О внесении изменений в постановление акимата Кызылжарского района № 565 от 5 декабря 2011 года "Об организации общественных работ в Кызылжарском районе в 2012 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кызылжарского района № 565 от 5 декабря 2011 года "Об организации общественных работ в Кызылжарском районе в 2012 году"
- Атауы (қаз.)
- "2012 жылы Қызылжар ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қызылжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 565 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47
- Қабылданған күні
- 02.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2013 63375_180703.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SH000161
- ЭКБ идентификаторы
- 63375
- Редакция идентификаторы
- 63375_180703
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:10
0 "2012 жылы Қызылжар ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қызылжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 565 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31, 37-баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-тармағына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «2012 жылы Қызылжар ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қызылжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 565 қаулысына (2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 13-8-158 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 13 қаңтарда «Маяк» газетінің № 2 (5344), 2012 жылғы 13 қаңтардағы «Қызылжар» газетінің № 2 (444) жарық көрген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Қаулының 5 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5. Қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс анықталсын:
Өтінілген жұмыс орын қажеттілігі санында - 404 адам;
Бекітілген жұмыс орын қажеттілігі санында - 404 адам.»
осы қаулының қосымшасына сәйкес қаулы қосымшасының 4 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Е. Рамазановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4 Қосымша
аудан әкімдігінің
2012 жылғы 2 ақпандағы № 47
қаулысымен бекітілді
Қосымша
аудан әкімдігінің
2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 565
қаулысымен бекітілді
2012 жылға арналған қаржыландыру көзі және қоғамдық жұмыс көлемдері, түрлері, ұйымдар тізбесі
№
р/
с
Ұйымдардың атауы
Төленетін
қоғамдық
жұмыс
түрлері
Жұмыс көлемі
адам
саны
қоғамдық жұмыстардың
ұзақтығы (айлар)
Қаржыландыру көздері
4
"Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
1. Селолық елді мекендерді абаттандыруға көмек көрсету
көшелер мен аумақтарды қоқыстардан тазалау - 933630 ш.м., аумақты қардан тазалау - 13975 ш.м., орындықтарды сырлау - 30 дана, бағандарды сырлау - 40 дана, ағаштарды кесу - 1390 дана, бүркекті тазалау-10 ш.м., гүл егілетін жерді қазу - 2140 ш.м., гүлдердің арам шөбін жұлу - 2900 ш.м., жол бойындағы шөптерді шабу- 10400 м., дуалдарды жөндеу - 45 м.
16
12
Аудандық бюджет
2. Шаруашылық кітабындағы жазбаларды нақтылау үшін үй басы аралап шығу
5672 ауланы - үй басы аралап шығу
24
12
Аудандық бюджет
3. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсету
Істерді қалыптастыру - 572 іс
6
12
Аудандық бюджет
4. Тұрғылықты тұратын мекен-жайы бойынша халықты тіркеуге және құжаттауға көмек көрсету
3000 іс (құжаттарды қабылдау, картатекамен жұмыс)
4
12
Аудандық бюджет
5. Қоғамдық автобустарда бақылаушы ретінде көмек көрсету
10000 (билеттерді сату)
2
12
Аудандық бюджет
6. Қоқыс тастайтын жерлерді абаттандыруға қатысу
қоқыс тастайтын жерлерді абаттандыру - 3630 ш.м.
2
12
Аудандық бюджет
7. Құжаттарды сақтауға дайындауға және өңдеуге көмек көрсету
5950 іс (келетін құжаттарды сұрыптау, тігу және жапсыру)
8
12
Аудандық бюджет