О внесении изменений в решение маслихата города Семей № 50/276-V от 25 февраля 2016 года «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Семей № 50/276-V от 25 февраля 2016 года «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
- Атауы (қаз.)
- Семей қаласы мәслихатының «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» «2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/276-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46/306-VI
- Қабылданған күні
- 06.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2020 137306_477247.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VB006423
- ЭКБ идентификаторы
- 137306
- Редакция идентификаторы
- 137306_477247
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:29
0 Семей қаласы мәслихатының «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы»
«2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/276-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Семей қаласы мәслихатының «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібінің қосымша ережелері туралы» 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/276-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4447 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспе бөлімі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
осы шешімнің қосымшасының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
Митингілер мен жиналыстарды өткізу орындары:
«Ажалдан да күшті» монументіне іргелес оң жақтағы (Биологиялық орталық жағынан) алаң;
М. Әуезов атындағы алаң;
Жамақаев көшесіндегі Ленин ескерткіші жанындағы саяжол (аллея);
Абай атындағы алаң;
орталық алаң;
бұрынғы көлік жөндеу зауыты (Мелькомбинат аумағы);
«Энергетик» шағын ауданы («Семей-Водоканал» КМК аумағы).