О внесении изменений и дополнений в решение № 4 районного маслихата от 12 марта 2001 года "О расчетах по начислению жилищных пособий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение № 4 районного маслихата от 12 марта 2001 года "О расчетах по начислению жилищных пособий"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 12 наурыздағы № 4 «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 116
- Қабылданған күні
- 22.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2010 46432_184460.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CL000092
- ЭКБ идентификаторы
- 46432
- Редакция идентификаторы
- 46432_184460
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:20
0 Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 12 наурыздағы № 4 «Тұрғын үй
жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабын, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» облыстық әділет басқармасында 2001 жылғы 5 сәуірде 1008 санды нөмерімен тіркелген аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 12 наурыздағы тоғызыншы сессиясының № 4 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Комммуналдық қызметті пайдаланғандағы шығынды өтеу үшін және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібінің Ережесін бекіту туралы»;
2
2) шешімнің кіріспесіндегі «Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 Қаулысымен» сөздері «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен» сөздерімен ауыстырылсын;
3
3) шешімнің 1 тармағындағы «Хромтау ауданында коммуналдық қызметті пайдаланғандағы шығынды өтеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібінің Ережесі» сөздері «Хромтау ауданында коммуналдық қызметті пайдаланғандағы шығынды өтеу үшін және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібінің Ережесі» сөздерімен ауыстырылсын;
4 4) шешімге қосымшада:
Бүкіл мәтін бойынша «коммуналдық қызметті пайдаланғандағы» сөздері «коммуналдық қызметті пайдаланғандағы шығынды өтеу үшін және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері» деген сөздерімен ауыстырылсын;