Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение № 5 от 7 июля 2004 года Х сессии городского маслихата III созыва "Об утверждении Правил благоустройства территории города Караганды"

Ереже · № 19 · қабылданған 16.11.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-5-7-2004-iii/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение № 5 от 7 июля 2004 года Х сессии городского маслихата III созыва "Об утверждении Правил благоустройства территории города Караганды" Күшін жойған Ереже ·№ 19 ·16.11.2005
16.06.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение № 5 от 7 июля 2004 года Х сессии городского маслихата III созыва "Об утверждении Правил благоустройства территории города Караганды"

Күшін жойған Ереже ·№ 19 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение № 5 от 7 июля 2004 года Х сессии городского маслихата III созыва "Об утверждении Правил благоустройства территории города Караганды"
Атауы (қаз.)
"Қарағанды қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы" ІІІ шақырылған қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 7 шілдедегі Х сессиясының № 5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
16.11.2005
Көрсетілген редакция
16.06.2010 26257_199446.kaz
Соңғы өзгеріс
16.06.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05KA000016
ЭКБ идентификаторы
26257
Редакция идентификаторы
26257_199446
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:13

0 "Қарағанды қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы" ІІІ шақырылған қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 7 шілдедегі Х сессиясының N 5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Кодекстің 3 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 22 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. ІІІ шақырылған қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 шілдедегі Х сессиясының "Қарағанды қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы" N 5 шешіміне, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі - 1594, "Орталық Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 28 тамыздағы N 168-169 жарияланған) өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 1 тармақтағы "тәртібін" сөзі алынып тасталсын;

2 2) 2 тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын "Қызметтің негізгі ұғымдары және анықтамалары";

3 3) 6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын "Өкілетті орган - Қарағанды қаласын көркейту қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы органдар.";

4 4) 8 тармағы мынадай редакцияда жазылсын "Бекітілген аумақ - бекітілген шекаралардағы жер бөлігі, Қазақстан Республикасының Жер кодексімен бекітілген тәртіпте жер қатынастары субъектілеріне бекітілетін жер учаскесі.";

5 5) 25 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Жер жұмыстары өндірісіне келісу тәртібі:

1 1) жер асты құрылғыларын, жолдарды жөндеуге және қайта жаңартуға байланысты жер жұмыстарын көлікжолдарының баланста ұстаушы өкілетті органынан, жол полициясы органынан, инженерлік желілердің иелерімен жұмыс өндіру келісу барысында жүзеге асырылады;

2 2) өкілетті органдарынан, көлікжолдарының баланста ұстаушыдан, жол полициясы органынан, инженерлік желілердің иелерінен осы жер жұмыстарын өндірушілер келісу барысында төмендегі құжаттарды ұсынуға міндетті:

белгілі тәртіпте өңделген және бекітілген бас жоспар көшірмесін немесе жоба құжаттарын;
жұмыс өндірудің күнтізбекті кестесі;
жолдың бүлінген элементтерін қалпына келтіру туралы міндетте.";

6 6) 27 тармақ алынып тасталсын;

7 7) 40 тармақ алынып тасталсын;

8

8) 42 тармақ мынадай редакцияда жазылсын "Ерекшеленген аумақтардағы нысандарда (базарлар, жағадайлар, бақтар, емдеу-сауықтыру мекемелері) санитарлық-эпидемиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды орнатуға және құрылыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді, күл қоқыстарды жинауға, автокөліктерін жууға, шашылған шөлмектерді және ағаштарды сақтауға арнайы орын дайындау жүзеге асырылсын.";

9 9) 45 тармақтағы "жапырақтар саулап түскен шақтарда" сөздері алынып тасталсын, "болмайды" сөзі "рұқсат етілмейді" сөздерімен ауыстырылсын;

10 10) 47 тармақтағы "көктайғақтармен күресу үшін" сөздерін "көктайғақтарды тазалау үшін мынаны пайдалану қажет" сөздерімен ауыстырылсын;

11 11) 49 тармақ мынадай редакцияда жазылсын "Көшелердің өту жолдарын, алаңдарын, көпірлер, қиылыстарын, жоғары және ылдиларды механизмділік себу осы өндірістік жұмыстарды өткізуге конкурста жеңіп шыққан ұйымдар мен мекемелер құқылы.";

12 12) 34, 48, 52 тармақтарындағы "тыйым салынады" сөздері "рұқсат етілмейді" сөздерімен ауыстырылсын және 29 тармақта "жеке тұлғаларға" сөздерінен кейін "рұқсат етілмейді" сөздерімен толықтырылсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, экология, көлік, байланыс, халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Әбдіров Қ.С.) жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
Қарағанды қаласының
Қазыбек би атындағы аудан әкімі
А. Сәлімбаева
Қарағанды қаласы
Октябрь ауданының әкімі
А. Ессе
Қарағанды қаласы бойынша
мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық
қадағалау департаменті филиалының бастығы
Т. Хамитов
Қарағанды қаласы
Қазыбек би атындағы ауданның
ішкі істер басқармасының бастығы
М. Қашкеев
Қарағанды қаласы
Октябрь ауданының
ішкі істер басқармасының бастығы
Т. Нұрғалиев
Қарағанды қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлім бастығы
Е. Ахметов

Қолданыстағы