим силу ранее принятого решения акима Панфиловского сельского округа № 4 от 06 октября 2015 года «Об установлении ограничительных мероприятий на улице имени Муткенова в селе Панфилово Панфиловского сельского округа Иртышского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу ранее принятого решения акима Панфиловского сельского округа № 4 от 06 октября 2015 года «Об установлении ограничительных мероприятий на улице имени Муткенова в селе Панфилово Панфиловского сельского округа Иртышского района»
- Атауы (қаз.)
- Бұрын, 2015 жылғы 06 қазанда қабылданған, Панфилов ауылдық округі әкімінің «Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі Панфилов ауылындағы Мүткенов атындағы көшесіне шектеулі іс-шаралар белгілеу туралы» № 4 шешімінің күшін жою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 05.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2016 97751_42379.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16PGM0002A
- ЭКБ идентификаторы
- 97751
- Редакция идентификаторы
- 97751_42379
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:16
0 Бұрын, 2015 жылғы 06 қазанда
қабылданған, Панфилов ауылдық
округі әкімінің «Ертіс ауданы Панфилов
ауылдық округі Панфилов ауылындағы
Мүткенов атындағы көшесіне
шектеулі іс-шаралар белгілеу туралы»
№ 4 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы шектеулі іс-шараларды алу туралы № 2-19/424 ұсынысы негізінде, Панфилов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдайды:
1. Малдардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша кешенді ветеринарлық шараларының өткізілуіне байланысты Ертіс ауданының Панфилов ауылдық округінің Панфилов ауылындағы Мүткенов атындағы көшесіне салынған шектеулі шаралар алынсын.
2. Бұрын, 2015 жылғы 06 қазанда қабылданған, Панфилов ауылдық округінің «Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі Панфилов ауылындағы Мүткенов атындағы көшесіне шектеулі іс-шаралар белгілеу туралы» № 4 шешімінің (Павлодар облысы бойынша Әділет департаментінің нормативті - құқықтық актісінің тізілімінде 2015 жылдың 22 қазандағы № 4764 тіркелген, аудандық «Ертіс нұры» газетінде 2015 жылдың 31 қазандағы № 43 және «Иртыш» газетінде 2015 жылдың 31 қазандағы № 43 жарияланды) күші жойылды деп танылсын.