О внесении изменений в решение Акмолинского областного маслихата № 4С-5-16 от 5 марта 2008 года "Об утверждениии Правил оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленных для работы в сельскую местность"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Акмолинского областного маслихата № 4С-5-16 от 5 марта 2008 года "Об утверждениии Правил оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленных для работы в сельскую местность"
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 4С-5-16 "Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-11-11
- Қабылданған күні
- 13.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2010 43875_172461.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08B0003298
- ЭКБ идентификаторы
- 43875
- Редакция идентификаторы
- 43875_172461
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:25
0 Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 4С-5-16 "Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне
әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесін бекіту туралы" шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына , 2003 жылғы 4 шілдедегі «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 4С-5-16 «Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 3246 тіркелген, «Арқа ажары» газетінде 2008 жылдың 19 сәуірінде, «Акмолинская правда» газетінде 2008 жылдың 24 сәуірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесінде:
1 1) 1 тараудың 1 тармақшасында:
«Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті» сөздері «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» сөздеріне ауыстырылсын;
2 2) 2 тараудың 2 тармағының 1 тармақшасында «талдау» сөзі «мониторинг» сөзіне ауыстырылсын;
3 3) 2 тараудың 2 тармағының 2 тармақшасы алынып тасталсын;
4 4) 3 тараудың 3 тармағындағы «ақыға тең» сөздері «ақыдан кем емес» сөздеріне ауыстырылсын.
5 5) 3 тараудың 4 тармағындағы «жұмыс берушінің атына» сөздері «өкілетті орган бастығының атына» сөздерімен ауыстырылсын;
6 6) 3 тараудың 4 тармағындағы «есеп айырысу шотының нөмірі» сөздері «карточкалық және дербес шоттар нөмірі» сөздеріне ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ақмола облысыденсаулық сақтау
басқармасының бастығы В. Маджуга
Ақмола облысы
қаржы басқармасының бастығы Т. Бөлтенов
Ақмола облысы экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы М. Тақамбаев