Об информации "О ходе выполнения в области Постановления Правительства РК № 839 от 04.09.98 г. "О неотложных мерах защиты населения от туберкулеза в Республике Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
Облыста ҚР Үкіметінің 04.09.98ж. № 839 «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмес шаралары туралы» Қаулысын орындау барысы туралы» ақпарат туралы
📌 Ескерту. Шешімнің қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2005.01.17 N 1-12/40 хатымен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қ.К. Ермекбаевтың «Облыста ҚР Үкіметінің 04.09.98 ж. № 839 «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмес шаралары туралы» Қаулысын, облыс әкімнің 29.09.1998 жылғы № 138 облыс халқының денсаулығын жақсартудың бірінші кезектегі мәселелері туралы шешімін орындау жөніндегі ақпаратын тыңдай келіп, облыстық Мәслихаттың сессиясы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстың медицина мекемелері туберкулезге қарсы күресте едәуір жұмыстар атқаруда деп атап өтеді. Облыста Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының туберкулез сырқатын төмендетуге ықпал ететін тәсілдемесі енгізілген. Туберкулезге қарсы күрес мәселесі облыстық, қалалық және аудандық үйлестіру кеңестерінде, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қасындағы алқа мәжілісінде үнеиі қаралады. Облыста 47 бактериоскопиялық лаборатория, 190 патологиялық материалдар жинау пункттері ұйымдастырылып, ашылған. 1999 жылда және 2000 жылдың бірінші тоқсанында туберкулез сырқаты бар деген 52 мың адам тексерілген, соның ішінде 204 ауру адам анықталған. Диспансерлік есепте 12606 адам тұрады, соның 3200-і туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар, облыста жыл сайын туберкулезбен сырқаттанған 1700-1900 адам анықталады, соның 50,8 проценті туберкулездің ашық түрімен ауыратындар. Сауығып шыққандардың саны 1997 жылғы 63 проценттен 1999 жылы 81 процентке дейін өсті.
Соған қарамастан облыстың медицина мекемелерінде халықты туберкулезден қорғауда аутарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар бар. Туберкулездің эптдемиологиялық жағдайы сырқаттанушылар және қайтыс болғандардың саны жоғары көрсеткішімен сипатталады. 1998-1999 жылдар және үстіміздегі жылғы бірінші тоқсандағы жағдайды талдағанда туберкулезге қарсы күрестің жаңа стратегиясын іске асырудың арқасында сырқаттанғандар және қайтыс болғандардың төмендей басталды, бірақ бұл көрсеткіштер әлі де болса көп болып отыр. Селолық жерлерде бактериоскопиялық лабораториялардың жабдықталуы нашар екені байқалады, флюорография мүмкіндігі толық пайдаланылмайды. Айталық үстіміздегі жылғы бірінші тоқсанда жоспарлы флюрографиялық тексеріспен облыс тұрғындарының 26,4 проценті қамтылғын, селолық аудандарда бұл көрсеткіш 13,8 процент. Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау аудандарында бұл тексерістер шын мәнінде жүргізілмейді, қолда бар флюороқондырғылардың жартысы жүмыс істемейді, соның нәтижесінде өткен жылы тәуекел тобына енген адамдар тексерілмей қалған. Қазақстан Республикасының 10.12.99ж. № 496-1 «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды күштеп емдеу туралы» Заңы толық орындалмайды, ІІМ жүйесіндегі еңбекпен түзеу мекемелерінде туберкулезге қарсы жұмысы тиімді жүргізілмейді. Тубекркулездің тұрақты түрімен ауыратын адамдарды емдеуге арналған туберкулезге қарсы қолданатын дәрі-дәрмектерді сатып алу мәселесі толық шешілмеген. Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Сәтпаев қалаларында сырқаттар мен осы сырқат түрімен ауратындар көп болуы жиіледі. Туберкулезге қарсы күрес мекемелерінің материалдық базасы және сырқаттарды күту жұмыстары төмен деңгейде. Аурудың алдын алуда санитарлық-ағарту жұмыстары және тұрғындарды туберкулезден қорғау шаралары, салауатты өмір салтын қалыптастыру, әсіресе селолық жерлерде нашар жүргізілуде.
Облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қ.К. Ермекбаевтың «Облыста ҚР Үкіметінің 04.09.98ж. № 839 «Қазақстан Респпубликасы халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмес шаралары туралы» Қаулысын орындау барысы туралы» ақпараты назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К. Ермекбаев), қалалар мен аудандардың әкімдері, емдеу-профилактика мекемелерінің басшылары ҚР Үкіметінің № 839 қаулысының облыста осы сырқаттың алдын алу, емдеу және одан әрі тарауына жол бермеуге бағытталған, туберкулезге қарсы шараларды сөзсіз орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К. Ермекбаев):
-туберкулезбен ауырғандарды дер кезінде анықтап және емдеу, оларға емдеу мекемелерінде тиісті жағдайлар жасауға, тиісті нормаларға сәйкес арнайы дәрі-дәрмек және азықпен қамтамасыз етуге, емдеу-профилактика мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайтуға, оларды лабораториялық жабдықтармен, көлік құралдарымен қамтамасыз етуге қажеті шаралар қолдануға;
-туберкулезге қарсы шараларды іске асыруға бөлінген қаражаттың дер кезінде пайдаланылуына тұрақты бақылау жасасын;
-1.11.2000 жылға дейін облыс тұрғындарын әсіресе, бірінші кезекте селолық аудандарда жоспарлы флюорографиялық тексеруден өткізуді аяқтасын;
-осы шешімді орындауға бағытталған шараларды анықтау үшін бір ай ішінде алқаның кеңейтілген мәжілісін өткізсін;
-1.09.2000 жылға дейін 2001-2003 жылдары туберкулезге қарсы күрестің аймақтық бағдарламасын жасап, облыстық Мәслихатқа бекітуге ұсынсын;
-1.08.2000 жылға дейін аудан әкімдерімен бірлесе отырып туберкулезбен сырқаттанғандарды қымызбен емдеу тәсілін жасап, оны қолдану шараларын іске асырсын;
-«Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» газеттерінің редакцияларымен және облыстық телерадиокомпаниямен бірлесе отырып, бір ай ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында туберкулездің алдын алу және тұрғындарды қорғауды насихаттайтын тұрақты айдар ашсын.
Тармақ 4
4. Облыстық ІІББ (Н.М. Дейхин) жүктелсін:
-Қазақстан Республикасының 04.09.1998ж. № 839 «Казақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмес шаралары туралы» Қаулысының орындалуын, тергеу изоляторлары мен еңбекпен түзеу мекемелеріндегі азаматтарды емдеу мен күту, ведомстволық туберкулезге қарсы станционарлардың материалдық-техникалық базасын жақсартуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасына (бастықтың міндетін атқарушы А.К. Молотовник):
-2000 жылдың соңына дейін туберкулезге қарсы шараларды барынша қаржыландыруды қамтамасыз етіп, мұндай кезде азыққа, дәрі-дәрмекке, жанар майға, флюоропленкаларды алуға, флюорографиялық қондырғылар мен көлікті жөндеуге ерекше назар аударсын;
-облыстық бюджетті нақтылау кезінде облыстық дансаулық сақтау басқармасының туберкулезге қарсы шараларға қосымша қаржы бөлу жөнундегі ұсынысын қарасын.
Тармақ 6
6. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық, аудандық Мәслихаттардың хатшылары ҚР Үкіметінің халықты туберкулезден қорғау жөніндегі қаулысының орындалу барысын қарасын, жергілікті бюджеттерді жоспарланған кезде туберкулезге қарсы күресті орындауға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, тұрмысы нашар сырқаттарға материалдық көмек көрсетуге, емдеу-профилактика мекемелерінің қажеттеріне демеушілік көмек көрсетіп, қаржы бөлуді қарастырсын.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік мәдени даму және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия (С.М. Әдекенов) осы шешімнің орындалу барысын талдап, облыстық Мәслихаттың сессиясында 2001 жылдың бірінші жарты жылдығында қарауға ұсынсын.