Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реализации постановления Правительства Республики Казахстан № 769 от 14 августа 1998 года “О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах”

Қаулы · № 152 · қабылданған 19.10.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-769-14-1998/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О реализации постановления Правительства Республики Казахстан № 769 от 14 августа 1998 года “О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах” Күшін жойған 19.10.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О реализации постановления Правительства Республики Казахстан № 769 от 14 августа 1998 года “О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах”

Күшін жойған Қаулы № 152 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации постановления Правительства Республики Казахстан № 769 от 14 августа 1998 года “О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах”
Атауы (қаз.)
“Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769-шы қаулысын жүзеге асыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
152
Қабылданған күні
19.10.1998
Көрсетілген редакция
19.10.1998 9870_260915.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98Z0001025
ЭКБ идентификаторы
9870
Редакция идентификаторы
9870_260915
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:30
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 “Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769-шы қаулысын жүзеге асыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 125 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңының 4-бабына және "Батыс Қазақстан облысында мемлекеттiк және басқа да ұлттық тiлдердi дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық кешендi бағдарламасына" сәйкес облыстың мемлекеттiк органдарында мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Облыстың мемлекеттiк ұйымдары мен мекемелерiнiң басшылары, Орал қаласының, аудандардың, селолық округтердiң әкiмдерi:

- "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңның 23-бабына сәйкес, мемлекеттiк iстiң барлық салаларында мемлекеттiк тiлдiң белсендi қолданылуы үшiн басым жағдай жасау қажеттiгiн ескере отырып, мемлекеттiң орындарда iс қағаздарын кезең-кезеңiмен қазақ тiлiне көшiруге байланысты iс-шаралар жоспарын жасап, жүзеге асыратын болсын;
- iс қағаздарын жүргiзу және ресми құжаттар әзiрлеумен шұғылданатын құрылымдар мамандарының мемлекеттiк тiлдi бiлуi мен оны мемлекет қаржысы есебiнен оқып-үйренудi кәсiби бiлiктiлiк талаптарының тiзбесiне енгiзiлсiн;
- 1999 жылғы 1 қаңтарға дейiн Ақжайық, Жаңақала, Жәнiбек, Казталов, Қаратөбе, Сырым және Орда аудандарында жоғары тұрған ұйымдармен қызметтiк хат-хабар, ақпарат алмасу, статистикалық және қаржылық есептер беру, сондай-ақ есептiң басқа да түрлерiн жасасу қосымша қаржысыз мемлекеттiк тiлде жүргiзу толықтай қамтамасыз етiлсiн, ал қалған аудандар мен Орал қаласында iс қағаздарын жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiру "Батыс Қазақстан облысында мемлекеттiк және басқа да тiлдердi дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық кешендi бағдарламасы туралы" облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 15 қыркүйектегi N 139 шешiмiне қоса тiркелген N 2 қосымшада белгiленген кестеге сәйкес жүзеге асырудың қажеттi шаралары алынатын болсын:
- облыстың мемлекеттiк ұйымдары мен мекемелерiнде iшкi мүмкiншiлiктер есебiнен штат кестелерiне қазақ тiлiнде iс жүргiзушiлер мен аудармашылардың лауазымдарын енгiзу арқылы мемлекеттік тілді іс қағаздарын жүргізуге енгізу жөнінде құрылымдық бөлімшелер құру ісі толық шешімін тапсын;
- қаланың және аудандардың барлық атқарушы органдары қабылдайтын шешiмдердiң мемлекеттiк тiлде шығарылуын қамтамасыз етсiн;
- облыс әкiмi аппаратының жалпы бөлiмi мен облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының тiлдердi дамыту жөнiндегi бөлiмi атқарушы органдардан келiп түскен мемлекеттiк тiлдегi құжаттардың сапасын оқтын-оқтын сараптап өткiзiп, оны жақсарту жөнiнде облыс әкiмiнiң атына ұсыныстар енгізіп отыратын болсын;
- барлық мемлекеттiк органдардың мөрлерi мен мөртабандары, бланкiлерi, маңдайша жазулары мен басқа да деректемелерi, көрнекi ақпараттары "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңның 21-бабына сәйкес рәсiмделуi қатаң қадағалансын;
- атқарушы органдар 2000 жылға дейiн өздерiнiң ресми шараларын, алқа мәжiлiстерi мен түрлi жиындарын өткiзетiн залдарын iлеспе аударма жасауға қажеттi техникалық құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз етсiн.

2. Облыстық әдiлет (Ешматов) және iшкi iстер (Рахымжанов) басқармалары жұртшылықтың тiлдiк қажеттiлiгiн өтеу және тiларалық салада азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшiн ведомстволық органдарында мемлекеттiк аударма қызметiн құру мәселесiн шешетiн болсын.

3. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы (Қарағойшин) мемлекеттiк тiлдi үйрету мен iс қағаздарын енгiзу бойынша министрлiкте әзiрленудегi кешендi компьютерлiк бағдарламаларды жүзеге асыру шараларын қарастырсын.

4. Облыстың жоғары және арнаулы орта дәрежелерi оқу орындарының басшылары 1998-1999 оқу жылынан бастап, оқу бағдарламаларына "Қазақ тiлiнде iс қағаздарын жүргiзу" арнайы курсын ашатын болсын.

5. Облыстық жалпы пайдалану жолаушы көлiгi (Ғалиев), "Ақжол" АҚ, Батыс Қазақстан темiр жолы Орал филиалы (Сахтанов) басқармалары салаларын мемлекеттiк тiлдегi сапалы анықтама-ақпараттармен қамтамасыз етсiн.

6. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Тәжмұқанов) облыс және аудандар орталықтарындағы кенттер (поселке) мен селолардағы жұртшылыққа қызмет ететiн байланыс тораптарын қазақ қарпiлi аппараттармен, сондай-ақ қазақ тiлiнде қызмет жасай алатын кадрлармен қамтамасыз ететiн болсын.

7. Осы шешiмнiң жүзеге асырылуына облыстың мемлекеттiк ұжымдары мен мекемелерiнiң бiрiншi басшылары және аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi тiкелей жауапты.

Оны үйлестіру мен бақылау облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасына жүктелсiн.
Аталмыш басқарма бұл шешiмнiң орындалуы жөнiнде жыл сайын 1 қазанға облыс әкiмiнiң аппаратына ақпарат берiп отыратын болсын.