Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Чар на испрашиваемом товариществом с ограниченной ответственностью «Совместное предприятие КазГерСтрой» земельном участке № 4 (для проведения добычи общераспространенных полезных ископаемых), расположенном в 2,5 км южнее села Каратобе Жарминского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Чар на испрашиваемом товариществом с ограниченной ответственностью «Совместное предприятие КазГерСтрой» земельном участке № 4 (для проведения добычи общераспространенных полезных ископаемых), расположенном в 2,5 км южнее села Каратобе Жарминского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылынан оңтүстікке қарай 2,5 км орналасқан «ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған № 4 жер учаскесіндегі (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу үшін) Шар өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 274
- Қабылданған күні
- 19.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2019 134523_420187.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19V0006150
- ЭКБ идентификаторы
- 134523
- Редакция идентификаторы
- 134523_420187
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:46
0 Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылынан оңтүстікке қарай 2,5 км орналасқан «ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған № 4 жер
учаскесіндегі (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу үшін) Шар өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының
8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылынан оңтүстікке қарай 2,5 км орналасқан «ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған № 4 жер учаскесіндегі (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу үшін) Шар өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылынан оңтүстікке қарай 2,5 км орналасқан «ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған № 4 жер учаскесіндегі
(кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу үшін) Шар өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2 2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Жарма ауданы әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
2019 жылғы «___»_______________
11 Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылынан оңтүстікке қарай 2,5 км орналасқан «ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған № 4 жер учаскесіндегі (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу үшін) Шар өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2019 жылғы «____» __________
№ ________ қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылынан оңтүстікке қарай 2,5 км орналасқан «ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі сұрап отырған № 4 жер учаскесіндегі
(кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу үшін)
Шар өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Қарастырылып отырған тұстамадағы Шар өзені (оң жағалау)
2,97
45,15
500
2,26
3,86
35
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.