Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата № 6С 9/10 от 22 февраля 2017 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района»

Ереже · № 6С 10/4 · қабылданған 28.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-6-910-22-2017/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата № 6С 9/10 от 22 февраля 2017 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района» Күшін жойған Ереже ·№ 6С 10/4 ·28.04.2017
17.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата № 6С 9/10 от 22 февраля 2017 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 6С 10/4 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата № 6С 9/10 от 22 февраля 2017 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района»
Атауы (қаз.)
Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С 10/4
Қабылданған күні
28.04.2017
Көрсетілген редакция
17.11.2023 112329_667261.kaz
Соңғы өзгеріс
17.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BE005951
ЭКБ идентификаторы
112329
Редакция идентификаторы
112329_667261
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:14

0 Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9 - тармақтың 1) - тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

1 «1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларына;
Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына;»;
9 - тармақтың 4) - тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

4 «4) Отбасына (азаматтарға) өмірлік қиын тіршілік жағдайы туындағаннан кейін, он екі айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша отбасының (азаматтың) табысына байланыссыз бір жолғы көмек:

табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) келген жағдайда «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Атбасар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде, жүз отыз екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік мәні бар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен - АИТВ) аурулармен ауыратын тұлғаларға, денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі негізінде облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен, жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға бес айлық көрсеткіш мөлшерінде;».

2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Атбасар ауданының әкімі
___________ А.Н. Никишов
«28» сәуір 2017 жыл

Қолданыстағы