О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан № 65 от 7 апреля 2023 года «Об утверждении стандарта организации оказания медицинской реабилитации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан № 65 от 7 апреля 2023 года «Об утверждении стандарта организации оказания медицинской реабилитации»
- Атауы (қаз.)
- «Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 152
- Қабылданған күні
- 28.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2023 186786_656949.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033497
- ЭКБ идентификаторы
- 186786
- Редакция идентификаторы
- 186786_656949
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:34
0 «Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Медициналық оңалтуды көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32263 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
16-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) үшінші кезең - медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторийлерде ұзақтығы күніне кемінде 3 сағат мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде, сондай-ақ үйдегі стационарларда, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету арқылы медициналық оңалту жүргізу.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Медициналық оңалтуға көрсетілімдер осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ересектер үшін, 4-қосымшаға сәйкес балалар үшін тіршілік әрекетінің жұмыс істеу бұзылысы және шектеу дәрежесі болып табылады.
Кез келген кезеңде медициналық оңалту іс-шаралары жүргізілген пациентке тіршілік әрекетінің жұмыс істеу бұзылысы және шектеу (ОБШ-0) болмаған жағдайда медициналық оңалтуды жалғастыруды қажет етпейді.
Тіршілік әрекетінің жұмыс iстеу бұзылысы және шектеуі бар (ОБШ-1) пациент медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.
Тіршілік әрекетінің жұмыс iстеу бұзылысы және шектеуі орташа (ОБШ-2) немесе айқын (ОБШ-3) көрінетін пациент медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.
Тіршілік әрекетінің жұмыс iстеу бұзылысы және шектеуі айқын (ОБШ-3) немесе өрескел көрінетін (ОБШ-4) пациент медициналық оңалтудың екінші кезеңіне немесе медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.
Тіршілік әрекетінің жұмыс iстеу бұзылысы және шектеуі өрескел көрінетін (ОБШ-4) пациент объективті себеппен мекемеде оңалту курсынан өте алмаған жағдайда, медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.
Бірінші кезеңде медициналық оңалту іс-шаралары жүргізілгеннен кейін жағдайы өзгермеген, жұмыс істеуі бұзылысы мен шектеуі аса ауыр дәрежедегі (ОБШ-5) пациент оңалту әлеуеті пайда болғанға дейін паллиативтік көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жіберіледі.
Тіршілік әрекетінің жұмыс істеу бұзылысы және шектеуі аса ауыр дәрежелі пациенттер алғашқы үш айда ай сайын, кейіннен үш айда бір рет қайта бағалауға жатады және тіршілік әрекетінің жұмыс істеу шектеуі көрсетілімдері жақсарған кезде және (немесе) оңалту әлеуеті пайда болғанға дейін оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жіберіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.