Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение акима области № 47 от 31 марта 2000 года

Өзге акт · № 16 · қабылданған 06.02.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-47-31-2000/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение акима области № 47 от 31 марта 2000 года Күшін жойған 06.02.2001 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнений в решение акима области № 47 от 31 марта 2000 года

Күшін жойған Өзге акт № 16 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение акима области № 47 от 31 марта 2000 года
Атауы (қаз.)
Облыс әкімінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 47 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16
Қабылданған күні
06.02.2001
Көрсетілген редакция
06.02.2001 8326_254458.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2001
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V01K000217_
ЭКБ идентификаторы
8326
Редакция идентификаторы
8326_254458
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:00
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс әкімінің 2000 жылғы

31 наурыздағы N 47 шешіміне
толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1641 қаулысымен бекітілген “2000-2002 жылдаға арналған Қазақстан Республикасындағы қылмыспен күресу республикалық бағдарламасын” жүзеге асыру мақсатында “2000-2002 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы панасыздықпен күресу, әлеуметтік қолайсыздық зонасына түскен балаларға әлеуметтік және психологиялық - педагогикалық көмек көрсету жөніндегі аймақтық кешенді бағдарламаға” толықтырулар енгізілсін:

1. II тарау келесі шаралармен толықтырылсын:

13. Құқық бұзушылықтың алдың алу мәселелері жөнінде облыстық ғылыми - машықтық конференция өткізу.
Мерзімі: 3 тоқсан 2001 ж.
Жауаптылар: прокуратура (келісімі бойынша), ІІББ,
әділет басқармасы, облБД.
14. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық топтарын құруға ықпал жасаушы себептер мен жағдайларға, сонымен қатар ішкі істер органдарының оларды жинақтау жөніндегі жұмыс машығына кешенді талдау жасау,
Мерзімі: тоқсанына 1 рет;
Жауаптылар: прокуратура (келісімі бойынша),
облБД, ІІББ.
15. Мектеп оқытушылары мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі нұсқаушылырға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу жөніндегі әдістемелік нұсқамалар әзірлеу және енгізу.
Мерзімі: 4 тоқсан 2001 ж.
Жауаптылар: ІІББ ӘПҚ КІБ, облБД, облыстық әділет басқармасы, облыстық
денсаулық сақтау басқармасы.
16. Зиянды заттарды қолданудың алдын алу жөніндегі қазақстандық мектеп бағдарламасын үйлестірушілермен семинар - трениг өткізу.
Мерзімі: 1 тоқсан 2001 ж.
Жауаптылар: облБД, қала және аудан әкімдері.
17. Балалар мен жас өспірімдерді, оның ішінде қолайсыз отбасылары балаларын кең қамтуды көздейтін әскери - патриоттық және спорттық бағыттағы балалардың облыстық бұқаралық шараларын өткізудің сценарийін әзірлеу.
Мерзімі: 1 тоқсан 2001 ж.
Жауаптылар: облыстық туризм және спорт комитеті,
облБД, ІІББ ӘПҚ КІБ.
18. Балалармен жұмыс істеуге пайдаланылатын немесе пайдаланудағы ғимараттарды коммерциялық құрылымдарға жалға беруге тыйым салатын нормативтік акті жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныс жасау.
Мерзімі: 1 тоқсан 2001 ж.
Жауаптылар: облыстық еңбек, халыықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасы, әділет басқармасы,
облБД, қала және аудан әкімдері.

2. ІІІ тарау келісі шаралармен толықтырылсын:

13. Балалардың аула клубтарының тәжірибесін және жұмыс жағдайын зерделеу. “Қиын” жас өспірімдердің бос уақытын ақысыз ұйымдастырылған шаралармен толық қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Мерзімі: 2 тоқсан 2001 ж.
Жауаптылар: ІІББ ӘПҚ КІБ, облБД, қала және
аудан әкімдері.
20. Мектептен тыс ұйымдар жүйесін сақтау және кеңейту жөнінде шаралар қабылдау
Мерзімі: 2001-2002 ж.ж.
Жауаптылар: қала және аудан әкімдері.
21. Міндетті квоталар бекіту жолымен кәмелетке толмағандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда олардың сақталуын бақылаумен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы ұсыныс әзірлеу
Мерзімі: 4 тоқсан 2001 ж.
Жауаптылар: облыстық еңбек, халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасы, әділет басқармасы,
облБД, прокуратура (келісімі бойынша).
22. Туысқандық және әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан балалар үйінің (жетімдерге арналған мекемелер), сонымен қатар кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колонниялары мектеп бітірушілерінің әлеуметтік бейімделу тетіктерін әзірлеу және енгізу.
Мерзімі: 3 тоқсан 2001 ж.
Жауаптылар: облыстық енбек, халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасы, ІІББ, ӘПҚ КІБ, әділет
басқармасы, облБД.

3. Осы бағдарламаның енгізілген толықтырулармен қоса орындалу барысы туралы ақпарат жыл сайын 1 шілдегі және 1 қантарға тапсырылсын.

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі Қ.Т.Қалышевқа жүктелсін.