Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Уба в районе разработки Шемонаихинского месторождения песчано-гравийной смеси № 5 в Шемонаихинском районе и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Уба в районе разработки Шемонаихинского месторождения песчано-гравийной смеси № 5 в Шемонаихинском районе и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 86
- Қабылданған күні
- 07.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2016 79653_165703.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003301
- ЭКБ идентификаторы
- 79653
- Редакция идентификаторы
- 79653_165703
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:10
0 Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39,116,125,145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасынигеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін ұйымдастыру» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар белгіленсін:
1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймағының аумағында арнайы шаруашылыққа пайдалану режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Қ.Б. Байғонысов) «Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін ұйымдастыру» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Шемонаиха ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Ә. Шерубаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Су ресурстары жөніндегі
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
бассейндік инспекциясы басшысының
міндетін атқарушы
М. Мұздыбаев
2014 жылғы « 07 » 04
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
басшысының міндетін атқарушы
Ғ. Сүлейменов
2014 жылғы « 08 » 04
7 Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
« 07 » сәуірдегі
№ 86 қаулысына
қосымша
Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының
№ 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы
Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені, (метр)
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа
ені, (метр)
Уба өзені, Шемонаиха кен орнының «№ 5 құм-қиыршықтас қоспасының тұсындағы оң жағалау
1,30
90,0
500
1,96
6,5
35
📌 Ескертпе.
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін ұйымдастыру» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.