О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан «О заимствовании исполнительным органом местным Мангистауской области» № 747 от 14 июня 1999 Күшін жойған
Басқа 0
«Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органының қарыз алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 маусымдағы № 747 Қаулысын іске асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімінің 04.10.2004 № 58 шешімімен.
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына және "Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 маусымдағы № 747 Қаулысына сәйкес
ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Заңмен белгіленген тәртіпте облигациялык заем шығару арқылы инвестициялык жобаларды іске асыруға қазақстандық қор рыногындағы қаржылық қаражатты қарызға алу шегі 400 (төрт жүз) млн. теңге көлемінде бекітілсін. Ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен бюджеттік сыныптама коды бойынша облыстық бюджеттін кіріс және шығыс бөлігіне қосылсын.
Аталған мәселе облыстық мәлихаттың кезекті сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Инвестициялық жобаларды қарау және бекіту үшін комиссия құрылсын және оның құрамы бекітілсін (№ 1 Қосымша).
Тармақ 3
3. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу шарттары мен тәртіптері бекітілсін. (№ 2 Қосымша).
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің орынбасары Қ.Б.Шалғымбаевқа Маңғыстау облысының Әкімі мен "Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның облигацияларды орналастыруды жүзеге асыруға арналған өтінімдеріне қол қою, есепке алу және меншік құқығын облигацияға ауыстыра көшіру құқығы берілсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасының бастығы С.Б. Шаметоваға осы шешімнің 3 тармағына сәйкес, Шарттар негізінде, екінші деңгейдегі банктермен кредиттік келісім-шарттар жасасуына құқық берілсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің іске асырылуына бақылау жасауды өзімде қалдырамын.
Басқа 7
Облыс әкімінің
1999 жылғы «22» 06 № 156
№ 1 Қосымша
Инвестициялық бағдарламаларды
қарауға және бекітуге арналған
комиссияның кұрамы
Аманқұлов
Жұмагелді Рахышұлы - облыс әкімінің бірінші орынбасары
комиссия төрағасы
Шалғымбаев
Қамбар Басарғабызұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Рахметов
Ерлан Оразұлы - облыс әкімінің орынбасары;
Куандыков
Мұрат Кеңесұлы - облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдау;
басқармасының бастығы;
Құдайбергенов
Амангелді Ахабынұлы - облыстық қазынашылық басқармасының
бастығы;
Тимофеенко
Галина Ивановна - облыстық әділет баскармасының бастығы;
Шаметова
Светлана Борисовна - облыстық қаржы баскармасының бастығы.
Басқа 8
Облыс әкімінің
1999 жылғы «22» 06. №156
№ 2 Косымша
Екінші деңгейдегі банктердің
кредиттеу тәртібі мен шарттары
Осы шарттар "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңына, "Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар, 1997 жылғы 23 желтоксандағы № 154 Жарлығына, "Маңғыстау облысы жергілікті аткарушы органының қарыз алуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 маусымдағы № 747 Қаулысына сәйкес әзірленді және облигациялар шығарудан тапкан акша есебінен облыс әкімінің кредиттеу мақсатын, шарттарын, тэртіптерін және осыдан туындайтын жактардык негі згі міндеттемелерін айкындап белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Кредиттеу - сыйлықтауды (мүдделарді) төлей отырып белгілі мерзімге қайтарымды негізде ақша қаражатын бөлу.
Тармақ 1.2
1.2. Кредиттеудің көзі - "Қазақстан қор биржасы" жабыұ акционерлік қоғамының сауда – саттығында, бағалы қағаздарды алғашкы орналастыру жөніндегі аукционда сатылған шығарылған облигациялардан тапқан ақша қаражаты болып табылады.
Тармақ 1.3
1.3. Кредиттерді алушы Манғыстау облысының аймақтық инвестициялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде жобаларды кредиттеуді жүзеге асырушы екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - заемщик) болып табылады..
Тармақ 1.4
1.4. Кредиттер беруді облыс әкімінің шешіміне сәйкес облыстық қаржы басқармасы арқылы (бұдан әрі - кредитор) облыс әкімі жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Қаржыландыру мақсаты және көздері
2. Қаржыландыру мақсаты және көздері
Тармақ 2.1
2.1. Кредит, тиісті жылға арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес облыстық бюджетте көзделген сома шегінде және мақсатқа сай беріледі.
Кредиттеудің негізгі мақсаты мыналар болып табылады:
-аймактық инвестициялық бағдарламаны орындау;
-облыстық экономикалық салаларын қолдау.
Тарау 3. 3. Кредиттеу шарттары
3. Кредиттеу шарттары
Тармақ 3.1
3.1. Кредиттеу, жактардың өзара міндеттемелері мен экономикалық жауапкершіліктерін айқындайтын осы шарттар мен Қазақстан Республикасының өзге де қалыптық актілерін есепке ала отырып Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес Кредитор мен Заемщиктің арасында жасалынған келісім-шарт негізінде, облыс әкімінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Кредитор мен Заемщиктің арасындағы келісім-шартты облыстык қаржы басқармасы әзірлейді және оны облыс әкіміне табыс етеді.
Тармақ 3.2
3.2. Кредиттеу мақсаткқ сайлығы бойынша жүзеге асырылады.
Кредит берудіғ міндетті түрдегі шарты, облыстық бюджеттің қаражаты есебінен қалалық және аудандық бюджеттерді қаржыландырудан басқасы, Заемщиктің кредитті қайтару жөніндегі өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етіп беруі болып табылады.
Тармақ 3.3
3.3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кредитті қайтару жөніндегі міндеттемелерін қамтамасыз етудің тәсілдері банк кепілдігі,кепілдік беру және мүлік кепілдігі болуы мүмкін.
Кредитті қайтару жөніндегі міндеттемелердің қамтамасыз етілуін растайтын кұжаттарды заемщик рәсімдейді және кредит берілгенге дейін табыс етеді.
Міндеттемелерін орындауды кепілді мүлік нысанында қамтамасыз ету мүлік кепілдігі туралы бөлек келісім-шартпен рәсімделеді. Мүлік кепілдігі туралы келісім-шартты рәсімдеудің тәртібі мен камтамасыз ету ретінде табыс еткен мүлік кепілдігін бағалау қолданудағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3.4
3.4. Кредитордың заемщиктің кредитін қамтамасыз етуге мүлік кепілдігі бойынша талаптарының көлемі , орындау мерзімін өткізуден келетін залалдарды, төленетін айыппұлдарды (өсімдер, айыппұлдар) , сондай-ак өзге де шығындарды орнына салғызудан келтірілген шығындарды өндіріп алуды камтамасыз етуді есепке ала отырып, оған берілген кредит пен сыйлыктаудың (мүдденің) сомасынан артық болуы тиіс.
Тармақ 3.5
3.5. Екінші деңгейдегі банктік өз заемщигіне кредит беруі , об-лыстық бюджеттік қаражаты есебінен қалалық және аудандық бюджеттердің кредиттерінен басқасы, бұрындары берілген кредиті бойынша мерзімі еткізілген берешектері жоқ болған жағдайда, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің ішкі кредиттік саясатына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 3.6
3.6. Кредиттеудің міндетті түрдегі шарты - кредитордың не уәкілетті органның заемщиктік табыс еткен жобасына сараптамалық баға жүргізу болып табылады.
Тарау 4. 4. Кредиттеу тәртібі
мен жақтардың міндеттемелері
4. Кредиттеу тәртібі
мен жақтардың міндеттемелері
Тармақ 4.1
4.1. Осы Шарттардың 3.1 тармағында көрсетілген Келісім-шарт, кредиттің мөлшері мен оның мақсатты бағытын, кредитті берудің шарттары мен оны өтеу мерзімін, заемщиктің кредитті қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін (мүдделерін) сыйлықтау мөлшерін, жақтардың келісім-шарт құжаттарын бұзган жағдайларында экономикалық ықпал қолдану шараларын, Кредитор бекіткен нысан бойынша заемщиктік акпарат пен есеп беру мерзімдерін және баска да шарттарын нақтылап белгілейді.
Тармақ 4.2
4.2. Кредитор, кредитті беруді рәсімдеу және оның қозғалысын бақылау кезінде алынған барлық ақпаратты заемщиктердің арнайы кредиттік істерінде (құжаттар жинағына) жүйелейді және барлық заемщиктер бойынша берілген барлық кредиттердің жүйеден тыскеры есебін жүргізеді.
Тармақ 4.3
4.3. Кредитор кредиттің мақсатқа сай пайдаланылуына, оның уақытылы әрі толық қайтарылуына, олар бойынша сыйлықтардың (мүдделер) төлемдеріне бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 4.4
4.4. Екінші деңгейдегі Заемщик банктер Кредитордың бірінші кезектегі сұрау салуы бойынша Келісім-шартта көзделген нысанмен мерзімде, тоқсанына кемінде бір рет кредиттік пайдаланылуы,өтелуі және қызмет көрсетілуі туралы ақпарат пен есепті табыс етуі міндетті.
Тармақ 4.5
4.5. Кредиттік қаражатын Кредитор екінші деңгейдегі банктік шотына аударады, мұнда инвестициялык жобаны іске асырушы олардың заемщиктері кредиттеледі . Барлық операциялар мен төлемдерді екінші деңгейдегі Заемщик-банк осы шарттармен және осы Шарттардың 1 тармағында көрсетілген келісім-шартпен көзделген ретте, кредиттік мақсатына сәйкес дербес өзі кредит есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 4.6
4.6. Кредитті қайтару жөніндегі қаражат пен оны пайдаланғаны үшін сыйлықтар (мүдделер) бюджетке түсірілген түсірілімге теңестіріледі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен, бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша облыстық бюджетке түсіріледі.
Тармақ 4.7
4.7. Кредит пен ол бойынша сыйлықтау (мүдделер) төлемін және кредитке байланысты баска да төлемді қамтамасыз етпеген немесе кредитті максатка сай емес пайдалануға жол берген заемщик Қазақ-стан Республикасының қолданудағы заңдарына сәйкес жауапкершілік артады.
Тармақ 4.8
4.8. Заемщиктік қайта кұрылуы және таратылуы жағдайында барлық кұкығымен келісім-шарт бойынша міндеттемелері қолданудағы заңдарға сәйкес заңды мирасқорына көшеді , мұның өзі келісім-шартты қайта рәсімдеуге және оны берілген кредиттер тізіліміне жазып көрсетуге әкеліп соғады.
Тармақ 4.9
4.9. Кредитордың кредиттердің күшін ұзарту, Казакстан Республикасының қолданудағы заңдарына сәйкес Заемщиктік кредит жөніндегі борышын қайта құрылымдау мәселелерін шешуге құқығы бар.
Тармақ 4.10
4.10. Осы Шарттардың 4.9. тармағында көрсетілген кредиттеу объектілерінің ерекшелігін есепке ала отырып кредитор, осы шарттарға және Қазақстан Республикасының қолданудағы заңдарына қайшы келмейтін және кредиттеудің тәртібін реттейтін, қосымша Шарттарды әзірлей алады.
Тармақ 4.11
4.11. Кредиттерді беру былайша жүзеге асырылатын болады:
- екінші деңгейдегі Заемщик-банктік тікелей кредиттеу әдісімен, ал ол өз кезегінде, инвестициялык жобаларды жүзеге асыратын шаруашылык жүргізуші субъектілерді кредиттейтін болады.
Тарау 5. 5. Кредиттеу ерекшелігі
5. Кредиттеу ерекшелігі
Тармақ 5.1
5.1. Облыс әкімі инвестициялық жобаларды орындауға арнап кредиттер бөлуі кезінде, оны облыстық мәслихат нақтылап дәлдейді және тиісті жылға арналған облыстық бюджетті бекітеді.
Жоспарланған қаржы жылында облигацияларды өтеу жөніндегі мідеттемелердің орындалуы жағдайында, займға қызмет көрсету жөіндегі кірістер мен шығыстар жоспарланған кезеңге арналған облыстық бюджеттік жобасында есепке алынады және облыстық мәслихаттың бекітуіне табыс етіледі.
Тармақ 5.2
5.2. Облыс әкімінің облигацияларды өтеу және кредиттерді қайтару жөніндегі міндеттемелерін орындауын құқықтық камтамасыз етілуі , олардың белгіленген мөлшерінде және мерзімінде өтелуіг көздейтін, облыстық мәслихаттың шешімі болып табылады.
Тармақ 5.3
5.3. Эмитирлік облигациялар мен кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізіледі. Кредиттік қайтарылымы Қазақстан Республикасының кірістер сыныптарына сәйкес облыстык бюджетке түсіріледі.
Тармақ 5.4
5.4. Облигацияларды шьіғарудан және сатып өткізуден облыстық бюджетке түсірілген акша каражаты түсірілімі датасы мен екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу датасы арасындағы уакытша айырмашылық болған кезде Кредитор аталған ақша қаражатын келісім-шарт негізінде екінші деңгейдегі банктерге, басқа да қаржы институттарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге орналастырады.
Тармақ 6
6. Ерекше шарттар
Тармақша 1
1)Кредитті алушы болып, инвестициялық жобаларды іске асырушы тікелей шаруашылық субъектілер бола алады. Бұл жағдайда Кредитор оларға қаржы операторлығы қызметін көрсетуге арнап екінші деңгейдегі банкпен келісім жасасады.
Тармақша 2
2)Екінші деңгейдегі банк шаруашылық жүргізуші субъектімен
кредиттік келісім жасасады, ал Кредитор соңғысынан кредитті қайтару жөніндегі тиісті қамтамасыз етілген кепілдігін қабылдап алады.