О внесении изменений в решение акима Аккольского района № 4 от 17 февраля 2026 года «Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Аккольского района № 4 от 17 февраля 2026 года «Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба»
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданы әкімінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 4 «Жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 14.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2026 I229141_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26BC00006B
- ЭКБ идентификаторы
- 229141
- Редакция идентификаторы
- I229141_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 26.08.2026 03:32
0 Ақкөл ауданы әкімінің 2026 жылғы 17 ақпандағы №4
«Жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы
төтенше жағдайды жариялау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптауды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес, Ақкөл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 24 шілдедегі кезектен тыс отырысының №4 хаттамасына негізінде, Ақкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақкөл ауданы әкімінің «Жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» 2026 жылғы 17 ақпандағы №4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі тармақтармен толықтырылсын:
«1.1. Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 106 мекенжайында орналасқан «Центральная» қазандығының, қызмет көрсетудің, атап айтқанда, 100-ден астам, бірақ 500-ден аспайтын халықты жылумен жабдықтаудың үзілу қаупін тудыратын, жағдайын қауіпті деп танылысын. «Центральная» қазандығын пайдаланудан шығару, сондай-ақ қуаты 10 МВт жаңа модульдік қазандықты сатып алуды және орнатуды ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізілсін.
1.2 Ақкөл қаласы, Талғат Бигелдинов көшесі, 149 мекенжайында «Военный городок» қазандығының, қызмет көрсетудің, атап айтқанда, 100-ден астам, бірақ 500-ден аспайтын халықты жылумен жабдықтаудың үзілу қаупін тудыратын, жағдайын қауіпті деп танылысын. «Buderus Logano SK-756», маркалы, қуаты 1 200 кВт дизель отынымен жұмыс істейтін, нормативтік ресурс әзірлеген екі су жылыту қазандығын газ отынымен жұмыс істейтін қуаттылығы ұқсас қазандықтарға ауыстыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізілсін.».