О внесении изменений в решение акима Сырдарьинского района № 8 от 8 ноября 2018 года «Об образовании создании избирательных участков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Сырдарьинского района № 8 от 8 ноября 2018 года «Об образовании создании избирательных участков»
- Атауы (қаз.)
- «Сайлау учаскелерін құру туралы» Сырдария ауданы әкімінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 10.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2019 134631_420470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19LH006915
- ЭКБ идентификаторы
- 134631
- Редакция идентификаторы
- 134631_420470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:33
0 «Сайлау учаскелерін құру туралы» Сырдария ауданы әкімінің 2018 жылғы 8 қарашадағы №8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2 тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Сырдария ауданы әкімінің 2018 жылғы 8 қарашадағы №8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6505 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 7, 9, 10, 11, 12, 16, 18 – қатарлары мынадай редакцияда жазылсын:
7
№160
«Қалжан Ахун ауылдық округі әкімі аппаратының Қалжан Ахун ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қалжан Ахун ауылдық округі
9
№162
«Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының Ақжарма ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ақжарма ауылдық округі
10
№163
«Шаған ауылдық округі әкімі аппаратының Шаған ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Шаған ауылы: Абай Құнанбаев, Ардагерлер, Аманкелді Иманов, Әділ Атақаев, Бейбітшілік, Ғани Мұратбаев, Достық, Есет би, Жұбатқан Бекпанов, Әбілқасым Тұйғынов, Қатира Мыханова, Наурыз, Рамазан Оразғалиев, Тәліп Әлжанов көшелері және Аманкелді Иманов, Есет би, Жұбатқан Бекпанов тұйықтары
11
№164
Сырдария аудандық білім бөлімінің «№37 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шаған ауылы: Ергеш Адаев, Аябек, Жүсіпәлі Омаров, Әби Омаров көшелері және Шешен, Жартықұм қоныстары
12
№165
«Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімі аппаратының Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Н.Ілиясов ауылдық округі
16
№169
«Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының Аманкелді ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Аманкелді ауылдық округі
18
№171
«Айдарлы ауылдық округі әкімі аппаратының Ғафурдин Жанұзақов атындағы ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Айдарлы ауылдық округі
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Сырдария аудандық
сайлау комиссиясымен