Кіру
Құжат мәтініне өту

Изменения к Инструкции № 40 "О порядке исчисления и уплаты подоходного налога с физических лиц" в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21.12.1995 г. № 2703

Бұйрық · № 21 · қабылданған 22.01.1996
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-40-21121995-no-2703/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Изменения к Инструкции № 40 "О порядке исчисления и уплаты подоходного налога с физических лиц" в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21.12.1995 г. № 2703 Қолданыста Бұйрық ·№ 21 ·22.01.1996
22.01.1996 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Изменения к Инструкции № 40 "О порядке исчисления и уплаты подоходного налога с физических лиц" в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21.12.1995 г. № 2703

Қолданыста Бұйрық ·№ 21 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Изменения к Инструкции № 40 "О порядке исчисления и уплаты подоходного налога с физических лиц" в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21.12.1995 г. № 2703
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 21.12.1995 ж. N 2703 Жарлығына сәйкес "Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 40 Нұсқаулыққа енгiзiлген өзгертулер
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21
Қабылданған күні
22.01.1996
Көрсетілген редакция
22.01.1996 AI1505_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.1996
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V960000014_
ЭКБ идентификаторы
1505
Редакция идентификаторы
AI1505_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:27

0 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 21.12.1995 ж. N 2703 Жарлығына сәйкес "Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 40 Нұсқаулыққа енгiзiлген өзгертулер

1 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлiгiнiң
1996 жылғы 22 қаңтардағы
N 21 бұйрығымен
бекiтiлдi

1. 17-тармақтың б) тармақшасынан "Қазақстан Республикасындағы төлем көзiне бұдан бұрын салынған" деген сөздер алынып тасталсын.

2. 18-тармақтағы "Жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетiн арнаулы қорлар" деген сөздермен ауыстырылсын.

3. 30-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Өндiрiсте тiкелей пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың амортизациясы пайдалана басталған алғашқы үш жылда негiзгi құрал-жабдықтардың тиiстi тобы үшiн белгiленген нормалар шегiнде есептеледi, ал құнның қалған бөлiгi пайдаланылғанына үш жыл өткеннен кейiн салық төлеушiнiң ықтияры бойынша кейiнгi амортизациялық кезеңнiң кез-келген сәтiнде шегерiлiп тасталады".

4. 45-тармаққа салық ставкаларынан кейiнгi ескерту мынадай редакцияда жазылсын: "Айлық есептеу көрсеткiшi - кезектi жылға арналған республикалық бюджетте немесе өзге нормативтiк құқықтық актiде зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салық және басқа да төлемдер үшiн жыл сайын белгiленетiн айға арналған көрсеткiш. Жылдық есептеу көрсеткiшi - жыл iшiндегi айлық есептеу көрсеткiштерiнiң жиынтығы".

5. 47-тармақ Нұсқаулықтан алынып тасталсын және бұдан кейiнгi тармақтардың нөмiрлерi 48-тармақтан бастап 47-тармақ болып және т.т. соңғысына дейiн (84-тармақ 83-тармақ болып) тиiсiнше өзгертiлсiн.

6. 51-тармақтағы (бұрынғы 52 тармақ) мысалда жақшаның iшiндегi "49-тармақ" деген сөздер "48-тармақ" деген сөздермен ауыстырылсын.

7. 50-тармақ (бұрынғы 51-тармақ) мынадай мәтiнмен толықтырылсын: "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысы:

а) кәсiпкерлiк қызметтен алынған салық салынатын табыстың 10 % аспайтын қаржылар сомасына, олар бюджеттен тыс "Жаңа астана" қорына жұмсалған жағдайда;

б) Ақмола қаласындағы тұрғын үй құрылысына жұмсалған және ағымдағы жылы шын мәнiнде нысаналы мақсатта пайдаланылған қаржылар сомасына кемiтiледi".

8. 56-тармақтан (бұрынғы 57-тармақ) 47 саны алынып тасталсын.

9. 57-тармақта (бұрынғы 58-тармақ) "48" санының орнына "47" саны көрсетiлсiн.

10. 68-тармақтағы (бұрынғы 69-тармақ) "в" тармақшасы алынып тасталсын, "г" және "д" тармақшалары тиiсiнше "в" және "г" тармақшалары болып есептелсiн. "Г" тармақшасындағы "48" саны "47" санымен ауыстырылсын.

11. 70-тармақтағы (бұрынғы 71-тармақ) "69" саны "68" санымен ауыстырылсын.

12. 72-тармақтағы (бұрынғы 73-тармақ) "72" санының орнына "71" саны көрсетiлсiн.

13. 75-тармақтың (бұрынғы 76-тармақ) соңғы абзацының алдындағы абзац мынадай мәтiнмен толықтырылсын: "сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңдарында белгiленген жағдайларда".

14. 78-тармақтың (бұрынғы 79-тармақ) мәтiнi мынадай мәтiнмен

ауыстырылсын:
"Қайта қаралған салық сомасын немесе бұдан бұрын есептелген
салық сомасын төлеу туралы салық қызметi органдарының талаптарына,
сондай-ақ артық төленген салық сомасын қайтару немесе есепке алу туралы
салық төлеушiлердiң талаптарына талап қою мерзiмiнiң ұзақтығы бес жыл
болып белгiленедi".

15. Нұсқаулықтың 25, 28, 38, 40, 42, 43, 45, 48 (бұрынғы 49), 71

(бұрынғы 72) тармақтардағы "ең төменгi айлық жалақы" және "қысқаша ең
төменгi жылдық жалақы" деген сөздер тиiсiнше "айлық есептеу көрсеткiшi"
және "қысқаша жылдық есептеу көрсеткiшi" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қолданыстағы