Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Утвердить решение акима области № 415 от 3 апреля 2000 года "Об оказании единовременной социальной помощи на бесплатное изготовление и ремонт зубных протезов (за исключением протезов из драгоценных металлов) многодетным матерям Атырауской области в 2000 году"

Өзге акт · № 58-II · қабылданған 01.06.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-415-3-2000-2000/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Утвердить решение акима области № 415 от 3 апреля 2000 года "Об оказании единовременной социальной помощи на бесплатное изготовление и ремонт зубных протезов (за исключением протезов из драгоценных металлов) многодетным матерям Атырауской области в 2000 году" Қолданыста 01.06.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Утвердить решение акима области № 415 от 3 апреля 2000 года "Об оказании единовременной социальной помощи на бесплатное изготовление и ремонт зубных протезов (за исключением протезов из драгоценных металлов) многодетным матерям Атырауской области в 2000 году"

Қолданыста Өзге акт № 58-II 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Утвердить решение акима области № 415 от 3 апреля 2000 года "Об оказании единовременной социальной помощи на бесплатное изготовление и ремонт зубных протезов (за исключением протезов из драгоценных металлов) многодетным матерям Атырауской области в 2000 году"
Атауы (қаз.)
Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 415 «Атырау облысында 2000 жылы көп балалы аналарға тіс протездерін (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегін дайындау және жөндеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
58-II
Қабылданған күні
01.06.2000
Көрсетілген редакция
01.06.2000 6741_258059.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00T0000221
ЭКБ идентификаторы
6741
Редакция идентификаторы
6741_258059
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:27
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №415 «Атырау облысында 2000 жылы көп балалы аналарға тіс протездерін (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегін дайындау және жөндеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімі туралы

Екінші сайланған облыстық мәслихаттың ІV сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 415 "Атырау облысында 2000 жылы көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету туралы" шешімі бекітілсін. (шешім жалғанды)

2. Облыстық мәслихат депутаттарының ұсынысымен көп балалы аналарға тіс протездерін (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегін дайындау және жөндеу үшін тағайындалатын бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері жұмыстың бағасына тең болсын, бірақ 6000 (алты) мың теңгеден аспауы қажет.

3 Атырау облысында 2000 жылы көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек

көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 4 желтоқсандағы № 1002 "Көп балалы отбасыларын әлеуметтiк қолдау шаралары туралы" Жарлығын орындау және көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға 2000 жылғы жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен тiс протездерiн (аса құнды металдардан басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек берiлсiн.

2. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiр жолғы әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi бекiтiлсiн (қосымша).

3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы (С.Қайрешев) төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау мен төлеудi қамтамасыз етсiн.

4. Облыстық қаржы басқармасы (А.Әбдiқадырова) төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмектi 2000 жылға облыстық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы шегiнде мезгiлiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

5. Осы шешiм облыстық мәслихаттың кезектi сессиясының қарауына берiлсiн.

6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.К.МұрсӘлиеваға жүктелсiн.

10 Облыс әкiмiнiң

2000 жылғы 3 сәуiрдегi
№ 415 шешiмiне қосымша
Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету тәртібі

1. Жалпы қағидалар

1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 4 желтоқсандағы № 1002 "Көп балалы отбасыларын әлеуметтiк қолдау шаралары туралы" Жарлығын орындау және көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында әзiрлендi.

2. Төрт және одан да көп балалары бар (алға қарай-көп балалы аналар) аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн әлеуметтiк көмек көрсету заңмен тағайындалған атаулы әлеуметтiк көмектiң бiр түрi болып табылады.

3. Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн әлеуметтiк көмек көрсетудiң негiзгi мақсаты көп балалы отбасыларын уақытша қаржылық қолдау болып табылады.

4. Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн заңсыз төленген бiржолғы әлеуметтiк көмектер пайдалануға заңдылықтар белгiленген тәртiп бойынша жауапты тұлға есебiнен орнына келтiрiлуге жатады.

2. Тағайындау тәртiбi

5. Тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн көп балалы аналар¬а берiлетiн бiржолғы әлеуметтiк көмек жылына бiр рет тағайындалады және төленедi.

6. Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк көмектер тағайындау комиссиялары көп балалы аналар арыздарының негiзiнде тағайындалады.

7. Тұрғын жерлердегi комиссияға төмендегiдей құжаттар берiледi:

- әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi жеке арыз;
- отбасы құрамы туралы анықтама;
- ортопед-стоматолог дәрiгердiң тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу қажеттiлiгi туралы қорытынды шешiмi;
- стомотологиялық мекемеден тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу жұмыстарының құнын растайтын анықтама.

8. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу Атырау облысының аумағындағы стоматологиялық мекемелерде жасалса ғана тағайындалады.

9. Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн тағайындалатын бiржолғы әлеуметтiк көмек мөлшерi жасалған жұмыстың бағасына тең болады, бiрақ 3000 теңгеден аспауы кажет.

10. Көп балалы аналардың тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі арыздары басқа қажетті құжаттармен бiрге арыз берген күннен бастап 5 күн мерзiм iшiнде комиссияда қаралады.

11. Комиссия шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оның қорытындысы арыз берушiге хабарланады.

12. Комиссияның тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындаудан бас тарту жөнiндегi шешiмi заңдылықтарда белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға жатады.

3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi

13. Тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек қаржыландыру облыстық бюджеттiң осы мақсатқа қаралған қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.

14. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау аумақтық органдары әр айдың 25 жұлдызына дейiн тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн тағайындалған бiржолғы әлеуметтiк көмек алушылардың санын және көмектiң сомасын анықтайды. Бiржолғы әлеуметтiк көмек алушылардың жиынтық тiзiмiн жасап, оларды әр айдың 30 жұлдызына дейiн қазақстан Халықтық банкiсiнiң филиалдарына жiбередi және сонымен қатар облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына қаржыландыру үшiн тапсырыс жiбередi.

15. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы әр айдың 30 жұлдызына дейiн облыстық қаржы басқармасына тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн көп балалы аналарға облыс бойынша бiр жолғы әлеуметтiк көмектi қаржыландыруға тапсырыс жiбередi.

16. Облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының тапсырыстарына сәйкес облыстық бюджеттiң 258.46.30 "Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн әлеуметтiк көмек" бағдарламасы бойынша қаралған қаржы шегiнде қаржыландыруды ашады.

17. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары ағымдағы шоттарына қаржы түскеннен кейiн 2 күннiң iшiнде қазақстан Халықтық банкiсiнiң облыстық филиалының шотына тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн көп балалы аналарға бiр жолғы әлеуметтiк көмек төлеуге қажеттi соманы аударады, сонымен қатар облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы мен Қазақстан Халықтық банкiсiнiң облыстық филиалы арасында¬ы агенттiк келiсiмге сәйкестi комиссиялық сыйақыларды аударады. Қазақстан Халықтық банкiсiнiң филиалдары бiржолғы әлеуметтiк көмектердi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау аумақтық органдарынан алған алушылардың тiзiмдерi негiзiнде және құжаттарын (тұлқұжат, куәлiк) көрсеткеннен кейiн төлейдi.

4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi

18. Тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасал¬ан протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек бойынша есеп жүргiзу, бақылау және есеп берудi жүзеге асыру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.

19. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау аумақтық органдары ай сайын Қазақстан Халықтық банкiсiнiң филиалдарымен өткен айда тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмекке төленген төлемдер сомалары бойынша салыстыру актiлерiн жасайды және әр айдың 5 жұлдызына дейiн облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына белгiленген нысандағы есеп тапсырады.

20. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау әр айдың 5 жұлдызына дейiн облыстық қаржы басқармасына тағайындалған нысан бойынша облыс көлемiнде жиынтық есеп тапсырады.

21. Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек төлеудiң дұрыстығына және уақытында болуына еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау, қаржы және қазынашылық органдары бақылау жасайды.